Редакция таңдауы
Өткен 5 айда мемлекеттік бюджетке қанша кіріс түсті?
Ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz
09 Маусым, 2020
Біздің ауылдың іргесіндегі үлкен төбені білмейтін жан жоқ шығар. Төрт мезгілде де бауырынан бала үзілген емес. Құдды бір малды өріске айдайтын күре жол іспетті. Іңір ауғанда күлше күн тау тектес сол құмыққа сіңіп кеткендей көрінеді. Үстіне шықсаң, толықсыған ай да таяқ тастам жерде тұрғандай. Содан болар, сойыл соғардың бәрі маңайына үйір. Жастар үшін ғашықтар мекені. Жұлдыз көктегенде алақандай ауылды Тұманбай жыры тербеп жататыны соның дәлелі. Бозбаланың қиялы мен бойжеткеннің ұяңдығы тұтасып өлең болып өріледі келіп.
09 Маусым, 2020
Естен кетсейші. Қайсыбір жылдың қазан айында ұлы актер Асанәлі Әшімұлының ұлдары Мәди мен Сағидың бірінің жылы, бірінің қырқы өтті. «Жас Алашта» осы күнге орайластырып «…Жан бөлек» деген атаумен еске алу материалдары берілді. Нұртөре екеуміз газеттің 100 данасын алып бардық. Сол ортаға Рәтбек қажының сап ете қалмасы бар ма?
09 Маусым, 2020
Овидий айнасы Символ – эстетикалық идея. Кант осылай депті. Символ-образ – әдеби сананың арғы тегі. Оның анасы – мифтік сана. Әдеби шығарманың классикаға, өнер туындысының шедеврге айналуының негізінде де осылар тұр.
09 Маусым, 2020
Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойында (Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің арасында) «Алматы – адалдық алаңы» аясында «Өз еліңді бұзба» муралы салынды. Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік қағидаларын сіңіруге арналған.
09 Маусым, 2020
Оқу орнын таңдау – үлкен жауапкершілік
Білім сағат сайын жаңарып отырған заманда болашағына үлкен қадам жасайтын жас түлекке алдымен мамандықты, сонан соң сол кәсіптің қыр-сырын меңгертетін жоғары оқу орнын таңдау – үлкен жауапкершілік. Ал бүгінгідей бір мамандықты бірнеше университет оқытатын жағдайда талапкерге таңдау жасау тіпті қиын. Қайтпек керек? Жарнамасы жер жарып тұрған ЖОО-ның арасынан өзіне керегін қалай жаңылмай таңдауға болады?
09 Маусым, 2020
Ақын Жарасқан Әбдіраштың тұңғышы Рүстемге арнаған «Портфель» деген өлеңін жақсы білеміз. «Жатқызды қыртыс, қырымды, Жылжыған жылдар өтектеп... Мектепке тұңғыш ұлымды, Келемін үнсіз жетектеп» деп басталатын тағылымды тамаша жырды толқымай оқу мүмкін емес. Әрбір сөзі әкелік өсиетке толы әдемі шығарманы зерделеп отырып өзіңнің де әке қолынан ұстап білім ордасына бара жатқан кешегі бала бейнең көз алдыңа келе қалады.
09 Маусым, 2020
Праймериз – пайым мен парасат өлшемі
Батыс қасақана мойындағысы келмейтін тарихи жайт: Ұлы даланы ен жайлаған ата-бабаларымыз демократияда нағыз жаңашыл, инноватор болған. Кейін отарлану салдарынан ұмыт қалған көптеген демократиялық құндылық қазіргі кезде жаңа қалыпта елге қайта оралуда. Соның бірі – праймериз, қарапайым тілде айтқанда партияның әр өңірде өткізетін ішкі сайлауы.
09 Маусым, 2020
Жоғары биліктің бейбіт жолмен ауысу процесі аяқталғаннан кейінгі жалпыхалықтық Президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қызметіне ресми кіріскеніне – тура бір жыл. Жаңашыл бастамалар мен идеяларға, қоғамдағы оң өзгерістер мен бедерлі бетбұрыстарға толы бұл жыл тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи жылнамамыздан ойып тұрып орын алары хақ. Оның үстіне қат-қабат келген тосын да, оқыс оқиғалар мен күтпеген сынақ-қатерлер елді тұтастыққа жұмылдыра түсті. Қиындықтардан шыңдалып шықтық. Көп нәрсеге көзқарасымыз өзгерді. Бар мен жоқтың айырмасын, рух пен жігердің күшін, тәуелсіздік мұратының құдіреті мен адам өмірінің қадірін шын сезіне білдік. Елдік иммунитетіміз сынға түскен осы бір шақта халық өзі сайлаған жаңа Президентіне арқа сүйеді. Үкілі үмітін артты. Мемлекет басшысы қиын-қыстау кезеңнің бүкіл ауыртпалығын елмен бірге бөлісе білді және тығырықтан шығудың жолын қапысыз тапты. Айтары жоқ, түйінді мәселелер рет-ретімен шешіле бастаған бұл жылдың есте қалған күрделі сәттері аз емес.
09 Маусым, 2020
Елорда әуежайының коды өзгерді
Елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының» коды бүгіннен бастап ресми түрде NQZ болып өзгертілді. Бұл қадам бұрынғы Кеңес Одағының сарқыншағы Целиноград атауының келмеске кеткенін аңғартады.
09 Маусым, 2020
Сенаторлар Денсаулық туралы кодекс жобасын қарайды
Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтіп, онда палатаның 11 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
08 Маусым, 2020
Қазақстанда үш әуежайдың коды өзгеруі мүмкін
Қазақстанның бірнеше қаласында әуежай кодтары өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды, - Egemen.kz.
08 Маусым, 2020
Мектеп кәсіподақтары: жолдама кімге бұйырады?
Бұрынғыдан бөлекше басталған «төтенше» тоқсан да тәмамдалып, әне-міне дегенше жазғы демалыс та жетті. Оқушылардың соңынан мұғалімдер де еңбек демалысына шығып жатыр. Осы орайда педагогтердің демалысын соңғы уақытта жиі шағым түсіп жүрген кәсіподақ ұйымдары қаншалықты ұйымдастырады? Шипажайларға жеңілдікпен берілетін жолдамаларға қол созған қатардағы мұғалімдер жыл сайын неге қалыс қалып қояды? Салмақты сауалға жауап іздеп көрелік.
08 Маусым, 2020
Қаржылық сауатты қалай арттырамыз?
Таяуда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасын қабылдады. Бұл тұжырымдама 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
08 Маусым, 2020
Балтық мүйісіндегі саяси текетірес
Польша Балтық мүйісіне канал салып, теңізге тікелей шығу арқылы Ресейдің ықпалынан арылуды көздейді. Кейбір сарапшылар бұл жобаның саяси астарына үңіліп, оның мүйістегі экожүйеге кері әсер ететінін алға тартады.
08 Маусым, 2020
Әлденеге ашуланғанымызда арагідік ауызымыздан шығып кететін бір мәтел бар. «Сұмырай келсе су құриды» деп қысқа қайырып жатамыз. Осындағы «сұмырайдың» мағынасын әркім әр саққа жүгіртіп жүр. Бірі «сұмырай» емес, дұрысы «суыр айы» болуы керек деп ұйқасқа ерік берсе, енді бірі су кристалының өзгерген құрамынан ғылыми дәлел іздейді. Сонымен ұнатпаған кісімізге сұмырай деп кесіп айтқандағы сұмырайымыз кім болды екен?
08 Маусым, 2020
Мәдени туризмге мән беретін кез
Әлемді шарпыған пандемия бізге көп нәрсенің қадірін ұғындырған секілді. Карантинде біраз уақыт үйде қамалып отырып, кейін таза ауада серуендеуге рұқсат берілгенде, «Шіркін, өз еліміздің табиғатына, өз жерімізге жетер дүние жоқ екен ғой», десті талай жұрт.
08 Маусым, 2020
Көліктен шықпай тест тапсыруға бола ма?
Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тесттен өте алады. Тест алуға 3-5 минут уақыт кетеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Елордада коронавирус инфекциясын анықтау үшін мобильді скрининг диагностикасы пайда болды. Зертхана №2 Қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды. Скрининг орталығының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қатысты.
08 Маусым, 2020
«Экотуризм арқылы тұрақты дамуға: алғышарттар мен мүмкіндіктер». Осындай тақырыпта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде республикалық семинар өтті. Аталған білім ордасы бұған дейін «7 жаңа туристік маршрут» жобасын қолға алып, аймақтық киелі жерлер мен жәдігерлерді насихаттауға ұмтылып отырғанына тоқтала кету керек.
08 Маусым, 2020
Қаракөлге халықаралық мәртебе берілсе
Мен эко-волонтерлікпен 2003 жылдан бері айналысып келемін. Алғаш назарымды аударған аймақ – Маңғыстаудағы Қаракөл көлі. 2016 жылдан бастап жыл сайын Ақтау маңындағы Қаракөл көлінде жастардың Солтүстік жарты шардағы қатпайтын су айдындарында суда жүзетін және су маңындағы құстардың Халықаралық қысқы есебіне қатысуын ұйымдастырып жүрмін. Синхронды есеп ғаламдық қауіп төндіретін құс түрлерінің санын объективті бағалауға және оны сақтау бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақтарының бірі ретінде Қаракөл көлін санитарлық тазалау бойынша экологиялық акцияларды, соның ішінде «Саябақтар маршы» халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында өткізуді дәстүрге айналдырдым.
05 Маусым, 2020