тегін заңгерлік онлайн-сервис
Жасанды интеллект • 03 Шілде, 2025
ЖИ базасында алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды
LegalExpert.kz сервисін – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарының командасымен бірлесіп іске қосты. Жасанды интеллект базасындағы жүйе жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы неғұрлым күрделі жағдайларға дейін нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.