44 мыңнан астам іс-шара
ЖОЛДАУ • 25 Маусым, 2025
Балалар 44 мыңнан астам экологиялық іс-шараға қатысқан
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ата-аналар, педагогтер, оқушылар бірлесіп білім беру ұйымдарында 44 мыңнан астам іс-шара өткізген. Оның ішінде жаппай ағаш отырғызу, экологтар, өлкетанушылар мен натуралистер форумдары, экожобалар конкурстары және еріктілер акциялары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.