ұлттық спорт күні
Спорт • Бүгін, 16:32
Наурыз қарсаңында ұлттық спортты ұлықтау – ұтымды үрдіс
Наурызнама күнтізбесіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күн төл спортымызды дәріптеуге, насихаттауға және оны заманауи үрдістермен ұштастыра отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды дата. Бүгінде елімізде асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды 11 ұлттық спорт түрі дамып келеді. Оның ішінде төртеуі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Халық ықыласы мен әлем мойындаған ұлттық спорт түрлерін ұлыстың ұлы күні қарсаңында айрықша бедерлеу сана мен тәнді серпілтіп қана қоймай, ұжымдық рух сыйлайтыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 20 Наурыз, 2025
20 наурыз елімізде Наурызнама онкүндігіне сай Ұлттық спорт күні тойланады. Ұлттық спорт - тек білек пен күштің сыналатын алаңы емес, баба тынысынан хабар беріп, елдік рухты көтеретін ұлт ұстыны, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 20 Наурыз, 2024
Ту ілген бүркітті Президенттің алдында ұшыруды армандаймын – құсбегі
Он күн тойланатын биылғы Наурыз мерекесі аясында бекітілген Ұлттық спорт күніне орай осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш рет көк байрағымызды ілген бүркітті самғатып, рекорд орнатқан құсбегі Ғабит Таңатовпен сұхбаттасқан едік.