Редакция таңдауы
Цифрлы келешек және ұлттық құндылықтар
Бүгінгі таңда ел Үкіметінің цифрлы кеңістікті дамыту бағдарламасының өз мақсат-міндеттері бар, оның түпкі негізі – халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру. Әрине, заманауи цифрлы технологиялардың озық үлгілерінің (IT-бағдарламалар, IT-құралдар және т.с.с.) өркениетті елдерден біздің қоғамдық өмірімізге кірігуінің жылдамдығы көз ілестірмейді: кеше ғана таныстырылымы өткен туындылар бүгінде қоғам колданысында. Ал оның бүкіл әлеуетін немесе залал-зардабын зерделеуге уақыт та, мүмкіндік те жоқ.
20 Қаңтар, 2021
Жарық дүние есігін ашқан әр пенденің өмір сүруге құқы бар. Алайда ана құрсағында тербелген нәрестенің өмірге келмей жатып, мұз құрсанған тоңазытқышта тұншығатынын кім білген? Аяқ-қолы жыбырлап, тірі жанның белгісін берген шарананың тағдыры адам жанына араша болатын ақ халаттылардың қолымен үзілді.
20 Қаңтар, 2021
Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық
«Egemen Qazaqstan» газетінің өткен сандарының бірінен тілші Фарида Бықайдың «Мәшһүр мұрасы – Ескелді бауырында» атты мақаласын ыждағатпен оқып шықтық.
20 Қаңтар, 2021
Еуропадағы биылғы жыл бірқатар саяси оқиғамен басталды. Біріншісі – Ұлыбритания ақыры Еуропалық одақ құрамынан шықты. Тұманды Альбион бұл ұйыммен түбегейлі ат құйрығын кесіспегенімен, ендігі жерде экономикалық тұрғыда ешкімге бағынышты емес. Екіншісі – Германиядағы Христиан-демократиялық одағының көшбасшысын таңдау. Яғни саяси тұрғыда канцлер Ангела Меркельдің ізбасары анықталды. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы екі оқиға кеңінен талқыланады. Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі Роберт Скидельский өз мақаласында Брекситтің себептеріне үңіліп көрген. Автордың пайымдауынша, Тұманды Альбионның одақ құрамынан шығуы уақыт еншісіндегі ғана шаруа еді. Өйткені тарихтағы оқиғалар Брекситтің бүгін болмаса, ертең басталатынын көрсеткен. Стенфорд университеті Гувер институтының ғылыми қызметкері Йозеф Йоффе Христиан-демократиялық одағының жаңадан сайланған төрағасы Армин Лашеттің алдағы саясатына көз жүгірткен. Мақала авторы жаңа төраға канцлер Ангела Меркельдің ұстанған саясатынан ауытқымайды деп есептейді. Сондықтан ол Германия келешекте «Меркель минус Ангела» саясатын, яғни Меркель бағытын Ангела ханымның өзінсіз-ақ жалғастыра беретінін айтады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
20 Қаңтар, 2021
Ескі техникадан құтылудың жолы
2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын утилизацияға қабылдау басталды. Жыл соңына дейін 2 380 аграрлық техника кәдеге жаратылады деп күтілуде.
20 Қаңтар, 2021
Тышқан жылының бас режиссері болған коронавирус пандемиясы айтылған болжамдарды күл-парша етіп, өз тәртібін орнатты. Нәтижесінде, мұнай бағасы еш ережеге бағынбастан құлдырап, теңге курсы қымбаттап кетті. Сәуірдің басында 1 доллар 448,52 теңгеге бағаланып, нарықта сілкініс тудырды. Шілдеде 434 теңгеге дейін нығайды. Қарашаның соңына қарай қайта әлсіреп, 28 желтоқсанда 1 доллар 419 теңгеге дейін күшейіп алды. Ал өткен аптаның соңында Қазақстан қор биржасында доллардың орташа курсы 419,45 теңгені құрады.
20 Қаңтар, 2021
Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды
Имандылықтың бастауы ұятқа барып тірелетіні хақ. Атам қазақ айтады: «Ұят кімде болса, иман сонда» деп. Имандылық – әр мұсылманның адал тірлігі, яғни Алла елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде көрсетілгендей: «Кімде-кім ниетін – имандылыққа, тазалыққа, тілін – шыншылдыққа, өзін – тыныштыққа, мінезін – туралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін – өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек, ол бақытты». Міне, имандылық белгісі.
20 Қаңтар, 2021
Еуропадағы биылғы жыл бірқатар саяси оқиғамен басталды. Біріншісі – Ұлыбритания ақыры Еуропалық одақ құрамынан шықты. Тұманды Альбион бұл ұйыммен түбегейлі ат құйрығын кесіспегенімен, ендігі жерде экономикалық тұрғыда ешкімге бағынышты емес. Екіншісі – Германиядағы Христиан-демократиялық одағының көшбасшысын таңдау. Яғни саяси тұрғыда канцлер Ангела Меркельдің ізбасары анықталды. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы екі оқиға кеңінен талқыланады. Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі Роберт Скидельский өз мақаласында Брекситтің себептеріне үңіліп көрген. Автордың пайымдауынша, Тұманды Альбионның одақ құрамынан шығуы уақыт еншісіндегі ғана шаруа еді. Өйткені тарихтағы оқиғалар Брекситтің бүгін болмаса, ертең басталатынын көрсеткен. Стенфорд университеті Гувер институтының ғылыми қызметкері Йозеф Йоффе Христиан-демократиялық одағының жаңадан сайланған төрағасы Армин Лашеттің алдағы саясатына көз жүгірткен. Мақала авторы жаңа төраға канцлер Ангела Меркельдің ұстанған саясатынан ауытқымайды деп есептейді. Сондықтан ол Германия келешекте «Меркель минус Ангела» саясатын, яғни Меркель бағытын Ангела ханымның өзінсіз-ақ жалғастыра беретінін айтады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
20 Қаңтар, 2021
Әлемде өзінің азаттығы үшін ғасырлар бойы күресін үзбей жалғастырған және түбінде қолын жеткізген ұлттардың бірі – қазақтар. Сондықтан халқымыз үшін Тәуелсіздік – киелі, қастерлі ұғым! Біз оның қадірі мен киесін түсінген елміз.
20 Қаңтар, 2021
Алдағы бағытымызды айқындап тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған ойлар халқымыз үшін аса маңызды. Бәріміз біліп отырғандай, көрші елдегі бірқатар азаматтар Қазақстанның территориясына, жер аумағына қатысты орынсыз пікір білдіріп, бұрыс көзқарас қалыптастырған болатын. Ел Президенті осы мәселені жан-жақты шешу, ақ-қараны ажырату мақсатында нақты саяси ұстанымын жеткізді.
20 Қаңтар, 2021
Сегізінші маусымдағы тың серпін
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сегізінші маусымы премьералармен ғана емес, сондай-ақ айтулы халықаралық байқаулар мен фестивальдерде қол жеткізген толайым табысымен есте қалмақ. Қазірдің өзінде балет солистері, оркестр музыканттары мен концертмейстерлер елеулі нәтижелерімен қуантып, қанжығаға байланған жүлде саны 28-ге жетті.
20 Қаңтар, 2021
Жамбыл облысында су басуы ықтимал 38 елді мекен анықталған
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев облыс аумағында су басудың орын алуы Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілуі және тау бөктеріндегі елді мекендерде еріген қар мен жаңбыр суларынан болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2021
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында Финляндияның «Йокеритін» ұтты
Бапкерлер құрамы өткен ойындағы командамен салыстырғанда бір ғана өзгеріс енгізген. Атап айтқанда, Джесси Блейкерді екінші жұпта Самат Даниярмен алмастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2021
«Мас судья»: Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексеру басталды
Алматы қалалық соты әлеуметтік желірде жарияланған «мас ер адамдарға» қатысты қызметтік тексерісті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қаңтар, 2021
Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
Ел чемпионы «Қайрат» командасына неміс шабуылшысы Штрели Мамба келді, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қаңтар, 2021
Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қаңтар, 2021
35 жастағы вице-министр қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қаңтар, 2021
Нәрестені мұздатқышта қатырып өлтіруге қатысы бар дәрігер сотта жанжал шығарды
Атырауда мұздатқышта қайтыс болған сәбидің ісі бойынша сот айыптыларға жаза кесті. Үкім бойынша, Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, Асқар Қайыржанды 16 жылға, Тамила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Осы өткен сотта жаза мерзімімен келіспеген дәрігерлер жанжал шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қаңтар, 2021
Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
19 Қаңтар, 2021
«Тобыл» алты футболшымен қоштасты
Алты футболшы Қостанайдың «Тобылынан» кетіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қаңтар, 2021