Редакция таңдауы
Головкин мен Канело желтоқсанда жұдырықтасады (видео)
Кәсіпқой бокстағы Қазақстанның жарық жұлдызы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымының чемпионы Геннадий Головкинмен жұмыс істейтін Mathroom Boxing промутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн GGG мен Канело қашан және қай қалада жұдырықтасатынын айтты.
26 Мамыр, 2020
Жуырда журналистика мен әдебиеттегі, музыка мен театрдағы айтулы сыйлықтардың бірі – Пулитцер сыйлығының лауреаттары марапатталды. Өзекті әлеуметтік тақырыптарды көтерген, саяси айла-амалдардың астарын дәйекті деректермен нақтылаған терең зерттеулер мен қоғам келбетін айшықтаған әдеби шығармалар жүлделі орыннан көрінді. Осы орайда жанрлық сипаты мен көркемдік-идеялық ізденістері үшін әр жылдары Пулитцер сыйлығының иегері атанған үздік топтаманы назарға ұсынамыз. Тақырып аясы әрқилы әрі тартысты сипатымен ерекшеленетін бұл туындылар кімді болсын бейжай қалдырмасы анық.
26 Мамыр, 2020
Қазақстанда университеттердің рейтингі әзірленеді
Қазақстан студенттерінің Альянсы еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингілерін жасамақ. Сауалдама республика университеттерінің студенттері, магистранттары, докторанттары және түлектері арасында жүргізіледі.
26 Мамыр, 2020
Кабинетін мұғалімдерге берген директор
Ол білім саласына кездейсоқ келген жоқ. Оны бұл жолға өзі білім алған мектебіндегі ерекше жүйе жетелегендей. Кейіпкеріміз оқыған білім ұясында жоғары сыныптың оқушылары төменгі сыныптың балаларына сабақ түсіндіретін жүйе болыпты. Сол кезде биология пәнінен көптеген олимпиадаға қатысып жүрген оқушы мектебіндегі ерекше жүйе бойынша өзінен кіші балаларды өзі үздік пәннен жарыстарға дайындапты. Кейіпкеріміз білгенін өзгеге үйрететін ұлы қызметтің жанына жақын екенін оқушы күнінде түсінген. Жас буынға жаңа нәрсені үйреткенде олардың көздерінен от көріп, бойларынан білімге, өмірге деген құлшынысты сезінгені педагогика саласына түбегейлі бағыттап жіберген көрінеді.
26 Мамыр, 2020
Қой өсіріп, табыс таба алмай отырмыз
Көктем мал төлдеп, қорада шу болатын қарбалас шақ. Осы арада Ақтөбе облысындағы қой өсіруге қатысты кейбір мәселелерді ортаға салғанды жөн көрдік.
26 Мамыр, 2020
Қазіргі күні қоғамтану ғылымдарында, соның ішінде тарих ғылымында жұрттың назарын бірден аударатындай, көпшіліктің құлағын бірден елең еткізетіндей жаңалық ашу мүмкін емес-ті. Ондай жаңалықтарды ашу тек жаратылыстану ғылымдарының үлесінде тұрғандай көрінеді және солай болып келе жатқан секілді. Дегенмен өте сирек болса да, қоғамтанушы-ғалымдардың зерттеулерінде жаңалықтар ашылып жатады. Ондай жаңалықтарды біздердің дер кезінде білмеуіміздің себебі – ашылған жаңалықтың маңызын дұрыс түсінбеуімізден болса керек.
26 Мамыр, 2020
Алматы: Карантинде Көкжайлау шатқалында тойлатқандар түгел жазаланады
Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов осы Ұлттық паркке барып, концерт ұйымдастырып, артынан қоқыстарын жайратып кеткен туристерге шара қолданылатынын ескертті. Қазіргі таңда бұл келеңсіздікпен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.
25 Мамыр, 2020
Министр оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтады. Ведомство басшысы биыл ерекше жағдайда аяқталған оқу жылында жоғарыда аталған үштік одақтың ерен еңбегі барын айтты.
25 Мамыр, 2020
Матч тамашалаған 41 жанкүйер коронавирустан қайтыс болған (видео)
Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финал бәсекесіндегі «Ливерпуль» мен «Атлетико» матчы 41 жанкүйердің коронавирустан қайтыс болуына себеп болған. Бұл туралы Британияның Sunday Times басылымы хабарлады.
25 Мамыр, 2020
42 500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініштері қайта қаралады
42 500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Мамыр, 2020
Тосқауыл бекетіндегі көлік апаты: Екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті
Бүгін таңғы сағат 5 шамасында Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кетті.
25 Мамыр, 2020
25 мамыр: Бүгін еліміздің 12 өңірінде аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК 25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
25 Мамыр, 2020
Сапарбаев әкімдерге сөгіс жариялады
Жамбыл облысы бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, жиында коронавирус инфекциясы бойынша өңірдегі эпидемиологиялық ахуал барысы талқыланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өкінішке қарай, облысымызда коронавирустық инфекцияның таралуы жалғасуда екенін, соңғы 10 күннің ішінде 30 жаңа жағдай анықталғанын айтты.
25 Мамыр, 2020
Смартфон және басқа да электронды құрылғыларды күніне 1 реттен артық дезинфекцияламау керек. Бұл Samsung компаниясының ресми сайтында гаджеттерді дезинфекциялауға қатысты арнайы материалда айтылды.
25 Мамыр, 2020
БҰҰ-ның Таяу Шығыста тыныштық орнату жөніндегі елшісі Израильдің «Батыс жағалаудың» кей бөліктерін аннексия жасауы туралы жоспарын айыптады. Николай Младеновтің сөзіне сүйенсек, мұндай қадам БҰҰ ұсынған екі мемлекет жобасына нұқсан келтіреді әрі Израиль мен Палестинаның ортақ мәмілеге келуіне түбегейлі қайшы әрекет.
25 Мамыр, 2020
Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған футболдан Испания біріншілігі 8 маусымнан бастап қайта жалғасатын болды. Бұл туралы Испанияның премьер-министрі мәлімдеді.
25 Мамыр, 2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Визуалды өнерде Абай әлемін бейнелеу» тақырыбындағы республикалық жас суретшілер байқауы мәреге жетті.
25 Мамыр, 2020
Электронды құжат күшіне енетін кезең
Алдағы уақытта қазақстандық жүргізушілер көлігін тиісті құжатсыз-ақ тізгіндей береді. Электронды құжат айналымына қатысты жақсы жаңалықты Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ерлан Тұрғымбаев айтты. Оған үн қосқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев алдағы уақытта елімізде цифрлы құжаттардың толыққанды заңдық күшке ие болатынын хабарлады.
25 Мамыр, 2020
Пәкістанда ұшақ апатқа ұшырап, 97 адам қаза тапты. Карачидегі әуежайға қонар тұста құлаған әуе кемесі «Пәкістан халықаралық әуе жолы» компаниясына тиесілі.
25 Мамыр, 2020
«Самұрық-Қазына» Мақтааралға 1 млрд теңге бағыттайды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бүлінген нысандарды қалпына келтіруге 1 млрд теңге қаржы бөледі. Қордың хабарлауынша, қолдау көрсету туралы шешім Президенттің тапсырмасына сәйкес қабылданып отыр.
25 Мамыр, 2020