Редакция таңдауы
Бәскелестік экономиканы жылдам дамытады
Президент Жолдауда ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтты. Мұны тура мағынасында түсінудің қажеті жоқ. Мемлекет басшысы мұнай бағасы барреліне 150 доллар болған тұстағы деңгейге енді қайтып келмейтінін, әлемдік нарықтың жаңа ахуалына дайын болу керектігін меңзеп отыр. Демек, ендігі жол – әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру.
07 Қыркүйек, 2020
Ауылға 6 миллионның әжетханасы қажет пе?
Катонқарағай ауданының Берел ауылына қойылған санитарлық-гигиеналық торапты дәретхана халық арасында әртүрлі пікір туғызып жатыр. Даулы пікірге өзек болған негізгі мәселе – дәретхананың құнында. Екі кабиналы дәретхана бағасы 6 млн теңгеге жуық. Шекараға таяу ауылдардағы еңселі үйдің өзі 6 млн теңге тұрмаған соң тұрғындардың күмәнмен қарауы да қисынды.
07 Қыркүйек, 2020
Ғылым алдындағы міндеттер ауқымды
Алтыншы сайланған Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауын халыққа ұсынды.
07 Қыркүйек, 2020
«Хайшен» тайфуны халықты әбігерге түсірді
Кеше Жапонияда жүріп өткен тайфун 200 мыңнан астам адамның эвакуациялануына себеп болды. «Хайшен» атты тайфунның салдарынан ақ жауын жауып, желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жеткен.
07 Қыркүйек, 2020
Қытай өзінің ядролық арсеналын көбейтуді жоспарлап отыр. Таяуда Пентагон осындай мәлімдеме жасады. Екі ел арасындағы дағдарыс ресми Бейжіңді осындай қадам жасауға итермелеп отырған тәрізді.
07 Қыркүйек, 2020
Бақтыяр Әбілдаұлы. Осы кісінің арқасында Айша бибі мен Қарахан туралы аңыз архив тозаңында көміліп қалған жоқ. Ал Жамбыл қаласы өзінің қазіргі тарихи атауы – Таразға қайта ие болды. Ұлы даланың тарихи тұлғалары Қойгелді, Байзақ, Рысбек сынды ондаған батыр бабамыздың өмірі мен ерлігі туралы алғаш баяндаған да осы ағамыз болатын.
07 Қыркүйек, 2020
Атырау облысында қамыстан тұтанған өрт ауыздықталды
Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында жанып жатқан қамыс арасындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қыркүйек, 2020
Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың жүлдегерлері анықталды
"Құлақтан кіріп, бойды алар..." атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауында Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Слямғали Дәуренбек өнер көрсетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
06 Қыркүйек, 2020
Ертең елордада қатты жел тұрады
Синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2020
Мектеп оқушыларына 7 қыркүйекке арналған телесабақтардың кестесі
Білім және ғылым министрлігі 7 қыркүйекте өтетін телесабақтардың кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 106 301-ге жетті
Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 қыркүйек, 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, өткен тәулікте 76 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2020
Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағалауында өртенген қамысты сөндіруге кірісті
Шымкент қаласынан барған тікұшақ Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
"Қайрат" пен "Астана" кездесетін күн белгілі болды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бірінші айналымның қалған турларының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz лига сайтына сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
Балабақшаларда ағылшын міндетті пән ретінде оқытылмайды - министр
Бүгін көрнекті ғалым, Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Көзі тірісінде қазақ мемлекеті, тілі мен әдебиеті, білімі мен ғылымы, журналистикасының дамуы үшін сүбелі үлес қосқан арда азаматтың туған күні Қазақстан халқының тілдері күні деп белгіленуі де тегін емес. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің экс тең төрағасына "Достық" ордені табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Елші Дәурен Кәріпов стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің (ҚГІК) бұрынғы тең төрағасы, бұған дейін "Deutsche Bank" АҚ-ның бас атқарушы директорының лауазымын атқарған Петер Тильске 1-дәрежелі "Достық" орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
Қарулы Күштердің офицері ультрамарафон бойынша жаңа рекорд орнатты
Қарағанды гарнизонындағы әскери полиция бөлімінің офицері аға лейтенант Заңғар Әлкенов "Қарағанды-Жаңаарқа" бағыты бойынша 200 шықырым қашықтыққа ультрамарафонды аяқтады. Жүгірісін 35 сағат 11 минут 52 секунтта аяқтап, ҚР Қарулы Күштері офицерлерінің арасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Елордада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан және Алматы облыстары әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда пневмониямен 397 адам ауырып, 5 адам көз жұмды
2020 жылдың 5 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы һәм реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда дәрілік заттар шығаратын 33 өндіріс орны бар
Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2020