Редакция таңдауы
Шетелдегі түрмелерде қанша қазақстандық бар
Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сенат отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Сенатор Атырау облысындағы жол құрылысын аяқтау мерзімін көрсетуді талап етті
Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі толғандырған сенатор Ғұмар Дүйсембаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Қазақстан өлім жазасын алып тастады
Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қыркүйек, 2020
Құс тұмауы: Қостанайда да карантин енгізілді
Қостанай облысында құс тұмауының алғашқы белгілері тіркеліп, өңірдегі Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарына карантин енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Қыркүйек, 2020
Жұмыспен қамтудың жол картасы 179 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттарға халықты кіріспен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орындарын құру бойынша қолға алынған шаралар жайын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Таразда домбыраға ескерткіш ашылды
Осыдан бес жыл бұрын Әулиеата жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығы дүркіреп өткен болатын. Ұлы мереке қарсаңында Маңғыстау облысының әкімдігі тойға тарту ретінде Жамбыл даңғылының бойында орналасқан сол кездегі "Тараз" қонақүйінің алдынан саябақ салып берген еді. Содан бері ұлттық нақышпен көмкерілген көркем саябақ шаһардың сәулетін арттырып қана қоймай, көпшіліктің де серуендейтін орнына айналды. Кейіннен аталған қонақүйді Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті өз қаражатына сатып алып, "Студенттер үйін" ашты. Жалпы, тұрғындардың ғана емес, жастардың да орталығына айналған саябақтан енді алып "Домбыра" ескерткіші бой көтеріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 32 млн-ға жуықтады
24 қыркүйекте Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 31 779 533, өлім саны - 975 100, айыққандар саны - 21 890 409 адам болды, - деп жазады Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуында жеңіске жете алмады
Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық America's Got Talent байқауында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
82 жастағы әже алғаш рет жеке куәлік алды
Алматы облысында 82 жастағы әже алғаш рет жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Қыркүйек, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Қазақстандағы киелі жерлер географиясының картасын жасақтау айтылған еді. Атырауда аталған картаға енген жеті тарихи нысан бар. Оның бесеуі Жылыой ауданының аумағында орналасқан. Соның бірі – Ақмешіт қорымы.
24 Қыркүйек, 2020
Наталья Кагадий: Басты құндылық – махаббат
Жақында «Астана Опера» театрында бельканто дәуірінің жауһары – Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсының премьерасы өтеді. Қазан айының 2-3-і күндеріне жоспарланған классикалық музыка кешіне театр труппасы қызу дайындық үстінде. Жарты жыл үзілістен кейін театрсүйер қауымды елең еткізген өнер әлеміндегі осынау елеулі һәм айтулы оқиғаға орай операның қоюшы режиссері Наталья Кагадийді аз-кем әңгімеге тартқан едік.
24 Қыркүйек, 2020
«Мен ол кісіні ұмытпаймын, ұмыта алмаймын»
– Сұрағың бар ма? – Бар. Ұстаздарыңыздың ішінде кімнің орны ерекше? – Генерал Иван Васильевич Панфиловтың орны өзгеше. Ол кісі менің ойымда, пікірімде, естелігімде, творчествомда өзгеше орын алады.
24 Қыркүйек, 2020
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2020 жылғы астық өніміне келесі сатып алу бағаларын белгіледі:
24 Қыркүйек, 2020
Шаруалар үшін жағымды жаңалық көп
Қазіргі уақытта мемлекет ауыл жұртының мал шаруашылығымен және басқа да кәсіп түрлерімен айналысып, жағдайларын жақсартулары үшін жеңілдетілген несие беру арқылы мүмкіндіктер қарастырып отыр. Осы бағытта жемісті жұмыс істеп жатқан «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар ОМАРОВПЕН әңгімелескен едік.
24 Қыркүйек, 2020
Қоғамдық бақылаудың мәні жоғары
Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша «Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
24 Қыркүйек, 2020
Әкімнің әләуләйі Түңілме, тірлігіңе түңіл мейлі, Тауысып тағатыңды дүбір жейді, Әкім келе жатыр десе жүгіргендер, Атаң келе жатыр десе жүгірмейді.
24 Қыркүйек, 2020
Судың сапасын сақтау – өзекті мәселе
Қыркүйектің 18-і Дүниежүзілік суға мониторинг жүргізу күні (World Water Monitoring Day) ретінде белгіленген. Америкалық таза су қорының бастамасымен қолға алынған бұл күн Жер ғаламшарындағы су ресурстарының проблемасына арналып, адамзатты табиғатты сақтауға шақырады. Қазақстанда судың сапасын тексерумен «Қазгидромет» кәсіпорны айналысады. Еліміздегі су айдындарының сапасын бақылау бағытындағы жаңа әдістер мен кәсіпорынның саладағы маңызы жөнінде «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева айтып берген еді.
24 Қыркүйек, 2020
Кезекті кейіпкерімізбен алғаш танысқанымызда «Мейірімді робот» деген сөз көкейге келді. «Жасанды роботтың да мейірімдісі болушы ма еді?» дерсіз. Роботты жүрегі мейірімге толы жан жасаса, қайырымды дүниеге айналады екен. Ғалым Анар сандығұлова аутистік спектрдің бұзылуы бар балалармен коррекциялық жұмыс істейтін робот жасап шығарған. Мұны іс-тәжірибеде қолданып, лайықты нәтиже көрсетіп те үлгерді.
24 Қыркүйек, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе екені айтылды. «Ауылдағы мейлінше өзекті мәселелерді шешуге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасатын болады» деді Мемлекет басшысы. Жолдаудан ескен жылы лепке ауыл қазағы түгілі, қаланың қазағы да қуанып, кәдімгідей серпіліп қалды. Айналасы отыз жылдан бергі уақыт ішінде шаруасын шаһарға көшірген көп қазақтың көңілі әлі күнге дейін ауылға ауып тұрады. Өйткені тамыры сонда жатыр. Сондықтан қазақ ауылдың ішінде жүрмесе де, ауыл қазақтың түсінде жүреді.
24 Қыркүйек, 2020