шағын кәсіпкерлік
Бизнес • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда шағын бизнестің салығы 3%-ға дейін төмендетілді
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары шағын бизнеске арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады. Бұл шешім 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында қабылданып отыр. Кодекске сай базалық мөлшерлеме 4% болып белгіленген. Десе де өңірлерге оны 2–6 пайыз аралығында реттеу құқығы берілген, деп жазады Egemen.kz.