Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жұқпалы індетпен күрес кезінде қызметтік парызын адал атқарып, дерттен көз жұмған бір топ дәрігер жоғары мемлекеттік наградамен марапатталған болатын. Осы тізімде Алматы облысының да дәрігерлері бар.
17 Шілде, 2020
Атыраудың ауасы қашан тазарады?
«...Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам». Талантымен талайды тамсандырған бард-әнші Табыл Досымов бір әнінде дәл осылай шырқаушы еді. Қазір мұны атыраулықтар күн сайын айтады десек, қателесе қоймаспыз. Өйткені +40С-тан асатын аптап ыстығын айтпағанда, «Жығылғанға жұдырық» дегендей, Атыраудағы ауаның ластануы мен күкіртті сутектің жағымсыз иісі тұрғындардың шағымын тудырып отыр. Тұрғындар әсіресе, түнгі мезгілде ауадан күкірттің иісі шығатынын әлеуметтік желіде жазып-ақ жатыр. Оның үстіне мұнда жасыл желек те жоққа тән.
17 Шілде, 2020
Шымкент қаласы әкімдігінде күн сайын шаһардағы эпидемиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың отырысы өтеді. Отырыс барысында штаб мүшелері қала әкіміне өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндайды. Осылайша, мәселенің ең күрделі деген тұстарын бағамдап, тиісті шешім шығаруда.
17 Шілде, 2020
Жандарбек Бекшин Алматы жастарына үндеу жасады
Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте Алматы жастарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
16 Шілде, 2020
42 500 теңге алуға өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады
17 шілдеден бастап 42 500 теңге алуға өтініш беру басталады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Шілде, 2020
Пандемия кесірінен адамзат ашаршылыққа ұшырауы мүмкін
Пандемия мен шектеу шаралары әлемге айтарлықтай теріс әсерін тигізіп жатыр. Індет салдарынан әлем экономикасы биыл 8,3 триллион доллар шығынға батып, 147 миллион адам жұмысынан айрылған,- деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлаған.
16 Шілде, 2020
Гран-при жарысында іркіліс болмайды
Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағы (ISU) қараша айында Қытайда жоспарланған Гран-при кезеңі өз уақытында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
16 Шілде, 2020
Отандық экономикаға алғаш инвестиция салған шетел инвесторы – «Шеврон» компаниясы атыраулық оқушылар мен жастарға ерекше сый жасады. Компания демеушілігімен бой көтерген сәулетті сарайдың аумағы 18 833 шаршы метрді құрайды.
16 Шілде, 2020
Бүкіл әлемді жайлаған індет халқымыздың басына түскен үлкен сын болды. Карантин кезінде үйде отырған, алғы шепте күресіп жүрген батырларымызбен қалауымыз бір. «Халқымыз аман болса екен» деген жалғыз тілек.
16 Шілде, 2020
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барыс» клубы елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты тұрақты біріншілік алдындағы оқу-жаттығу жиынын кейінге шегеруге мәжбүр. Сонымен қатар тамыз айына жоспарланған дәстүрлі Президент кубогы өтпейтін болды.
16 Шілде, 2020
Дәрігерлер атынан ризашылық білдіреміз
Бүгінде пандемия бүкіл әлемді дүрліктіріп, әлекке салып отыр. Індет еліміздің денсаулық саласының қауіпсіздігіне де қатер төндіріп, эпидемиялық жағдайды күрделендіріп жіберді. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, COVID-19-ды және вирустық пневмонияны ауыздықтау ісі ең алдымен дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне ауыр салмақ түсіруде. Жан алысып, жан беріскен бұл күресті мылтықсыз майданға теңесек, артық айтқандық болмайды. Осындай жауапкершілігі мол, қауіптілігі жоғары «майданның» алдыңғы шебінде ақтөбелік дәрігерлер де уақытпен санаспай еңбек етіп жүр.
16 Шілде, 2020
Аграрлық ғылым – агроөнеркәсіптің қозғаушы күші
Жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция мен технологияны тартуға тиіс екенімізді, осыған орай жерді тиімді пайдалану мәселесін фермерлер қоғамдастығымен талқылау қажеттігін айтты.
16 Шілде, 2020
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған жерінде спорт нысандары мен медицина мекемелері жаңарып, ауыл жолдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Биыл ауданға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 788,9 млн теңге, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 1 млрд 13,9 млн теңге қаржы бөлініп, жалпы саны 18 жоба қолға алынған.
16 Шілде, 2020
Қызылордада суға шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар жұмысы көбейеді. Дария бойындағы жағажайлар мен демалыс орындарына рейд жасап, кезекшілік ұйымдастырады. Бірақ сақтық шараларын, айтылған ескертулерді елей бермейтіндер көп. Мысалы, былтыр 26 адам суға кетсе, биыл жыл басынан бері оқыс жағдайдан құрбан болғандар қатары 15-ке жетіп отыр.
16 Шілде, 2020
Испанияның «Барселона» клубы франциялық қорғаушы Самюэль Умтитиді жазғы трансфер кезеңінде сатып, орнына басқа футболшы алуды көздеп отыр.
16 Шілде, 2020
Коронавирус күшейіп тұрған бүгінде зор сұранысқа ие тауардың бірі медициналық бетперде болған еді. Індет ел ішіне енген алғашқы кездері бұл жеке қорғаныс құралының барлық дәріханадан ұшты-күйлі жоғалып кеткені де рас. Сөйтсек, құлқынның құлы болған алыпсатарлар біз бір жапырақ шүберек деп мән бермей келген тауардың бұл түрін түгін қалдырмай көтере сатып алып кеткен екен ғой. Сондағы ниет – бірнеше есе қымбатқа сатып, маска іздеп сабылған жұрттың үстінен пайдаға кенелу.
16 Шілде, 2020
"Пневмония коронавирустан қауіпті": Қытай елшілігі қатесін түзеді
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қытай елшілігі Қазақстандағы өкпе қабынуына қатысты таратқан теріс ақпаратына түзету енгізгенін мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
15 Шілде, 2020
Сәуле Қисықова қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2020
Қазақстан пандемия кезінде 15 елден гуманитарлық көмек алған
Қазақстан коронавирус пандемиясымен күресте 15 шет елдің гуманитарлық көмегін алған. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
15 Шілде, 2020
ДДСҰ: Көптеген ел пандемиямен күресте дұрыс бағыт таңдамаған
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біраз елде CОVID-19 қайта өршіп тұрғанын айтады. Сондықтан, бұрынғы шектеу шаралары қайта енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2020