Редакция таңдауы
Жаңару дамудың даңғыл жолына бастайды
Шымкентте қордаланып қалған әлеуметтік түйіннің бірі – қоғамдық көлік мәселесі еді. Халқының жылдан-жылға көбеюіне байланысты қалада бұрыннан қалыптасқан қоғамдық көлік жүйесі сапалы қатынасты толық қамтамасыз ете алмайтын күйге жеткен. Соның салдарынан шаһарға қосылған елді мекендер мен шағын аудандардың біразына әлі күнге дейін автобус бармайды.
05 Маусым, 2020
Кәсіпқой және әуесқой боксшылардың статистикасын жүргізетін әйгілі BoxRec сайты әлемдегі ең ұлы 10 боксшының тізімін жариялады.
05 Маусым, 2020
«ҚазМұнайГаз» биыл шығындарды 146 миллиард теңгеге дейін азайтты
Бұл туралы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың баяндамасында айтты. Оның сөзіне сүйенсек, компания дағдарысқа байланысты бірқатар маңызды жедел шаралар қабылдап, жұмысын жаңа жағдайға бейімделді. «Біріншіден, дағдарысқа қарсы стратегия әзірленді. Олар біздің қызметіміздің басты үш бағытын қамтиды. Бірінші, қаржы қызметі: «ҚазМұнайГаз»-дың аржылық ағынын арттыру мен қарыздық міндеттемелерді басқару. Екінші, операциялық қызмет: Қызметті шығынсыз көрсету үшін өндірістің тиімді деңгейін қалыптастыру. Үшінші, дағдарыстан кейінгі даму: Дағдарыстан кейін кезеңде актив портфельдері құрылымын өзгерту мен басқарудың тиімділігін арттыру.
04 Маусым, 2020
«Самұрық-Қазына» отандық өндіріске қуатты қолдау көрсетті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңестің өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
04 Маусым, 2020
Мектеп директорлары мен орынбасарларына қосымша үстемақы беріледі
Бұл туралы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
04 Маусым, 2020
Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің баспасөз қызметі тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерін әзірлейтін комиссияның тұрақты істейтін жұмыс тобы болып белгіленген соң, осы жерде кәсіби қызметімізді атқарып жүргендіктен, тәуелсіз еліміздің қасиетті таңбаларының әзірлену процесінің тікелей қатысушысы һәм қабылдану тарихының куәгері болуға тура келгенін газет өтінішіне сай қайта еске алуды жөн көрдік.
04 Маусым, 2020
Нышанға нұқсан келсе, елдікке сын
Елдігіміздің ерекше белгілері – Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз. Еңсеміз тік, рухымыз асқақ, беделіміз биік болуы үшін осынау рәміздерімізді қашанда қасиет тұтып, қастерлеуіміз керек. Сондықтан Тәуелсіздіктің бойтұмарындай нышандарымызды нұқсан келтірмей пайдалану және қадірін арттыра насихаттау жұмыстары – Президент жанынан құрылған Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның ұдайы қадағалауында.
04 Маусым, 2020
Жандарбек Мәлібеков: «Күн таңбалы Ұлы дала еліміз»
Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген еді. Тәуба, сан алуан іс-шараның салтанатты ашылуында Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалып жатады. Егемендіктің бір нышаны – Елтаңбаның мәні мен мақсаты, тәлімі мен тағылымы туралы айтпағанда, стандарты жаңа заманға сай жүйеленіп, түрлі өзгеріс енгізіліп отырады. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен арнайы сыр тарқатып әңгімелесудің сәті түсті.
04 Маусым, 2020
Әнұранды асқақтатып, Көк Туды желбіреткендер
Әнұранымыз бен Көк Туымыз туралы әңгіме болғанда көп жағдайда спортшыларымыз еске түсетіні анық. Өйткені ел намысын арқалаған оғландарымыз халықаралық додаларда атой салғанда еліміздің Әнұраны шырқалып, Көк Туымыз көкке көтеріледі.
04 Маусым, 2020
Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
04 Маусым, 2020
Еңселі еліміздің ерекше белгісі, ол – мемлекеттік рәміздеріміз. Оларды ресми тұрғыда қабылдау ісіне халқымыз айрықша көңіл бөлген. Бұл өз кезегінде еліміз үшін рәміздердің қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек.
04 Маусым, 2020
Бүгінде сапалы білім, ақиқатқа құрылған ақпарат жинау, кейінгі буынға кітап оқыту да көкейкесті мәселелердің қатарына шыққанын көріп жүрміз. «Дүние емес, кітап жинадым» деген сөзді бұрынғы ұлт зиялыларынан жиі естіп өстік қой. Ғұмыр бойы кітап жинаған елжанды ағалардың алдында Мырзатай Жолдасбеков те бар екенін, ол кісінің бүкіл осы рухани байлығын елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың ортақ игілігіне айналдырғанын екінің бірі біле бермейді. Егер мамандығым Мырзатай Жолдасбековтің мемориалды кітап коллекциясы оқу залының сектор жетекшісі қызметін бұйыртпағанда, бұл жайт бәлкім маған да беймағлұм болып қалар ма еді?!
04 Маусым, 2020
Абай Қасымов шетелдегі қазақтарға қандай саяси әрекет жүргізді?
ХХ ғасыр басында патшалық Ресей империясы құлап, қоғамды идеологиялық тұрғыдан тап пен жікке бөліп басқаратын жаңа бағыт – социалистік жүйе пайда болды. Бұл жүйе ғаламға өз ықпалын күшейту үшін 1919 жылы «Коминтерн» атты ұйым құрды. Келесі жылы аталған ұйымның Шығыс және Қиыр Шығыс халықтарына революциялық жұмыс жүргізетін секциясы ашылады. Шығыс секциясының тапсырмасымен қазақ қайраткері Тұрар Рысқұлов 1924 жылдың қазан айынын бастап, 1925 жылдың шілдесіне дейін Моңғолияда қызмет атқарып, осы елдің жаңа конституциясын жазып беріп оны қабылдатумен қатар, ел астанасының атын Ұлан-батыр деп өзгертті.
04 Маусым, 2020
Тарихи жыл баспасөз бетінде: «Егеменді Қазақстан», 1992 жыл
Газеттің өткен нөмірлерін қарап отырып көзімізге 1991 жылы «Егеменді Қазақстан» газетінің 26 қарашада шыққан нөмірі түсті. Бас бетте «Қазақстанның туы қандай болуы керек?» деген тақырыпта газеттің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртаза мен Жарылқап Қалыбайдың ой толғауы жарық көріпті.
04 Маусым, 2020
Медицинаны цифрландыру: түйткілдер әлі де бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында медицина саласындағы түйткілдерге де тоқталды. Әсіресе медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуді енгізу қажеттігін тапсырған Президент денсаулық сақтау саласында цифрландыру процесін жеделдетіп, тиімділігін арттырған жөн екенін, сондай-ақ бұл салаға білікті ІТ-мамандарды тартудың, отандық бағдарлама жасайтындардың әлеуетін медициналық ақпараттық жүйеге жұмылдырудың маңызды екенін де атап өткен еді.
04 Маусым, 2020
Бүгінде жүз мыңнан аса жастар шетелдік білім ордаларында оқып, таным көкжиегін кеңейтіп жатыр. Жаңа толқынның заманауи келбеті келешек білімді ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінде жаңаша ойлайтын әр елдің жастарымен үзеңгілес болып жүрген қазақ студенттерімен сұхбаттасқан едік.
04 Маусым, 2020
Суретке ерекше өмір сыйлап жүрген Қанат Нұртазиннің өнері шын мәнінде сүйсінуге тұрарлық. Ол жапырақ, шеге, газет, алма, тосап, банан, раушан, гипс, кофе мен қауын бетіне түрлі сурет салады. Өнерден ерекше өрнек тапқан өреннің таланты сұлулыққа бейжай қарамайтын көп көңілін ә дегеннен елең еткізді. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарынан жарқырай көрінген сурет шебері бүгінде ізденісін жетілдіріп, бейнелеу өнерінің 100 жаңа тәсілін табу жолында тер төгіп жүр.
04 Маусым, 2020
Шетелдік ақпарат құралдары күз айларында пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деп хабарлауда. Әлем елдерінде короновирустың жаңа түрімен ауырғандар тіркелуде. Мұндай деректерді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі де жоққа шығармайды.
04 Маусым, 2020
Өткен тәулікте тағы 225 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 225 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 1,9%).
03 Маусым, 2020
Бостандықтан шыққан дарабоздар
Алыстан атажұртқа оралып, әлемдік ареналарда атой салған оғландарымыз жетерлік. Әсіресе сол спортшылардың дені – бір ауданда туып, бір топырақта өскен азаматтар. Сондай таланттарды сыйлаған мекеннің бірі – Өзбекстан Республикасындағы Бостандық ауданы. Бүгінге дейін аядай ауданнан екі Олимпиада чемпионы, екі Азия чемпионы, әлем біріншілігі мен Олимпия ойындарының жүлдегерлері шыққан.
03 Маусым, 2020