95%-дан астам респондент
Қазақстан • 30 Шілде, 2025
Елімізде этносаралық қатынастар тұрақты
Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 95%-дан астам респондент елдегі этносаралық қатынастарды тұрақты әрі қолайлы деп сипаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.