Редакция таңдауы
Қарағанды облысында көкпар ойынына деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, спорттың бұл түрін кешенді түрде дамыту қолға алына бастады. Бүгінде облыстың жаңадан іріктелген құрама командасы Үштөбе ауылындағы «Бәйтерек» қонақжайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
02 Наурыз, 2021
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Қазақстанда өткен тәулікте 893 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Наурыз, 2021
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» атты ғылыми-экспедиция мүшелері Өзбекстан Республикасы Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи бабамызға қатысты шежіре мен ислам әлеміне әйгілі 11 шайықтың есімі жазылған мөр тапты.
02 Наурыз, 2021
Өскеменнің әйгілі «Торпедо» клубы жуырда Қазақстанның Pro Ligasy тұрақты чемпионатында мерзімінен бұрын ел чемпионы деген атаққа қол жеткізді. 2005/2006 жылғы маусымда бас жүлдені олжалаған өскемендіктер, міне, араға 15 жыл салып Қазақстан біріншілігінде дара шықты.
02 Наурыз, 2021
1963 жылдың 15 желтоқсанында Лев Яшин әлемнің ең үздік футболшысы атанды. Әйгілі «Франс футбол» басылымы тағайындаған осы аса мәртебелі атақ оған дейін англиялық Стэнли Мэтьюз (1956), испаниялық Альфердо Ди Стефано (1957, 1959) мен Луис Суарес (1960), франциялық Раймон Копа (1958), италиялық Омар Сивори (1961) және чехословакиялық Йозеф Масопуст (1962) сынды санаулы ғана саңлақтарға бұйырған еді. Ал бұл жолы КСРО құрама командасы мен Мәскеудің «Динамо» клубының қақпашысы қарт құрлықтың теңдессіз футболшысы деп танылып, әр ойыншының арманындағы «Алтын допты» олжалады.
02 Наурыз, 2021
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
2021 жылдың 24 ақпанынан бастап еліміз Түркістан қаласынан Ыстанбұлға халықаралық рейстерді ашты. «Air Astana» және SCAT әуе компаниялары бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды.
02 Наурыз, 2021
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Жаһандық пандемия коронавирустан басқа да аса қауіпті кеселдерден әлем назарын бұрып әкеткенін көріп отырсақ та, жұқпалы ауруларды тежеу мәселесі жайбарақаттылықты көтермейді. Қазір елімізде туберкулез жөнінен эпидемиялық жағдай тұрақталғаны байқалады. Соңғы 10 жылда бұл кеселді жұқтыру 2,3 есе азайды.
02 Наурыз, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласында «Жомарт түлек-2021» кездесуі өтті. Аталған кездесу Жамбыл өңірінен шығып, бүгінде еліміздің әр саласында жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын жастарға насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушыларға әуелі «Тәуелсіздік жылнамасы» атты бейнефильм көрсетілді. Ол 1991 жылдан бастап Жамбыл облысында әр бес жылдықта атқарылған жұмыстарға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналды.
02 Наурыз, 2021
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Биыл Қостанай облысында жас отбасыларға қайтарымсыз баспана сертификаттары беріле бастайды. Бір сертификаттың құны – 3 млн теңге.
02 Наурыз, 2021
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 1 наурызда Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, елордалық дәрігерлерге арнап қайырымдылық акциясын өткізді.
02 Наурыз, 2021
Емі табылғанша талай адамның түбіне жеткен бұл ауру – туберкулез микобактериясы адам ағзасына түскеннен пайда болатыны белгілі. Бұл – жұқпалы және өте қауіпті кесел. Басқа инфекцияларға қарағанда, ол созылмалы болғандықтан, сақтандыру шаралары жолға қойылмаса, жұқтырған адамдар саны біртіндеп көбейе береді.
02 Наурыз, 2021
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Тәтті сусындарды тым көп ішу аса пайдалы емес екенін айтпаса да ішіміз сезеді. Алайда Сорбонна университетінің Эпидемиология және статистиканы зерттеу орталығының ғалымдары құрамында қанты бар сусындар, жүз пайыз жеміс шырындарын тұтынудың артуы мен қатерлі ісіктердің пайда болуы арасында байланыс бар екенін анықтап отыр.
02 Наурыз, 2021
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Үнемді өндіріс тақырыбы бүгінде өте өзекті саналады. Биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өзінің еншілес кәсіпорындары жұмысының бағытын анықтағанда, шығарындыларды азайтуға және үнемді өндіріс идеяларын алға жылжыту үшін энергиялық тиімді шараларды енгізуге ерекше назар аударды.
02 Наурыз, 2021
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Елімізде осы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Экологиялық кодекс қолданысқа енгізіледі. Мамандар бұл кодекс коршаған ортаның жай-күйін жақсарту бағытындағы бастамаларға үлкен серпін беретініне сенімді.
02 Наурыз, 2021
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
2019 жылы өзінің 90 жылдығын қарсы алған Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» («Қызыл ту») газетінің тарихында есімі айрықша құрметпен аталатын бірден-бір тұлға – Бейсенбай Кенжебаев. Ол 1929 жылы 15 ақпанда алғашқы нөмірі жарыққа шыққан округтік газеттің тұңғыш редакторы болып бекітілді. Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы әуелде Павлодар жеріне партия комитетінің жолдамасы және тапсырмасымен келгені анық. Ол өзіне жүктелген жауапкершілікті аз уақытта ойдағыдай атқарып шықты. Округтік «Кеңес туы» газетін аяғынан тұрғызып кетті. Бүгінде аталған басылым облыстық газет мәртебесін алған. Бұл редакциядан қазақ халқына белгілі бірталай ақын-жазушы қанат қағып шықты.
02 Наурыз, 2021
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Жуырда «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» ХXVІІІ Минск халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде ел павильонын Ұлттық академиялық кітапхана Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
02 Наурыз, 2021
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас
Бұрын ең соңғы үміт – ЭКҰ арқылы перзентті болу көбінесе бақуатты немесе ішпей-жемей аңсатқан сәби жолында қаражат жинайтындарға бұйырған бақ еді. Енді елімізде экстракорпоральды ұрықтандыру үдерісінің қолжетімділігі артып келе жатқанын қуана хабарламас бұрын, елімізде 11 мыңнан астам әйелдің бедеулік есебінде тұрғанын айта кету керек. Бұл ресми статистика ғана, шындығына келсек, сәбилі болуды аңсайтын отбасылар әлдеқайда көп.
02 Наурыз, 2021
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 наурыз күні Қазақстан аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Соған сәйкес бүгінде еліміздің бірде-бір өңірі «қызыл аймақтың» қатарында емес. Одан бір күн бұрын «қызарған» Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан «сары аймаққа» өтті. Бұған қоса бұл санатта Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары бар. Ал өзге өңірлер «жасыл аймақта».
02 Наурыз, 2021
Еуропа елдерінде қарттардың өмір сүруін қадағалау, олар үшін түрлі үйірмелер мен клубтар ашу, сол арқылы зейнет жасындағы азаматтардың өмір сүруге деген құлшынысын жоғалтпау жақсы қолға алынған әрі кәдімгідей қадағаланады. Бұл үлкендердің ғұмыр жасының ұзақ болуына да әсер етері сөзсіз.
02 Наурыз, 2021