Редакция таңдауы
Жуырда Ақтау қаласында жаңа мешіт салынады екен» деген ақжолтай хабар тарап, ел-жұрт жадырай қуанды. Қуанатыны – Алланың жердегі үйі саналатын қасиетті мешіт құрылысы қай мұсылман үшін де қастерлі, екіншіден, салынатын жаңа мешіт дін абызы, көп дін мен мың сан дүмшелер арасында «біздің жол қайсы?» деп дағдарған бүгінгі ұрпаққа дәстүрлі дініміздің темірқазығын сілтеген Ержан хазіреттің есімін еншілемек.
05 Қараша, 2020
Аймақтың әлеуеті артса, әлеуметтің жағдайы оңалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында өңірлерді дамытуға орай жауапты міндеттер белгіленген болатын. Президент пәрмені аймақтағы істердің атқарылуына серпін беріп, облыс әкімдерінің жұмысын ширата түскені анық. Осы орайда өңірлерде жүзеге асқан шаралар легі баршылық. Енді әкімдер орындалған міндет пен қол жеткен нәтиже жайында жұртты құлағдар етіп, есеп беруге кіріседі.
05 Қараша, 2020
Әли Бектаев: Ауыл дамымай, қала жарымайды
Бүгінде елді мекендердің еңсесін тіктеп, тамырына қан жүгірту мақсатында түрлі қадамдар жасалып жатыр. Соған қарамастан, ауылды дамыту күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселеге айналды. Сапалы білім, медицина, инфрақұрылым жоқ. Тұрғындар білікті мамандарға зәру. Табыс көзінің тапшылығынан жұрт көшіп, ауылдар қаңырап жатыр. Ал ауылды дамыта алмайтын болсақ, қаланы да қарық қылып жарыта алмайтынымыз ақиқат. Бұл ретте, біз ауылдағы жағдайдың жай-жапсарын сұрап, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевпен әңгімелескен едік.
05 Қараша, 2020
Қаза тапқандар саны 114-ке жетті
Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы мәлімдеді.
05 Қараша, 2020
Кариб теңізінде басталған «Эта» дауылының екпіні күшейіп келеді. Сарапшылардың болжауынша, алдағы тәулікте долы жел одан сайын құтырып, оның деңгейі бесінші санатқа жетуі мүмкін. Дегенмен АҚШ Ұлттық орталығының хабарлауынша, «Эта» үйіріп соққанымен, жылжу қарқыны бәсеңдеу. Қазіргі таңда желдің жылдамдығы секундына 54 метрге жеткен. Соған қарамастан, дауылдың жылдамдығы кез келген сәтте артып кетуі ықтимал.
05 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбеков қатысты.
05 Қараша, 2020
10 қаңтарда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді
2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.
05 Қараша, 2020
Солтүстік Қазақстандағы эпидемиялық ахуал тұрақсыз болып отыр. Жергілікті билік бұған дейін де бірқатар шектеу шараларын жүргізгенімен жағдай оңалмады. Облысқа Ресейден жиі келетін жолаушылардың жаман індетті әкелу үдерісі жалғасып отыр. Ол бүгінгі таңда барлық дертті адамдардың 40 пайызына жуығын қамтыған.
05 Қараша, 2020
Қостанай облысында карантин талабы қатая түсті
Қостанай облысында кітапхана, музей, галереяларға, сондай-ақ, өнерсүйер қауым көп жиналатын көрмелерге 65 жастан асқан адамдардың бас сұғуына тыйым салынды. Мәдени нысандарға келушілердің саны 30 адамнан аспауы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2020
Алматы әуежайында ПТР анықтамасы жоқ 258 жолаушы анықталды
Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қалалық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті жауапты құрылымдармен бірлесіп тұрақты түрде елімізге шетелден келген азаматтарға мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2020
9 қарашадан бастап Павлодар облысында шектеу шаралары қабылданады
COVID-19-дың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2020
Білім сапасын бейнекамералар бақылайтын болады
Алматыда орта білім беретін 205 ұйымға қосымша бейнебақылау жүйесін орнату көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде балалар қауіпсіздігімен қатар, білім сапасын қадағалауға да мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2020
Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашылады
Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қараша, 2020
"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
57 үміткер "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2020
"BANK RBK" Директорлар кеңесінің Төрағасы сайланды
"BANK RBK" АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Болат Жәмішев сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Қараша, 2020
Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтіледі
COVID-19-дың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қараша, 2020
Сау қызын өлді деп, елден қаражат жинаған қазақстандықтың ісі әшкере болды
Осыған дейін әлеуметтік желілерде Қостанай облысының тумасы Кореядағы емханада қайтыс болған қызының денесін елге алып келу үшін қаражат жетпей жатқанын жеткізген хабарламалар тараған-ды. Ел болып, келіншекке көмектесуді ұйғарған азаматтар да табылған еді. Десе де, әйелдің бұл әрекеті оңай ақша табудың амалы болып шыққан, деп жазады Egemen.kz
04 Қараша, 2020
JETI QAZYNA коллекциялық монеталары айналымға шығады
Ұлттық банк «Дала қазынасы» сериясымен JETI QAZYNA монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Egemen.kz
04 Қараша, 2020
Білім іздеп, арман қуып шетелге аттанған жастарымыз көп. Олардың еңбегі еленіп, аты шығып жатса, апыр-ай қазақтың баласы ғой деп, сырттан сүйсініп отырамыз. Сондай дарынды жігіттің бірі Ержан Байымбетов 10 жылдан аса Еуропада қызмет етеді. Еңбек жолын дербес компьютерлер шығарушы IBM компаниясынан бастаған ол түрлі жетекші компанияларда жемісті қызмет етіп келеді. Бүгінде Мюнхенде тұратын оны көбі BMW-ның «миын» жазып шыққан қазақ деп біледі. Әңгімеге тартпақ болып, келіскен уақытта хабарласқанымызда дәл немістер секілді тура уақытында қоңырау шалдыңыз десіп әңгімесін бастап кетті.
04 Қараша, 2020
Абай өз шығармаларында адам болудың талап-тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғысынан өскелең ұрпақтың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Ақын шығармаларында өзекті желідей созылып, ғұмыр бойы танытуға ұмтылған, өмір бойы шарқ ұрып іздегені – толық адам. Абайдағы толық адам – рухани жетілген, кемеліне келген адам.
04 Қараша, 2020