қытайлық компания
Инвестиция • 18 Қараша, 2025
7 гектар жер алды: Қытайлық компания Жамбыл облысында ерекше жобаны бастады
Аталған облыстың Жамбыл ауданына қарасты Әулиекөл ауылында қуаты 50 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясының (БГЭС) құрылысын бастауға арналған капсула салу салтанатты рәсімі «Жамбыл Invest: жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары» атты республикалық баспасөз туры аясында өтіп, оған облыс әкімі Ербол Қарашүкеев, инвесторлар өкілдері, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілі Жандос Рүстембаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.