Редакция таңдауы
Қай кезде де ұлт беделі таным мен тағылымды егіз өрген тұлғалармен тұғырлы. Халқының қасиет-қалыбын тереңнен зерделеп, ұрпаққа ұран еткен аға буынның жүріп өткен дара жолы кейінгілер үшін өлмес өнеге, айнымас қазық. Аяулы шаһар Алматы төрінде қазақ ғылымы мен руханиятының өркен жаюына қомақты үлес қосқан көрнекті ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына арналған «Асыл адам айнымас» атты алқалы жиын өтті.
16 Қазан, 2020
9 мың теңге пара алған түркістандық судьяға сот үкім шығарды
Түркістан облысында тоғыз мың теңге көлемінде пара алған судья сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
16 Қазан, 2020
Жыл басынан бері 47 қазақстандық шетелге емделуге кеткен
2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының шешімі бойынша шетелге емделуге 47 пациентті жіберді: 31 адам қажетті көмекті толық көлемде алды, 16 қазақстандық емделуді жалғастыруда.
16 Қазан, 2020
Батыс Қазақстанда балабақша тәрбиешісінен коронавирус анықталды
Батыс Қазақстан облысында балақбақша тәрбиешісінен коронавирус диагнозы оң нәтиже берді, деп хабарлайды Egemen.kz
16 Қазан, 2020
Демалыс күндері елордада аймақ кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Демалыс күндері "Магнум" сауда желісі мен аймақ кәсіпкерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Қазан, 2020
Алматыда қандай мамандар тапшы екені белгілі болды
Алматыдағы ең тапшы мамандықтар аталды. Қаланы дамыту орталығы Қалалық цифрландыру басқармасымен бірлесіп, халықтың жұмыспен қамтылуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
16 Қазан, 2020
Қазақстандық компаниялар 2 трлн теңгені заңсыз иемденген
Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қазан, 2020
Техникалық және кәсіптік білімге сұраныс көп
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес құрылған Түркістан облысында қазіргі таңда 64 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында (31 мемлекеттік, 33 жекеменшік) 44 878 студент білім алуда.
16 Қазан, 2020
2020 жылғы өзгерістен кино өндірісі мен кино көрсетілім индустриялары да тысқары қалған жоқ. Іргелес Ресейдегі бұқаралық кинотеатрлардың ашылғанына бір ай ғана уақыт болса, еліміздегі кинотеатрлар әлі де жабық. Бұл жағдай көрермендер тарапынан стриминг платформалар мен онлайн кинотеатрларға деген үлкен сұраныс туғызып отыр.
16 Қазан, 2020
Есіңізде болар, ана жылдары әлемдік теледидар ел қызығатындай талай тамаша дүниелерді бір шетке ысырып қойып, тұмсығы сорайған, жағына пышақ жанығандай жүп-жүдеу «қара шалдың» мұхит тереңінен түсірген репортаждарын күн құрғатпай бірінен соң бірін көрсетуші еді ғой. Сол ғажап ленталар әліге дейін көз алдымызда. «Шалдың» аты-жөні – Жан Кусто, атақты мұхит зерттеушісі. Оның ұлтына, қайда дүниеге келгеніне жұрт қызықпайтын. Қызығатыны – мұхит түбіндегі кереметтерді еш боямасыз, қаз-қалпында түсірген кино туындылары.
16 Қазан, 2020
Монреаль Олимпиадасында (1976) жеңісіне қол жеткізген Кеңестер елінің 24 жастағы гимнасшы Людмила Турищева журналистерге берген сұхбатында ғарышқа көтерілгендей көңіл күйде жүрмін деген екен. Расында Олимпиаданың төрт алтын, үш күміс, екі қола медалін еншілеген адам қуанбай қайтеді. Сондай-ақ әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, Еуропа чемпионатында гимнастиканың барлық түрінен жеңімпаз атанған екі қыздың (екіншісі Елена Шушунова) бірі – осы Люда. Қазірдің өзінде оның жетістігін ешкім қайталай алған жоқ.
16 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті – Елбасының «Абай аманаты» атты еңбегін қатты қызығып оқыдым. Ол ұлы ақын тұсындағы қазақтың рухани жаңаруының бағалы ойларын қамтыған, ой-пікірі, жаңашылдығы мол, үлкен маңызды туынды екен. Тарихи паралелль де көп. Ағартушылық немесе ояну дәуірінің белгілері кейінгі оқығандармен сабақтасып, асылды тану жолын ашуға ұласып, болашақ Елбасы жүріп өткен алғаш болат қорытушының жолы, қазақтың жаңа мемлекетінің құрылуы, «Мәңгілік ел» болудағы батыл ізденістер өзара байланыса әдемі ашылыпты.
16 Қазан, 2020
Томас Густав Виннер. Үш дәстүрді ұштастырған
Қазіргі күні қазақтың өткен ғасырдағы аса ұлы ойшыл көсемі ретінде танылып отырған Абай Құнанбаевтың алдында өз халқына батыстың ілім-білімі мен әдебиетін жеткізу ғана емес, сонымен бірге ел-жұртына сол батыс мәдениетінің өзге де қырлары мен сырларын таныстыру ісіне жете көңіл бөлу міндеті тұрды. Абай өз еліне оқу-ағартудың ғана емес, сондай-ақ кең ауқымды әлеуметтік жаңғыртудың және халық мәдениетіндегі бағзы көзқарастарды қайта бағдарлаудың қажеттігін түсінді. Ол бара-бара өз заманындағы батысшыл зиялылардың мойындалған көшбасшысына айналды.
16 Қазан, 2020
«Ауырмау» тапсырмасы – мамандар психикалық сарқылудан сақ болуға кеңес береді
Бізге абырой әпермесе де айтайық, ТМД елдері ішінде Қазақстан – COVID-19-ға байланысты алаңдаушылық индексі ең төмен ел. Сарапшылардың айтуынша, адамдарымыз коронавирус туралы аз сөйлесетін, тыңдамауға тырысатын, өте аз оқитын көрінеді. Психологтер мұны «психикалық сарқылу» деп атайды. Алайда қайта басталу ықтималдылығы жоғары індеттің екінші толқыны келе қалған жағдайда өз ресурстарымызды қалай қалпына келтіре аламыз?
16 Қазан, 2020
«5-10-20» бағдарламасы: Қанатқақты жобаның үшінші кезеңі басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында «Шаңырақ» қанатқақты жобасы әзірленгені белгілі. Жоба операторы – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.
16 Қазан, 2020
Ұлы даланың уысынан түспей, дәуір бетіне бояуын төккен сәулет өнерінің ғажайып үлгілері құмсағат ғұмырдың сынына сыр бермей, жаңа ғасырмен дидарласты. Талайлы тағдырдың топаңы қалыңдаса да тарпаң тарихтың тартуындай талғампаз, тәкаппар туындылар көненің көзіндей сол кербез қалпында. Содан ба, жақыннан үңілген жанды қилы-қилы ой сілеміне жетелейді. Құдды оқ тисе де омақаспай, найзасына сүйеніп шейіт кететін баяғының батырларындай. Бұл кереметті, сіз, сол замандағы құрылыс заттарының сапасымен салмақтауыңыз мүмкін. Әйтсе де адамның қолынан шыққан кейбір алып ғимараттар шегесіз салынғанына сенесіз бе?
16 Қазан, 2020
Әуезов театрының 95-маусымы "Абайдың жұмбағымен" ашылды
Бүгін, 15 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры "Абайдың жұмбағы" атты жаңа премьерасымен 95-маусымының шымылдығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Қазан, 2020
Ж.Бекшин карантин туралы қаулыға қол қойды
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына қатысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Қазан, 2020
Ақпарат министрлігі мен Қазақстандық Медиа Альянс өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады
Бүгін, 15 қазан күні Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандық Медиа Альянстың Басқармасының төрағасы Арманжан Байтасовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қазан, 2020
Қырғызстан президенті отставкаға кетеді
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдап, қырғыз халқына үндеу жасады. Бұл туралы Президенттің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Қазан, 2020