Редакция таңдауы
Кеше Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған бір топ сенатор Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.
30 Қазан, 2020
Батыс Қазақстан облысында карантин тәртібінің сақталуы қатаң қадағаланбақ. Облыс әкімі Ғали Есқалиев түнгі сағат 23.00-ден кейін көлік қозғалысына тыйым салуды ұсынды. Сондай-ақ жасырын той өткізуші мейрамханалардың есігі енді күшпен бұзылуы мүмкін.
30 Қазан, 2020
Интернетпен қаншалықты қамтыламыз?
Қазақстанда 6 459 елді мекенде 18,7 млн халық тұрады. Оның ішінде 17,5 млн адам бүгінде интернетпен қамтылған. Саладағы соңғы деректерді жеткізген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көзделген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде айтып берді.
30 Қазан, 2020
Таяуда The Creative Assembly компаниясы кезекті компьютерлік ойынын жариялады. Total War Saga: Troy деп аталатын бұл ойынды бір тәуліктің ішінде 7,5 миллион рет көшіріп алған. Әрине, бұған ежелгі грек мифтері, әйгілі Троя қаласындағы соғыс туралы аңыз-әңгімелер әсер еткені анық.
30 Қазан, 2020
«Джиро д’Италия»: Гранд-турда – алтыншы орын
Биыл 103-мәрте ұйымдастырылған велоспорттан әлемдік деңгейдегі «Джиро д’Италия» суперкөпкүндігі 15,7 шақырымдық жекелей жарыспен Милан көшелерінде мәресіне жетті. «Астана» командасының велошабандозы әрі осы жарыстағы капитаны Якоб Фульсанг Италия тасжолдарында 21 күнге жалғасқан көпкүндіктің жалпы есебінде 6-орынға ие болды. Бұл – даниялық спортшының карьерасындағы ең үздік нәтиже.
30 Қазан, 2020
«Барселона» «Ювентустан» басым түсті
Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі екінші тур ойындары мәресіне жетті.
30 Қазан, 2020
Зәу жүзінен төгілген азаттықтың алтын сәулесі түркі жұртымен тұтасып, Тұран даласының әрбір тасына мөрленгендей. Сол жұлдызды мөр қазанбұзарлығы жоқ халықтың қадіріне қазық болып қағылғанына, міне, 97 жыл. Бұл тамыры бір туысқан түрік халқының тауанды тұлғасы Ататүріктің жүрегіне тұмар болып тағылған арман еді. Ерлігінің ерен үлгісіндей ғасырлардан үзілмей жеткен елдігінің еншісі, өрлігінің белгісі. Оған Түркия Республика күніне орай ұйымдастырылған «Байрағы биік байтақ ел» атты жиында тағы бір рет көзіміз жетті.
30 Қазан, 2020
Тауар айналымына фискалдық бақылау әзірленеді
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында фискалдық бақылау тетігін енгізу мәселелері белсенді талқыланып жатыр.
30 Қазан, 2020
Асқар Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
Премьер-Министр Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Қазан, 2020
Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылады
Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қазан, 2020
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Ақордада Мемлекеттік хатшы Қылымбек Е.Көшербаевтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы онлайн форматта өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қазан, 2020
"Астана-ЛРТ" ісіне қатысты сот процесі басталды
Елордада атышулы "Астана-ЛРТ" ісіне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Қазан, 2020
Елордада коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін
Бас санитарлық дәрігер Санитарлық нормаларды сақтамағандықтан елордада COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2020
ШҚО-да блокбекеттер қайта қойылады
Шығыс Қазақстан облысында блокбекеттер қайта қойылады. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2020
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы қашан табысталады?
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы осы жылдың қараша айында табысталады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов айтты, - деп жазады Egemen.kz
29 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанда және жеті облыста көктайғақ болады
Бүгін Нұр-Сұлтанда және жеті облыста жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Қазан, 2020
Қостанайда кәрізде 3 жыл жатқан мәйіт табылды
Қостанайда кәрізден қаңқалы мәйіт табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Қазан, 2020
Франция мен Германияда локдаун жарияланды
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің континентальды бөлігінде жалпыұлттық локдаун енгізілгенін жариялады және адамдардың ел өңірлері арасында қозғалуына тыйым салынғанын хабарлады. Шектеу шаралары кем дегенде қараша айының соңына дейін созылады деп күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2020
«Адамның бір қызығы бала деген...» демеп пе еді Абай?! Өкініштісі, сол қызыққа кенеле алмай, ұрпақ сүюді арман еткен жандар жетіп-артылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі әрбір алтыншы отбасы бір перзентке зар екен. Кейбір отбасылар ортада бала болмаған соң ажырасып та кетіп жатыр. Ал азаматтардың ұрпақты болуы, өмірге дені сау ұрпақ келуі мемлекет үшін өте маңызды. Маңызды болған соң да 2010 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында тегін экстракорпоральды ұрықтандыру жүзеге аса бастаған.
29 Қазан, 2020
Қазақтар ерте кезден бастап ит жүгіртіп, құс салып, аң аулап серуен құрған халық. Олар аң аулауға бейім иттерін тазы деп атаған. Орта ғасырда өмір сүрген италиялық жиһанкез Марко Поло далалықтардың аң аулайтын жүйрік иттері жайлы тамсана жазады. Сондай-ақ бертіндегі орыстың статистика қызметкері А.Слудский 1930 жылдардың аяғында қазақ даласында шамамен 4 мыңнан астам аңшы иттер (тазы) болғанын және олар бір маусымда 30 мыңдай аң ұстап, оның терісін иелері ресми түрде үкіметтік мекемелерге өткізгенін айтады. Осы орайда оқырмандарымызға халқымыздың саятшылық өнеріне жататын тазымен аң аулаудың және оны баптап, бағудың қыр-сыры жайлы мәліметтер ұсынып отырмыз.
29 Қазан, 2020