Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл
Зерде • 25 Желтоқсан, 2025
Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл
Ұлт-азаттық қозғалысының белсенді қатысушысы, биыл туғанына 145 жыл толып отырған Қоңырқожа Қожықұлы ең әуелі өзін жаңашыл мұғалім, табанды жәдитші ретінде танытқан-тұғын. Ол 1880 жылы Ресей империясына қарасты Түркістан өлкесі Перовск уезінің Хан ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданында) дүниеге келген.