Редакция таңдауы
Елде дәрі-дәрмектің жетіспей жатқаны туралы ақпарат тараған соң өңірлердегі белсенділер әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, артылған дәрілер туралы ақпарат беріп, тұрғындар арасында үлестіруге кірісті. Сондай-ақ komek2020.kz сайты жасақталып, онда үлкен база әзірленді. Ем-домнан дәрі артылып, не артығымен бөлісе алатын азаматтар аталған платформаларда хабарлама беріп, мұқтаждарға көмектесе алады. Ел арасында шетелден дәрі-дәрмек пен қажет құралдар алдыртуға септігін тигізіп жатқан меценаттар қатары да көбейіп келеді.
15 Шілде, 2020
Орынбордан 52 мың препарат жеткізілді
Ақтөбе облысы әкімдігі мен Ресейдің Орынбор облысы үкіметі арасында әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде денсаулық сақтау саласы жөнінде келісімшартқа қол қойылған.
15 Шілде, 2020
Ертеңгі күннің бүгінгіден жарқын болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге ғана тән. Демек, қай елдің де өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы – білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.
15 Шілде, 2020
Бұл қабылдау бұрынғыдан өзгерек
Көпшілік демалысқа шыққан жаз айларында құжат тапсыру мен қабылдау қыза түседі. Бірі 1-сыныпқа баласын беру үшін жанталасса, екіншісі жоғары оқу орнына түсуге талпынады. Тағы бір топ магистратура мен докторантураға қажетті құжаттарды жинап жүр. Ал биыл осы үш мәселеде құжат тапсыру мен қабылдау ерекше болып тұр. Бұған әлемді өзгерткен пандемия себеп. Кім қайда, қалай, қандай құжат тапсырады? Осыған жауап іздеп көрелік.
15 Шілде, 2020
Алматыға дәрі тиеген ұшақтар келді
Алматыға Ресейден COVID-19 вирусына қарсы медициналық препараттардың ірі партиясы жеткізілді. Мегаполисте дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру үшін 5 млрд теңге бөлінді.
15 Шілде, 2020
Тірлігінде туралықты ту етіп, тағдырын тауқыметке байласа да туған халқының жоғын жоқтап өткен Шерхан Мұртаза есімі қазақ үшін әрдайым қастерлі. Ғұмыр бойы елінің ерен қасиетімен қоса, өзінің туған топырағы Мыңбұлақтың мың сан қырлы құпиясын шығармашылығына арқау еткен абыз тұлға. Ал сонау күрделі кезеңде ұлттың басына түскен нәубеттің шындығын жоғалтпай жеткізген жазушы сол арқылы жазықсыз жапа шеккен талай тағдырдың рухына ескерткіш орнатып кетті.
15 Шілде, 2020
Әулиеаталықтарға көмек қолын созды
Әлемді шарпыған коронавирус індетінің алдын алу мақсатында елімізде жұмыс істейтін бірқатар түрік инвесторы гуманитарлық көмек көрсетті.
15 Шілде, 2020
Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Айзада Құрманова Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Шілде, 2020
2020 жылы әлемдік компаниялардың қарыздары рекордтық 9,3 триллион долларға дейін жетеді. Бұл туралы Reuters Janus Henderson компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.
14 Шілде, 2020
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі коронавирус жұқтырды
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков сейсенбі күні өзінің Facebook парақшасында коронавирус инфекциясымен ауырғаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Шілде, 2020
2020-2021 оқу жылына дайындық қандай?
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық барысы туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz
14 Шілде, 2020
Үкімет басшысы пандемиямен күрес тиімділігін арттыру үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды, деп жазады Egemen.kz
14 Шілде, 2020
Елімізде жазылғандар саны 35911-ге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 1721 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Шілде, 2020
«Әділет лейтенанты» шенін түзеу мекемесінде алды
Елімізде күрделі кезеңдерге қарамастан, әрбір саланың өз тіршілігі мен жаңалығы жалғасып жатыр. Алматы облысы Заречный ауылындағы 155/12 мемлекеттік мекемесінде Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының бес курсанты биылғы ақпан-мамыр айлары аралығында тәжірибеден өтіп, дипломдарын алды.
14 Шілде, 2020
Кеше мемлекетіміздің Туы түсіріліп, еліміз мешіттерінде Құран қатым дұғасы оқылды. Жиілеп кеткен жаманат хабардан қабырғамыз қайысып отыр. Қазақ халқы қаншама аяулы азаматынан айырылды.
14 Шілде, 2020
Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Күллі әлемді құйындай жайпап өткен кесірлі, кесапатты кесел Қазақстан халқына ауыр тиді. Ковид пен пневмония десе жұрттың жүрегі дірілдейді. Бейнебір ешкімді әскерге алмай-ақ, сапқа тұрғызбай-ақ қан майданның қасабына ұшырататын, көзге көрінбейтін қырғын соғыс жүріп жатқандай.
14 Шілде, 2020
Пандемияның арыны баяуламай тұрып демалыс орындарына бару туралы айту артықтау болып көрінуі мүмкін, әрине. Дегенмен, еліміздегі және шетелдегі демалыс орындары, туристік нысандар карантин жағдайына бейімделгенін, жұмыс істеуді бастағанын, халықаралық рейстер ашылып жатқанын ескерсек, жазғы демалысын жоспарлап жүргендердің қатары аз болмасы анық. Осыған орай, Freedom Finance Life компаниясы қазақстандықтар үшін курорттарға барудың құны қаншаға түсетіні туралы хабарлады.
14 Шілде, 2020
13 шілде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Аза тұту күні деп жарияланды. Расымен де, біздің еліміз ғана емес, күллі әлем қазір қиын жағдайда тұр.
14 Шілде, 2020
Өткен жексенбі күні Әбу-Даби (БАӘ) қаласындағы «Жауынгерлер аралында» аралас жекпе-жектен UFC 251 турнирі ұйымдастырылғаны белгілі.
14 Шілде, 2020
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында «Білеулі» деп аталатын керуен сарайдың қақпасы мен «Анаға тағзым» ескерткіштері бой көтерді.
14 Шілде, 2020