Қазақстан-Руанда
Президент • 28 Мамыр, 2025
Қазақстан-Руанда Президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Президент Поль Кагаменің Қазақстанға ресми сапармен келгеніне ризашылығын білдіріп, елдеріміз үшін мән-маңызы зор келіссөздер жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Африка құрлығының халықаралық ықпалы жылдан жылға күшейіп келеді. Қазақстан осы аймақтағы елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше мән беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.