Редакция таңдауы
АҚШ COVID-19-ға қарсы төрт түрлі вакцина сынап көреді
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) клиникалық зерттеулерге арналған коронавирустық вакцинаның төрт нұсқасын мақұлдады, - деп хабарлайды Egemen.kz
01 Шілде, 2020
Ақыл-ой алыбын ардақтады (Польшада Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай пошта маркасы шығарылды)
Қазақтың бас ақыны, ағартушы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының мерейтойы халықаралық деңгейде кеңінен аталып өтілуде. Ұлтымыздың даңқты перзентін ұлықтау шарасы Поляк елінде де өз жалғасын табуда.
01 Шілде, 2020
Оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 1 шілдеден бастап барлық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылғанын мәлімдейді.
01 Шілде, 2020
«Шпаргалка» шалып жығады, білім алып шығады
Өкінішке қарай, Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтерде алған білімге емес, ойлап тапқан «қулығына» сенетін талапкер саны күн өткен сайын көбейіп келеді. Солардың біразының тоғыз қабат тексеруден саңылау тауып, айласын асырып жүргенін ойлағанда, он бір жыл бойы көз майын тауысып жақсы оқыған баланы аяйсың, алдын орап кетті-ау деп...
01 Шілде, 2020
«Бәйтерек» холдингінің атқарған жұмысы көп, жоспарланған межесі жоғары
Таяуда Қазақстан Үкіметінің қаржы операторы – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов тікелей эфирде Холдингтің есеп беру жиынын өткізді. Холдинг басшысы онлайн режімде Холдингтің қандай қызметпен айналысатыны, осыған дейін ел экономикасын дамытуға қосқан үлестері, басқа да атқарған жұмыстары туралы және алдағы жоспарлары жайында жан-жақты баяндады. Сонымен қатар Айдар Әріпханов БАҚ өкілдерінен, экономист мамандардан және қарапайым азаматтардың тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.
01 Шілде, 2020
Польшаның келесі президенті кім болады?
Польшада президенттік сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша қазіргі ел басшысы Анджей Дуда мен Варшава әкімі Рафал Тшасковский тиісті 50 пайыздық межеден аса алған жоқ. Осыған байланысты сайлаудың екінші кезеңі 12 шілдеге жоспарланып отыр.
01 Шілде, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген коронавирус індетінің таралуына қарсы арнайы кеңесте өңірлердегі ауруханаларда науқастар жататын орынға, медицина қызметкерлеріне және дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық айқын сезіліп отырғаны қатаң сынға алынды.
01 Шілде, 2020
Атырауда биыл мектепті 5 286 түлек бітірді. Олардың арасынан 11 жыл бойына үздік оқып, түрлі білім бәйгесінде жұлдызы жарқыраған 229 оқушы «Алтын белгіні» иеленеді. Ал 183 түлектің білімі «Үздік аттестатпен» бағаланды. Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың мәлім етуінше, түлектердің 4 211-і ҰБТ тапсыруға өтініш беріпті. Бұған қоса колледждерді бітірген 834 түлек те тест тапсыруға ниет білдірді.
01 Шілде, 2020
Аудандық ауруханаларға орналастырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшылары мен ведомство жетекшілеріне сөгіс жариялап, ескерту бергені белгілі. Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте сөгіс алған әкімдердің қатарында тағайындалғанына алты айдай уақыт болған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та бар.
01 Шілде, 2020
Бейқамдыққа бой алдыруға болмайды
Тобыл өңірінде соңғы бір аптаның ішінде COVID-19 жұқтырған 173 адам анықталып, науқас саны 500-ге бір-ақ жетті. Мұның сыртында, 389 тұрғын індеттің клиникалық көрсеткіші жоқ түрін жұқтырып, вирус тасымалдаушы деп танылып отыр. Ресми дерек бойынша індет ең көп тараған Қостанай қаласында – 177, Жітіқарада 157 жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында Рудный, Тобыл және Арқалық қаласы тұр.
01 Шілде, 2020
Сәулетші туралы сөз еткенде, оның өзін жыға танымаған адам, қай жерде қандай қолтаңбасы бар екендігіне ой тоқтатып, көзі жеткенін бағалап, саралап, сүйсініс сезіміне ерік беріп, әлгі идеялардың авторына ыстық ілтипатымен құлай беріліп, сырттай болса да сол бейтанысына тілеулес болып жүреді. Егер дәм-тұзы 80 жасына 24 күн жетпей түгесілмегенде, отандық сәулет өнерінің саңлағы, «КAZGOR» жобалау академиясын 45 жыл бойы үздіксіз басқарған талантты ұйымдастырушы Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов өз мерейтойының төрінде бақыттан басы айналып отырар еді-ау! Өкініш өзекті өртейді. Әйтсе де көңілге медет жайларды амалсыз саралап та қаламыз. Еңсені тіктеу үшін, боркеміктенген ойды бекітіп алмаққа, кімнің кім екенін ажыратпақ мақсатпен. Қаралы митингіде Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхаты оқылып еді. «...Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады».
01 Шілде, 2020
Спорт кешені емдеу орталығына айналды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған әкімдер мен Үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алған еді. Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке де сөгіс жариялады.
01 Шілде, 2020
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырды
Қазақстандық танымал кәсіпкер, меценат Айдын Рахымбаев та коронавирус жұқтырған. Бұл туралы BI Group компаниясының басшысы Facebook-тегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2020
Алматы тағы карантинге жабыла ма? Билік ресми жауап берді
Дәл осы күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде биылғы жылдың 30 маусымы сағат 00:01-ден бастап белгісіз мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпараттың тарауына байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді, - деп жазады Egemen.kz
30 Маусым, 2020
Әкімі оқшауланған облыстағы індетпен күрес ойдағыдай ма?
Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де өршіп тұр. Қазірге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 адамнан асты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақтағы індетпен күрес жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Қазір барлық емханар мен ауруханалар негізгі қызметін атқаруда. Өңірдегі "Жедел жәрдем" стансасы да қалыпты режимде жұмыс істеп тұр екен, - деп жазады Egemen.kz
30 Маусым, 2020
Заманауи авторлардың қаламақысы қанша? Былтыр Forbes журналы әлемдегі ең көп қаламақы алатын 100 атақты адамның рейтингін жасаған болатын. Оның ішінде екі-ақ жазушы бар.
30 Маусым, 2020
Синергетика. Жаңаша пайымдау стилі
Ақынның өлеңдерін көптен білетінмін. Бір қатарын оқимын да, тоқтап қаламын. Екінші бір қатарын оқып, тағы кідірем. Адам баласының табиғаты қызық қой. Өзіңе таныс емес сезім-күйлерді, беймағлұм сөздерді қабылдау қиын.Барлық уақытта «Іші алтын, сырты күміспен» кездесе бермесек те, көбінде айналасы теп-тегіс, жұп-жұмыр болып келетін өлеңдер оқитын басымыз ақынның ырғаққа бағындырылғанымен, буынға, бунаққа бағына қоймайтын ақ өлеңдерін қабылдай қоймауымыз заңды еді. Оның ар жағында құрығанда көшпенділер поэзиясына тән архетиптерді тани алатындай білімің мен көшпендінің танымындағы еркіндік ұғымын сезіне алатындай шамаң болмаса, ақын өлеңінің тереңіне бойлау да қиын екен.
30 Маусым, 2020
Беделі биік Қадыр немесе бес жылдық белес
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әли – қазақ ұлты үшін ерен тұлға. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, даңқты шайырдың соңында өшпес мұра, ақыл-ойдың кені қалды.
30 Маусым, 2020
«THE Asia Award-2020»: ҚазҰУ менеджментінің жоғары бағасы
Әлемге танымал «Times Higher Education» агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздік менеджменті бар Азиядағы жоғары оқу орындарының топ-10 көшбасшысы қатарына кірді. Бұл жөнінде оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» хабарлайды.
30 Маусым, 2020
Дәрі-дәрмек бағасына қатысты шағым бере аласыз
Соңғы уақытта дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасы күрт қымбаттап кетті деген ақпараттар, фотосуреттер мен посттар өте көп тарап жатыр. Осыған орай Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев арнайы жауап берді.
30 Маусым, 2020