Қобыланды батыр
Театр • 15 Желтоқсан, 2025
Парижде «Қобыланды батыр» эпосы сахналанды
Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртістері Францияға гастрольдік сапармен барып, Парижде «Қобыланды батыр» қойылымын сахналады. Хореографиялық элементтермен, ерекше көз тартарлық костюмдермен, домбыра мен қобыздың дауысымен көркемделген қойылым көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов пен Франциядағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова қойылымға арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 14 Мамыр, 2025
«Ер Тарғын» жырын хатқа түсірген жырау кім
Қазақтың «Қобыландысы» мен «Ер Тарғыны» туралы бәріміз білеміз. Бірақ бұл жырлардың ең көркем нұсқасы кімнің аузынан хатқа түскенін көбі біле бермейді. Бір ғасырға жуық уақыт бұрын дала төсінде жырды жанымен тербеткен Марабай Құлжабайұлының есімі бүгінде көп айтылмайды. Ал шын мәнінде, дәл осы жыраудың көмейінен шыққан сөздер арқылы қазақ эпосы алғаш рет қағаз бетіне түскен. Сол жырлар бүгінгі әдебиеттегі ең көркем, ең шынайы нұсқалар болып саналады, деп жазады Egemen.kz.