RG Brands Kazakhstan
Өндіріс • 23 Қазан, 2025
Қазақстанның Даму Банкі мен RG Brands Kazakhstan: отандық өндірістің табысты серіктестігі
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Алматы облысындағы Елтай ауылында баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараға республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал блогерлер, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Баспасөз турының негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдау тетіктерінің өңдеуші өнеркәсіптің дамуына, өндіріс үдерістерін цифрландыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға қосып жатқан үлесін нақты мысал арқылы көрсету болды. Іс-шара барысында қатысушылар өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысып, заманауи технологиялардың енгізілуі мен даму банкі тарапынан көрсетілген қаржылық қолдаудың нақты нәтижелерін көзбен көрді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ұсынылған қаржылық және институционалдық қолдау құралдары өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда маңызды рөл атқарып жатқанына тағы бір мәрте көз жеткізді, деп жазады Egemen.kz.