туабітті жүрек аурулары
Медицина • 23 Қазан, 2025
Алматыда балалардың туабітті жүрек ауруларын анықтау мәселелері талқыланды
Бүгін Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жүрек кінәраттарымен (ТЖА) туған балаларды ерте диагностикалау мен қолдау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, оған «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының директоры Мұрат Зауыров, University Medical Center клиникалық академиялық педиатрия департаментінің директоры, балалар кардиологы Татьяна Иванова-Разумова, UMC Жүрек орталығының балалар кардиологы Айкерім Жанатқызы қатысып, ата-аналар мен дәрігерлерге арналған ауқымды білім беру бағдарламасы туралы баяндады. Бұл бағдарлама жүректің туа бітті кеселдері жөнінде қоғамның хабардарлығын арттыра отырып, бұл дерттерді асқындырмай диагностикалауды дамытуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.