қайырымдылық жасау
Наурызнама • 15 Наурыз, 2026
Қайырымдылық жасау күні: Елордада волонтерлер ыстық шай мен бауырсақ таратты
Қайырымдылық жасау күніне орай еріктілердің қатысуымен игі акция ұйымдастырылды. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Қайырымдылық жасау ұлт пен шекараға бөлінбейді - Газа аймағында ерікті болған жалғыз қазақ қызы
Жер-жаһанды қатыгездіктің қаптап кетуінен сақтап тұрған нәзік сезім бар. Ол – мейірім. Жүрек мейірімге толы болғанда, білек жамандыққа жуымайды. Тіршілікте қайырымдылық салтанат құрады. Бір-біріне қарайласқан жұрт барда, тұрмыс тұраламайды, әр шаңырақтан түтін түзу шығады. «Бес саусақ бірдей болмайтыны» мәлім ғой. Мұндайда әлемді айналасына Атымтай жомарттық жасайтын жандар құтқарады. Қазақ даласында атырабын малымен асырап, аштықтан аман сақтап, шалғай өңірде білім шырағын жағып, жиғанын руханият жолына сарпыған бай-бағландардың аты мәлім.