Редакция таңдауы
Дамуды көздейтін адам да, мемлекет те сыннан сабақ алуға талпынады. Әлемді жаулаған пандемия елімізде өршіген сайын медицина ғылымын дамытуға лайықты көңіл бөлмегеніміз көріне бастады. Әлдебір зерттеусіз нақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. «Медицина ғылымын дамытуға не кедергі?» атты мақаламызда медицина ғылымы дамымаса, медицинаның дамымайтынын жазғанбыз. Осы жолы сол тұжырымымыздың дұрыстығына тағы бір мәрте көзімізді жеткізген, медицинада ғылым жасай жүріп отандық медицинаны дамытуға атсалысып келе жатқан, еліміздегі сирек мамандық иесімен таныстыруды жөн көрдік.
30 Шілде, 2020
Әлеуметтік жобаның жаңа үлгісі: жатақхана салудағы тиімді тәсіл
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жариялаған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағдарын ұстанғаны белгілі. Осы бастаманы жүзеге асыру сәтінен елімізде 9 мың орынға арналған 34 жатақхана пайдалануға берілді.
30 Шілде, 2020
..қолдау білдіреді Тіліміздің абыройын арттырайық Тіл – ұлттың ең басты байлығы, тәуелсіздігіміздің тұмары, азаттығымыздың айғағы. Бұл ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік тілдің дамуы мен келешегі жөнінде айтқан пікірлері үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы бұл кезеңді аз сөйлеп, көп іс тындыратын шақ екенін ескерте отырып, тілдің мерей-мәртебесін арттыратын төрт қадамды белгіледі.
30 Шілде, 2020
Дін – адам рухын қалыптастыратын діңгек!
Барша мұсылман үшін басты міндет – дінімізді ұстану, ислам құндылықтарын дәріптеу. Бізді қиямет қайым көпірінен құтқаратын амал тек қана Алла алдындағы парыздарымызды орындау екені анық. Алла Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) арқылы бізге Құранды жеткізді, мұсылман дінінің негізгі ұстанымдары айқындалды. Оған ешқандай күмән келтіруге құқымыз жоқ. Біз мұсылман болғандығымызды мақтан тұтамыз.
30 Шілде, 2020
Газетіміздің өткен 20 шілде күнгі санына «Ғұн ұлысының ордасы табылды» деген атпен шағын мақала жарияланған еді. Мұндағы бір жапырақ жазбада: біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда үстемдік жүргізген Ғұн ұлысының тәңірқұты Мөде қағанның ордасы болған Луут қаласының орны табылғаны жайлы айтылған болатын.
30 Шілде, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова: Сақтық шараларына бағыну – азаматтық борышымыз, басты ұстанымымыз болу керек
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пандемиямен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аймақтың экономикалық ахуалы жөнінде брифинг өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz
29 Шілде, 2020
Экология министрлігі Нұр-Сұлтандағы көне теректерді өз қамқорлығына алады
Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев билікті Нұр-Сұлтан қаласының орталық паркіндегі көне терекке айрықша мәртебе беруге және оны сақтауға шақырған астана тұрғындарын қолдап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
29 Шілде, 2020
Қазақстандық әуе компаниялары тоқтатылған рейстер үшін жолаушылар шығынын қайтарады
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтық авиация саласында азаматтардың тұтынушылық құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
29 Шілде, 2020
Бауыржан Байбек қазақстандықтарды праймеризге белсене қатысуға шақырды
Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Шілде, 2020
Шымкент қаласы әкімінің қос орынбасары қызметінен босатылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қос орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz
29 Шілде, 2020
Мол табыс әкелген кәсіпқой боксшылардың жекпе-жегі
World Boxing News порталы телетрансляция арқылы кәсіпқой бокс тарихындағы ең мол табысқа кенелген жекпе-жектердің тізімін жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz
29 Шілде, 2020
Мәжіліс депутаттары шалғайдағы елді мекендерде ауруханалардың жай-күйін бақылады
Мәжіліс депутаттары еліміздің шалғай аудандары мен ауылдарының тұрғындарымен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету үшін кездесулерін жалғастыруда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
29 Шілде, 2020
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды
Бүгін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған жұмыстармен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова БАҚ өкілдерімен өткен жиында таныстырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2020
Алматының онкологиялық орталығында жарты жылда 7 мың науқас емделді
Мегаполисте пандемияға байланысты карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, Алматының онкологиялық орталығы науқастарды амбулаторлық қабылдап, диагностикалық зерттеу мен емдеуді жалғастырып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
29 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин әсерінен мобильді топтар жүктемесі 30% төмендеді
Қала тұрғындары үй жағдайында сапалы медициналық көмек алуда. Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезінде арнайы мобильді топтар құрылған болатын. Олардың құрамында фельдшер мен медбике жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
29 Шілде, 2020
Шымкентте 24 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданады
Шымкент қаласының білім ұйымдары жаңа оқу жылын 222 мыңнан астам оқушымен бастағалы отыр. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2020
Атбасар ауданында өрт кезінде үш бала қаза тапты
Бүгін таңғы сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
29 Шілде, 2020
Жалаңаяқ жүретін гүлзар ашылды
Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Корей мәдени-ағартушылық бірлестігі белсенділері Орал қаласында «Бес ұрпақ» атты шағын саябақ ашып, жалаңаяқ жүруге арналған «Денсаулық жолы» сауықтыру жолағын ашты.
29 Шілде, 2020
Ерекшелігі көп биылғы көктемнен бері иммунитетті көтеретін жеміс-жидек, көкөніске сұраныс артты. Оның себебі де жоқ емес-ті. Бұл орайда оңтүстік өңірінің шаруалары сол сұранысты барынша қанағаттандыруға тырысуда. Мысалы, Ордабасы ауданы Қажымұқан ауылдық округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі тропикалық жемістер мен алма бауы өнімін арттыра түсуде. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі таңда 1 мың түп анар, 6 мың түп алма, 707 көшет лимон өсіріп отыр. Былтыр лимонның бір жылдық көшетінің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған кооператив биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда.
29 Шілде, 2020
Қазақтың қасиетті де құнарлы топырағында өсіп-өнген жақсыларымыздың арасында ел ынтымағы мен ырысының артуына барынша атсалысып келе жатқан ғалым, қоғам қайраткері Айдар Әбуовтің өзіндік орны бар.
29 Шілде, 2020