Turning Points Qazaqstan
Білім • 28 Қаңтар, 2026
«Turning points Qazaqstan» журналының алғашқы саны таныстырылды
Жүріп келе жатқан жолдың бір мезетте тұйыққа тірелгенін аңғарып, басқа жолға бұрылатын кездер бәрімізге таныс. Мұндай жағдайды алдын ала жоспарлай алмайсыз, бірақ кейін дәл осы шешім өміріңіздің ең маңызды бұрылысы болғанын түсінесіз. Интеллектуалдық сапарға шыққан қоғамдық сана да тағы бір бетбұрыстың алдында тұр. Жаңадан жарық көрген «Turning points Qazaqstan», еркін аударсақ «бетбұрыс белесіндегі Қазақстан» журналы сындарлы сәтте сыни ойлайтын, көзі ашық қоғамды қалыптастыруға бағатталған еңбегін бастап үлгерді, деп жазады Egemen.kz.