WorldSkills Kazakhstan
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan чемпионатына 15 жаңа құзыреттілік қосылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты әлі де жалғасып жатыр. Биыл чемпионатқа қатысушылардың саны 1,5 есе артқан. Мәселен, былтыр 548 оқушы қатысқан болса, биыл 825 студент қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.