Редакция таңдауы
Қайтарымсыз гранттың қайырымы мол
Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбеновтің айтуынша, биыл Тобыл өңірінде 1 250 тұрғын «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру курстарында білім алады. Курсты тәмамдағандарды мемлекет «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» бағдарламалары арқылы қолдап, кәсіп бастауға немесе бұрыннан бар кәсібін кеңейтуге қайтарымсыз грант қаржысын береді.
18 Ақпан, 2021
Қостанайда 18 мың жаңа жұмыс орны ашылады
2020 жылы Қостанай облысында 38 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Ақпан, 2021
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?
Қазақстанда өткен тәулікте 869 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
18 Ақпан, 2021
Сайлауалды уәделерді орындаудың жол картасы таныстырылды
СҚО-да «Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделерін іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Онда таяудағы 5 жылға жоспарланған 99 іс-шараны қамтылған. Оны депутаттарға СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық фракциясының отырысында таныстырды.
17 Ақпан, 2021
«Асыл Арман» мен Алматы әуежайын метро жалғастырады
Енді Алматының шығысы мен батысын, оңтүстігі мен солтүстігін метро жалғастыратын болады. Қаланың төрт тарабындағы көлік хабтарына қосылатын үш негізгі метро желісін салу мәселесі Алматыда талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2021
Қатерлі ісікке қарсы тексерілуден неге қашамыз?
Жуырда Денсаулық сақтау министрлігінің Бас онкологы Диляра Қайдарова ендігі жерде жұмыс беруші, яғни кез келген мекеменің, ұжымның басшысы өз қызметкерлерін, жұмысшыларын жалақысын сақтай отырып, бір күнге қатерлі ісіктерге тегін тексерілуден өтуге жіберуге міндетті екенін мәлімдеді. Өкінішке қарай, мемлекет осы іске орасан қаржы жұмсап отырғанына қарамастан, тегін скринингтерден өтуге талай адамның мойны жар бермейді. Өз денсаулықтарына жүрдім-бардым қарайды. Тіпті жүрексінеді...
17 Ақпан, 2021
Кәсіптік білім беру жайы қалай?
Жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ел экономикасының қуаты кәсіптік білім беру жүйесінің өндіріс орындарын білікті жұмысшылармен жеткілікті қамтамасыз етуіне тікелей тәуелді. Маман даярлау жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік колледждерде жүзеге асырылады. Ал кәсіптік колледждерде жұмыс жасайтын жоғары білімді оқытушы-педагогтерді даярлау ісі қандай жағдайда?
17 Ақпан, 2021
Ауыз сумен қамту «жыры» аяқталар емес
Түбі адамзат баласы таза су тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін. Яғни ғаламшар тұрғындарының тіршілік нәріне деген сұранысы уақыт өткен сайын еселеніп отыр. Есесіне, ауыз су қоры азайып бара жатыр. Демек, күндердің күнінде таңдайымыз кеберсіп, бір жұтым суға зар болып қалуымыз кәдік...
17 Ақпан, 2021
«Асыл түлік» республикалық мал асылдандыру орталығының құрылғанына жиырма жыл толды. Бұл ұйым мал шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосып, осы бағыттағы пәрменді істерді жандандыруға ұйытқы болып келеді.
17 Ақпан, 2021
Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасының қалай тұрақталатынын айтты
Бүгінде Алматының 6 ірі азық-түлік базарларында әлеуметтік дүкендер ашылған. Сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 түрінің бағасы белгіленген.
17 Ақпан, 2021
Қостанай облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталды
Қостанай облысында бүгіннен бастап 19-ақпанға дейін «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді.
17 Ақпан, 2021
Биыл Алматыда 21 мыңға жуық оқушыға арналған инфрақұрылым дамиды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуінде мегаполистің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2021
Түркістанда «Парасатты жол» орталығы ашылды
Түркістанда А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасатты жол» орталығының тұсаукесер рәсімі өтті.
17 Ақпан, 2021
Жамбыл облысында көктемде 38 елдімекенді су басу қаупі бар
Жамбыл облысындағы елдімекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ, тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, өңірде көктемгі мезгілде су басуы мүмкін 38 елдімекен бар екен. Олар су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен және тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр себебінен болмақ.
17 Ақпан, 2021
Асқар Мамин Шымкент қаласын дамыту жобаларымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент қаласының көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуымен танысты.
17 Ақпан, 2021
Атырау кәсіпкерлері жобасын дамытуға 28 млрд 600 млн теңге несие алды
Атырау облысында шағын және орта кәсіпкерлік қанат жайып келеді. Былтыр 453 кәсіпкер бизнес-жобасын дамыту үшін 28 млрд 600 млн теңгенің несиесін алды.
17 Ақпан, 2021
Біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды
Біліктілікті арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру қызметкерлерінің түрлі санаттарына - оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, оқулық авторларына, әдіскерлер мен оғытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.
17 Ақпан, 2021
Ректор Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулымен кездесті
Абай атындағы ҚазҰПУ-да АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майермен кездесу өтті. Эрик Майер Сорбонна-Қазақстан институтының және басқа институттардың студенттеріне дәріс оқып, университеттерді интернационалдандырудың маңыздылығын атап өтті.
17 Ақпан, 2021
Қызылорда облысының әкімі ел алдында есеп берді
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Өңір басшысы өткен жылды қорытындылап, 2021 жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл есепті кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. Облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған дамудың негізгі стратегиялық мақсаттарын іске асыру жұмыстары жалғастырылуда.
17 Ақпан, 2021
Тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар тұз шахтасында емделеді
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» – жартылай стационарлық қызмет көрсететін мекеме. Бүгінде бөлімшеде 76 балаға арнаулы қызмет түрлері көрсетілуде. Оның ішінде 62 баланың тірек-қимыл жүйесі бұзылған. Осындай мүмкіндігі шектеулі балалар үшін орталықта тұз шахтасы іске қосылды.
17 Ақпан, 2021