2025 жыл қорытындысы
Экономика • 16 Ақпан, 2026
Таза пайда 7%-ға өсті: Өсім бойынша қай банк көш бастап тұр?
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) жиынтық таза пайдасы 2,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 7%-ға артты. 2026 жылғы 1 қаңтардағы дерекке сәйкес, банк активтерінің табыстылығы (ROA) 4,2%, ал меншікті капиталдың табыстылығы (ROE) 28,4% болды. Сектордың жиынтық меншікті капиталы 10,6 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 19,1%-ға ұлғайды. Жалпы пайданың 87%-дан астамы немесе 2,3 трлн теңгесі меншікті капиталы ең ірі 10 банкке тиесілі. Бұл – нарықтағы негізгі ойыншылардың қаржылық нәтижесі сектор тұрақтылығына тікелей әсер ететінін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылды қорытындылауға арналған алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралған алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
2025 жылы медиа саласында қандай өзгерістер болды?
Қазіргі кезде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар, оның 306-сы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа БАҚ тіркелді. 2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін жүйелі реформалар, институционалдық даму және кәсіби стандарттарды нығайту кезеңі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.