Редакция таңдауы
Менің репертуарымда Шәмші ағаның әндері мол болғанымен, өмірде ол кісімен көп жолыққаным жоқ. Композиторды ең алғаш 1975 жылы көрдім. Онда Алматыға жаңа келген кезім. Жеңістің 30 жылдығына арналған республикалық байқауға қатысатын болдым.
14 Тамыз, 2020
Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 340 мыңға тарта адам екі қолға бір күрек тауыпты. Бұл Үкіметтің жұмыспен қамту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дерегі. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асырып келеді.
14 Тамыз, 2020
Әлемнің жетекші компанияларын таңдандыру оңай емес. Десек те, Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Асқар Әлмұхаметов домбыра шертуді үйрететін симулятор жасап, Apple компаниясының инновациялар жобасына ұсынған еді.
14 Тамыз, 2020
Бәрімізге бір самғау қажет еді...
Бауыржан Үсенов есімі өлең дүниесінде көркемдік пен тазалық, серілік пен бекзаттық мысалымен қалды. Сексенінші жылдары әдебиетке келген тегеурінді буынның топ басынан көрініп, алқа ішінде айшықты боп, достық пен жастық гүлзарында сұлу әнімен, сыршыл жырымен сүйкімі артқан ақын тірі болғанда осы күндері алпыстың асқарына да шығар еді. Небәрі отыз бір жыл ғұмыр кешіп, қысқа ғұмырында көңіл қырқасын гүлге орап, ой құбыласында оттай жанып жыры да қалыпты. Тамызда туған ақынның тамылжытып салған әні, толғантып жазған жыры тұстастарының да, кейінгі жас буынның да ортасынан елеулі бір күйде естіліп жатады. Ақынның алпыс жылдығы алдында топтама өлеңдерін ұсынуды жөн көрдік. Редакциядан
14 Тамыз, 2020
23 мың алматылық жұмысқа орналасты
Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Тамыз, 2020
Шри-Ланкада бір отбасынан төрт адам министр болды
Осы сәрсенбіде Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса ағасы Махинда Раджапаксаның төрағалығымен министрлер кабинетінде отыратын тағы екі туысының есімдерін атады. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
13 Тамыз, 2020
Аргентина мен Мексика бірігіп вакцина шығармақ
Аргентина президенті Альберто Фернандес Оксфорд университетінде жасалған КВИ-ге қарсы вакцинаны Мексикамен бірлесе шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz REGNUM агенттігіне сілтеме жасап.
13 Тамыз, 2020
Елордадағы 27 медициналық ұйымның жоспарлы қызметі қайта жанданды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында жоспарлы емдеуге жатқызудың қайта жаңартылған уақыты, күні көрсетілген медициналық көмек көрсететін ұйымдардың тізбесі берілген. Тізбе үнемі жаңартылып отырады, - деп хабарлайды Egemen.kz
13 Тамыз, 2020
Даңқты баскетболшы 61 жасқа толады
Әлемдік баскетболдың жарқын жұлдызы, Олимпиада чемпионы, өзінің спорттық карьерасында талай рекордық көрсеткішке қол жеткізген Ирвин "Мэджик" Джонсон 14 тамызда 61 жасқа толады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2020
Балқаш қаласында тұратын Николай Савидовтың қолынан келмейтіні жоқ. Он саусағынан өнер тамған ол иненің көзіне микроскопиялық мүсіндерді сыйдырады, адам шашынан шахмат тастарының мүсінін жонады және тауық жұмыртқасының сыртына тағаларды қағады.
13 Тамыз, 2020
Қайран ауа, қымбаттап барасың ба?
«Орман дегеніміз – даланың өкпесі ғой» деп еді қазақ журналистикасының маршалы Шерхан Мұртаза. Қандай дәл айтылған сөз. Адамдар неге тау мен орманға, теңіз бен өзен-көлдердің жағасына қарай ұмтылады. Табиғат аясы екендігі өз алдына, сонымен қатар онда ауа құнары бөлек болады.
13 Тамыз, 2020
Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей шаһарындағы медициналық мекемелерге жаңа автокөлік кілттерін тапсырды. Қалада бүгінде жалпы саны 360 мыңнан астам адам тіркелген 23 медициналық-санитарлық мекеме жұмыс істейді.
13 Тамыз, 2020
Әлеуметтік қызметкерлер әдебінің әдістемесі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер үшін лауазымдық міндеттерін орындау кезіндегі мінез-құлықтың кәсіби этикасы бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Бұл – Қазақстан тарихындағы әлеуметтік сала мамандарының жұмысын реттейтін алғашқы құжат.
13 Тамыз, 2020
Ақмолалық диқандар алқапқа шықты
Жұмыр жердің жартысын жайлаған жаман тұмау көктемде өршіп-ақ тұрды. Жер сүмесімен игілігін үйіретін диқан қауымның көңілі күпті еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыздағы мәлімдемесінен кейін диқан қауымның көкірегінде үміт оты тұтанып, бел буып, шаруа қамына кіріскен болатын.
13 Тамыз, 2020
«Абай жолы» эпопеясының видеомазмұны жарық көрді
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді. Видеожоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Massaget.kz сайтының YouTube арнасында көрермен назарына ұсынылды.
13 Тамыз, 2020
Орталық Азия-Жапония: Әріптестік жандана береді
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция форматында сыртқы істер министрлері «Орталық Азия + Жапония» диалогының кезектен тыс кеңесіне қатысты. Аталған алаң COVID-19 пандемиясына қарсы тұру аясында ерекше маңызға ие.
13 Тамыз, 2020
«Адамның бір аты пенде болғасын ежелден екі нығметтің қадірін білмейді» дейді ілгерідегі ілім иелері. Оның бірі денсаулық, енді бірі бос уақыт екен. Соңғы кездегі әлемді әбігерге салған індет тынымсыз тыныс алудың да қаншалықты құнды екенін түсіндіріп бергендей болды. Бүгінде алаңдаған көңіл, абдыраған өмір арнасына түсіп келеді. Шалдыққандардан шипа қонғандардың қатары қалыңдады.
13 Тамыз, 2020
Күлтөбеден ежелгі Ханака табылды
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Eurasian Resources Group (ERG) демеушілігі аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы барысында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғалымдары тың жаңалық ашты.
13 Тамыз, 2020
Ұстаз деген ұлағатты ұғымға шын лайықты жандардың игі істерді үндемей жүріп тындыратынына талай куә болдық. Сондай жанның бірі – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, доцент Дәмегүл Баялиева.
13 Тамыз, 2020
Б.Сағынтаев: Алматыда эпидемиялық ахуал тұрақтанды
Қалада 5 шілдеде қайта күшейтілген шектеу шараларының енгізілуі нәтижесінде эпидемиялық ахуал тұрақтанды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында баяндады, деп жазады Egemen.kz
12 Тамыз, 2020