Редакция таңдауы
Әлихан Смайылов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Смайылов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
18 Мамыр, 2020
20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавлда қоғамдық моншалар ашылады
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қазіргі эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Мамыр, 2020
Қазақстандық ғалымдар вакцинаны сынақтан өткізуді бастады
Қазақстандық ғалымдар COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізуді бастады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
18 Мамыр, 2020
Балаларға базарлық байқауы мәреге жетті
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері сәуір айынан бастап күн сайын Egemen TV арнасы «Балаларға базарлық» айдарымен ертегі ұсынып келді. Осы ретте балалар арасында ертегі тыңдау және айту дәстүрін жаңғырту мақсатында ел газеті «Egemen Qazaqstan» арнайы онлайн-байқау жариялаған болатын.
18 Мамыр, 2020
Протездік-ортопедиялық орталықтың өндірістік цехтары іске кірісті
«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ мүгедектерді және тірек-қимыл аппараты патологиясы бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік оңалту көмектерімен және өтемдік құралдармен бірге үйлесімде қамтамасыз ететін мамандандырылған көп бейінді кәсіпорны.
18 Мамыр, 2020
Ақпарат және қоғамдық даму министрі журналист Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева белгілі журналист Бейсен Құранбектің отбасына көңіл айтты.
18 Мамыр, 2020
Қордай ауданында қираған үйлер қалпына келтірілуде
Ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай төбелес орын алып, бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға залал келген болатын. Бүгінде сол аудандағы қираған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Алайда, Хусейн Сүлеймен, Абдурашид Багиев және Исмар Лутур сияқты кейбір жергілікті кәсіпкер тұрғындар үйлер мен дүкендерді өз бетімен қалпына келтіруді ұйғарыпты. Сөйтіп, олар мемлекеттен осы мақсатқа қарастырылған қаражатты басқа шаруаларға жұмсау үшін шығындарды оңтайландыруға ықпал етуде.
18 Мамыр, 2020
Шымкент: Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 60 адам тіркелді
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: олардың 1-уі Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-уі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
18 Мамыр, 2020
Ақмолада волонтерлар байқауы басталды
«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы волонтерлік жобалар бойынша шағын гранттар байқауын ұйымдастыруда. Волонтерлік жұмыстар экологияны жақсарту және тарихи мұраны сақтауды көздейді.
18 Мамыр, 2020
Төтенше жағдай аяқталғанымен дерттің таралуы бәсеңдемей тұр. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті өз ғимаратында шағын фронт кеңсесін құрып, індеттің алдын алуда.
18 Мамыр, 2020
Белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті
Танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында өмірден озды.
18 Мамыр, 2020
Қазақ тілін үйретудің шеберлік дәрістері өтеді
Мәдениет және спорт министрлігінің ONLAIN-da bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 18-19 мамыр күндері қазақ тілін оқыту саласының беделді ғалымдарының қатысуымен «Тіл үйрету әдістемесі: теория және тәжірибе» тақырыбында онлайн дәрістерін ұйымдастырады.
18 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін
Нұр-Сұлтанда санитарлық нормалардың сақталмауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін.
18 Мамыр, 2020
Алматы қаласында 161 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Алматы қаласында 161 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
17 Мамыр, 2020
Министр Мағзұм Мырзағалиев Жамбыл облысында болды
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге өңірдегі су шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
17 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирус індетінен жазылғандар саны 3056-ға жетті
Қазақстанда тағы 76 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы қаласында – 25, Шымкент қаласында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 18, Атырау облысында – 7, Қостанай облысында – 5, Маңғыстау облысында – 3, Павлодар облысында – 5, Ақтөбе облысында – 6.
17 Мамыр, 2020
Суреткердің соңғы сапары: Аңызы мен ақиқаты
«Ұлылық – жалған дүниені майға шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу. Яғни өз өміріңізді оқыс әрі әдемі аяқтау» Оралхан Бөкей.
17 Мамыр, 2020
Түркістан: Селден жапа шеккен 30-дан астам үй қайта салынады
Төлеби ауданындағы өзендердің деңгейі нөсер жауынның салдарынан көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйдің ауласына, оның ішінде 76 үйге су кірген болатын. Қазіргі уақытта селден жапа шеккен 30-дан астам үй анықталып, олар қайта салынатын болады.
17 Мамыр, 2020
Алматыда бүгіннен бастап тағы қандай мекемелер қызметіне кіріседі?
Алматыда 2020 жылдың 18 мамырынан бастап туроператорлар, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, ЕДБ және қаржы секторының басқа да ұйымдары қызметінен шектеулер алынып тасталады.
17 Мамыр, 2020
Қ.Есекеев: Карантин бағытымыздың дұрыс-бұрысын бағамдауға көмектесті
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы үшін карантин кезеңі – жүзеге асырған барлық жұмыстарды жинақтауға және алған бағытының дұрыс-бұрыстығын бағамдауға арналған өте маңызды уақыт болды. Сонымен қатар бұл кезең даму жоспарына жаңаша қараудың қажеттігін көрсетті. Компанияның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев осылай деді.
16 Мамыр, 2020