20 мың адам
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Алматыда бір түнде 20 мың адам музейге барды
Алматыда аңыз тұлғалар «тірілді». Өткен түнде мегаполис музейлері театрландырылған қойылымдар мен перформанстар арқылы жанды тарих кеңістігіне айналды. Биыл жиырмасыншы рет өткен ауқымды акцияға 20 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.