Редакция таңдауы
АШМ басшылығы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін СҚО-ға келді
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен вице-министр Гульмира Исаева бастаған арнайы топ Солтүстік Қазақстан өңіріне келіп, облыста жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді. Бұл туралы ҚР АШМ Баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
20 Қыркүйек, 2020
Өскеменде адам өлтіруге оқталған азамат ұсталды
Өскеменде полицейлер "адам өлтіруге оқталды" деген күдікпен 25 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Оқиға 19 қыркүйекте Қарақия ауданында Шопан ата киелі орнына барар жолда орын алған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына дельтаплан атты моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
20 Қыркүйек, 2020
Маңғыстаулықтар жаһандық тазалауға қатысты
Ақтауда "Дүниежүзілік тазалық күні" 19 қыркүйекте таңғы сағат 10:00-де басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК Қазақтанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Коронавирус белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 20 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Түркістанда Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы өтті
Түркістан қаласында облыстық Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы өтті. Облыстың 16 аудан-қаласынан жиналған 14 пен 28 жас аралығындағы дарынды жастар сынға түсіп, үздіктері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2020
Сауаты бар адам әрқашан ресми ақпаратқа сенеді - Аида Балаева
Ақпарат және қоғамдық даму министрі "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында ел арасында дүрбелең туғызып жүрген блогерлерлердің мәселесі реттелетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Қорғаныс министрлігі оқу орындарының курсанттары ант қабылдады
Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері Отанына адал болуға ант берді. Салтанатты рәсім бүгін Алматы, Ақтөбе және Щучинск қалаларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
“Болашақ” халықаралық стипендиясының иегерлері белгілі болды
"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Жауынгер Әзікен Нұғымановтың сүйектері Степняк қаласында жерленді
Осы жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының Тверь облысындағы Бельский аудандық «Ғылыми-тарихи, әскери-патриоттық «Подвиг» қоғамдық ұйымының іздестіру қызметкерлері қазақ жауынгерінің медальоны бар сүйек қаңқаларын тапқан болатын.
19 Қыркүйек, 2020
Елордада “World Сleanup Day” акциясы аясында ағаштар отырғызылды
Экология министрлігінің бастамасымен экологиялық акция биыл еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Мәжіліс депутаттары “World cleanup Day” экологиялық акциясына қатысты
Мәжіліс депутаттары "World cleanup Day" атты ең ірі экологиялық акцияға қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік тазалық күніне Мемлекет Басшысының "Birge - taza Qazaqstan" акциясын тұрақты негізде өткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Сенатор Ақмарал Әлназарова ДДҰ өкілімен кездесті
Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы доктор Каролин Кларинвальмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қыркүйек, 2020
Бейбіт Атамқұлов Алматының Индустриялық аймағына барды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алматы Индустриялық аймағына барды, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қыркүйек, 2020
Мешіт ашық аспан астындағы мұражайға айналады
Қазақстанның киелі жерлері картасына енгізілген Ақтөбе облысындағы он нысанның бірі - Досжан ишан мешіті мен медресесі қайта қалпына келтіріліп, ашық аспан астындағы мұражайға айналатын күні де жақын. Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінен 3 шақырым жердегі ХІХ ғасырдың ортасындағы ескі құрылыс орнын шілде айынан бастап Қуаныш Әлиев бастаған маңғыстаулық шеберлер қайта жаңартуға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Коронавирус жұқтырған 102 адамның жағдайы нашар
Коронавирус жұқтырған 3 684 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Шымкентте “Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесі ашылды
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде "Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда 65 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2020