ҚазМұнайГаз ҰК АҚ
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы өндірілді
Ақтаудағы «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да (ҚазМұнайГаз ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) жаңғырту жобасы аясында алғашқы маңызды нәтижеге қол жеткізілді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстары шеңберінде 740 тонна жол битумының бірінші партиясы өндіріліп, сапа паспорты алынды. Бұл жаңартылған өндірістік қуаттардың жұмысқа толық дайындығын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.