Редакция таңдауы
Табиғатқа жасалған тағылықтың кесірінен Атыраудың ауасы жиі-жиі ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2020
Бүгін педагогтер үшін Ұлттық біліктілік тестілеу басталды
14-29 қыркүйек аралығында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін Ұлттық біліктілік тестілеуі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қыркүйек, 2020
Қарағанды әкімінің орынбасары қамауға алынды
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қыркүйек, 2020
Алексей Цой: Жаңа толқынның болу-болмауы бізге байланысты
Бұл туралы денсаулық министрі Алекцей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қыркүйек, 2020
Бірыңғай білім беру платформасы: Қаржы талан-таражға түспесін десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда әлі күнге дейін оқу процесін ұйымдастыратын нақты бір онлайн-платформа жоқ екенін айтып, қашықтан оқытудағы олқылықтарды сынға алған-ды. Және толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Алайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Сапалы дүниені жақын арада дайындау мүмкін емес», дейді. Неге?
14 Қыркүйек, 2020
Педофилия: Адамзат азғындықтан арылған жоқ
Заман өзгерді дейміз ғой. Әсілінде заман емес, адам өзгерген сыңайлы. Құрдымға кеткен құндылықтар мен адам айтса сенгісіз аярлықты күн сайын көретін болдық. Оған да етіміз үйреніп барады. Әсіресе, балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық пен педофилия тыйылмай тұр. Бала құқығы аяқасты қалмасын деп ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен, хайуан екеш хайуанның өзі жасамайтын бассыздыққа бел буғандардың айылы жиылар емес. Биылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізде қылмыстың осы түріне қатысты 550 оқиға тіркеліп отыр.
14 Қыркүйек, 2020
Ұстазым Кәмен Оразалин туралы осы естелігімді жазуды қолға алғанмен, тақырып қоюға келгенде біраз қиналдым. Өйткені тек ұстаз деген атаумен шектеліп қалуым өзіме қораш көрініп, аздық етіп тұрғаны білініп тұр.
14 Қыркүйек, 2020
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер, – деп Мағжан ақын жырлағандай, шешеннің айтқан сөзі көпке жетті. Бұл шешен Абай еді.
14 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мемлекет – тиімсіз шаруагер деген қағида аксиомаға айналды», деген болатын.
14 Қыркүйек, 2020
Аңызға сенсек, біздің дәуірімізге дейінгі 490 жылы, шамамен 12 қыркүйекте Марафон түбіндегі соғыста гректер парсыларды ойсырата жеңген соң ежелгі Эллада елінің жауынгері Фидиппид (әлде Филиппид) екі тәулік ішінде 230 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтіп, шаршап-шалдыққан күйі Афинаға жетеді. Қуанышты хабарды елге естірткен бетте ол жан-тәсілім етеді. Бағзы заманда-ақ осы оқиғаның аңыз емес, ақиқат екенін Геродот пен Плутарх бастаған бір топ ғалым дәлелдеді. Араға ғасырлар салып, дәл сол жанкешті жігіттің құрметіне алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтар арасында жарыстар ұйымдастырыла бастады. Ол «марафоншылар сайысы» деген атауға ие болады.
14 Қыркүйек, 2020
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Сенбіде Франция бойынша COVID-19 жұқтырған 10 мың адам тіркелді. Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Үкімет бір тәулікте осынша адамның вирус жұқтырғаны алаңдататын жағдай екенін мәлімдеді.
14 Қыркүйек, 2020
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде 2018 жылы 52,1 мың кәсіпкер бюджеттен 3 942,5 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат алған. Қатысушыларды салықтық әкімшілендіру нәтижесінде бюджетке 4,8 млрд теңге сомасында қосымша салық түсімі қамтамасыз етілді. Қазір 2019-2020 жылдары әкімшілендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
14 Қыркүйек, 2020
Қазақ – Жұбан ақын айтқандай, шынымен-ақ, «мың өліп, мың тірілген» халық. Өлген емей немене, «басы барды еңкейткен, тізесі барды бүгілткен» арғықазақ заманындағы ұлы бабалардың бүгінге дейін жер-жаһанның айтулы ғұламаларын таң-тамаша қалдырумен келе жатқан мол мұрасынан көз жазып қала жаздадық.
14 Қыркүйек, 2020
Қазір қосылған жастар арасында көп ұзамай-ақ: «бір-бірімізді кезінде терең ұқпаппыз, біліп-түсінбеппіз» және де басқа себептерді алға тартып, ұшырасқан қиындықтарды желеу етіп ажырасу үрдісі кең қанат жайып келеді. Тіпті, оған олар еш қиналмайтын, сөкет көрмейтін, арланбайтын, намыстанбайтын дәрежеге жеткен сияқты. Сондықтан болар қоғамымызда баласы бар жалғыз басты әйелдер, әйелсіз жүрген жастар жылдан-жылға көбейіп барады. Ол қазіргі демографияны қатерлі көрсеткіштерге жеткізіп отыр.
14 Қыркүйек, 2020
Атырау облысында карантин режимі ұзартылды
Атырау облысында карантин режимі ұзартылды. Қаулы облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2020
Хабиб Нурмагомедов карьерасын қашан аяқтайтынын айтты
Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов кәсіби карьерасын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы Vesti.kz басылымы жазды.
13 Қыркүйек, 2020
Нұр-Сұлтанда көпір үстіне шыққан екі жігіт құтқарылды
Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері көпірден жас жігіттерді түсіріп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2020
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны миллионға жуықтады
Әлемде коронавирус құрбандарының саны 920 мыңнан, ал вирусты жұқтырғандар 28,7 миллионнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2020
Қазақстандық эколог Алматы тұрғындарының әрекетіне алаңдаушылық білдірді
Алматыда кәріз суы арықты ластап жатқаны анықталды. Бұл туралы қаладағы Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Дінмұхамед Лесбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2020
Болашақ әкелерге арналған ұсынымдар жарық көрді
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) ер адамдарға арналған ұсынымдарын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2020