Редакция таңдауы
Машат асуында жолаушылар автобусы аударылды
Бүгін таңғы сағат 05:58-де Түлкібас ауданы, Машат ауылынан 4 шақырым жерде, республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 649-650 шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Тамыз, 2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 308 адамның жағдайы ауыр
Бүгінгі таңда еліміз бойынша коронавирус жұқтырған 9 541 адам ем алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
26 Тамыз, 2020
Арыста әлі де жарылғыш заттар табылып жатыр
Арыстағы 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, жарылыс салдарын жою барысында жанбай қалған, жарылу қаупі бар жарылғыш заттар табылуда. Ол жарылғыш заттардың құрамында кездесетін аз мөлшердегі жарылғыш заттар тасымалдауға аса қауіпті, деп хабарлайды Egemen.kz Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
26 Тамыз, 2020
Тұтқында қаза тапқандар туралы жаңа деректер
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі «Возвращение имени» халықаралық жобасының аясында «Славута» концлагерінде тұтқында қаза болған қазақстандық 2000 жауынгердің туыстарына іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
26 Тамыз, 2020
Тегін екпе кімдерге жасалады? (Иммундау бағдарламасы биыл 430 мың алматылықты қамтиды)
Елімізде пандемияға байланысты биыл 22 наурыздан бастап профилактикалық егулер тоқтатылып,11 мамырда қайта басталғаны белгілі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес бұл іс қайта қолға алынды. Биыл жылдың соңына дейін диспансерлік есепте тұрған 405 мың алматылықты қамту жоспарланған. Ал тегін екпе 25 мың жүкті әйелге жасалады.
26 Тамыз, 2020
Қазақ поэзиясының ежелгі бастау арналары ел мен жердің, мемлекет пен Отанның тамырлы тарихынан шежіре шертетін сымбат-бітімі ерекше бекзат жыраулық өнер болып қалыптасты. Тоныкөк, Йолығтегіндер тасқа бәдіздеген тарлан жырлар – соның жарқын айғағы. Бұл ұлы сарын Кетбұқа, Сыпыра жырау дәуірімен сабақтаса ұласып, Бұқар жырау, Ақтанбердіге дейін жалғасып, Абай арқылы даналық парасатпен суарылған алтын түйінге айналып, лиризмге қадам басты.
26 Тамыз, 2020
Қазақ жерінің әр қиыры да, әр төбесі де шежірелі сырын әлі толық ашқан жоқ. Тарихы жете зерттелмей, құпиясы ашылмай жатқан көмбенің бірі – Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандар тобы. Бұл аудан орталығы – Миялы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай – 6, Жангелдин елді мекенінен 2 шақырым қашықта орналасқан. Онда әртүрлі 18 қорған бар.
26 Тамыз, 2020
Құнды жәдігердің сырын кім ашады?
Осыдан біраз жыл бұрын «Облыс орталығына жақын Сырдария ауданынан ұлы Абайдың кітап сөресі болған құнды зат табылды» деген хабарды құлағымыз шалған. Кейіннен жергілікті өлкетанушы Жәнібек Маханбетов бұл жәдігер туралы тарата айтып беріп еді.
26 Тамыз, 2020
Ысырапшылдықты доғаратын кез келді
Қазақ елі қай кезде де той тойлағанды, тойға барғанды жақсы көрген ғой. Бүгінге дейін «бар тапқанымызды тойға шашып» келдік. Енді бұрынғыдай шашылуды қазіргі пандемия жағдайы кешірмейді. Әлемді жаулаған індет жағадан алып тұрғанда, ел азаматтары вирусқа да қарамай той тойлап, арты қайғылы оқиғамен аяқталып жатқанын көзіміз көрді, құлағымыз естіді.
26 Тамыз, 2020
Жер – қазына, жер – ырыс, жер – береке!
Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сараланып айтылған маңызды мәселелердің бірі – халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс-тіршілігін барынша жақсарту. Президент әсіресе, халықты отандық өніммен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, бұл туралы тиісті орындарға шұғыл тапсырмалар берді. Отандық өнім өндіру жолында 13 жылдан бері талмай ізденіп, қажырлы еңбек етіп келе жатқан үлкен ұжымның бірі Панфилов ауданындағы «Көктал-Агро» ЖШС.
26 Тамыз, 2020
Ырғыз-Торғай резерваты қамқорлыққа зәру
Елімізде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне аса бай өңірлердің бірі – Ырғыздың ұшы-қиыры жоқ кең даласы. Ырғызда өсімдіктердің 423, құстың 250 және аңның 42 түрі бар. Қызыл кітапқа енгендері де едәуір.
26 Тамыз, 2020
Түркістанның түлеуі – рухымыздың қайта оянуы
Түркістанның қайта түлеуі – ұлттық болмысымыздың, рухымыздың қайта оянуы. Түркістанның жаңғыруы тек құрылыс жұмыстары, сәулет өнерімен ғана шектелмеуі тиіс, ол тарихи, әдеби және публицистикалық жаңа туындылармен, шығармалармен де қуатталуы тиіс.
26 Тамыз, 2020
Қазан төңкерісі 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы: бірінші – экономикалық, екінші – саяси дағдарысқа ұшырады. Елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, сауда-экономикалық қатынас бұзылды, ауыл шаруашылығы құлдырап, жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген наразылығын туғызады. Сөйтіп осы дағдарыс себепті, 1917 жылы ақпан айында патшалық билік құлады. Бұл оқиғаны тарихта «Ақпан төңкерісі» деп атап жүрміз. Осы төңкерістің нәтижесінде буржуазиялық Уақытша үкімет пайда болды. Бірақ бұл билік халықты экономикалық дағдарыстан алып шыға алмады.
26 Тамыз, 2020
Apple алғаш рет суда орналасқан дүкен ашпақ
Aplle компаниясы алғаш рет Сингапурдегі су астынан ашылатын дүкені жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Түркістандағыдай жәдігерлер Орталық Азияда жоқ
Қазақстанның сакралды географиясындағы тарихи жәдігерлердің дені Оңтүстікте шоғырланған. Соның негізгісі – Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесі белгілі ғалым Мұхтар Қожаның айтуынша, Орталық Азиядағы ең үлкен сәулет ескерткіші болып табылады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Тамыз, 2020
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2020
Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған эстафета басталды
Ruh.kz порталы қазақтың әйгілі күйшісі, КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтың 95 жылдығына арналған күйлерін орындау эстафетасын бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.
25 Тамыз, 2020
Алматыда анасы баласын арықта тастап кеткен
Алматыда анасы баласын арықта тастап кеткен. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
25 Тамыз, 2020
Туристердің тауға шығуы қайғылы жағдаймен аяқталды
Дайындықтың болмауы, ұқыпсыздық, кейде азаматтардың жауапсыздығы қайғылы нәтижеге әкелуі мүмкін. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау туристердің, тауға барушылардың өмірін құтқарады. Ең алдымен, жабдыққа, құрал-саймандарға, киім мен аяқ киімге, байланысқа назар аударыңыз. Тауға жорық жасаған кезде өз бағдарыңызды міндетті түрде тіркеу, нақты координаттарды білу, тәжірибелі жолсеріктердің қызметін пайдалану қажет. Бұл тауға сәтті көтерілудің кепілі.
25 Тамыз, 2020
Германия мен АҚШ мектептерінде коронавирус өрши түсті
Германия мен АҚШ мектептерінде коронавирус өрши түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Тамыз, 2020