Редакция таңдауы
Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар саны 106-ға жетті
Облыс стационарларында 256 емделуші жатыр, олардың ішінде 17-сі провизорлық стационарда, 225-і карантиндік стационарда, 14-і жұқпалы аурулар стационарында.
08 Мамыр, 2020
Алматы: 8 мамырдағы дезинфекция жүргізу кестесі
Алматы қалалық құзырлы мекемелемелер берген мәліметтерге сәйкес, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 2020 жылдың 8 мамырына арналған дезинфекциялау кестесі төмендегідей.
08 Мамыр, 2020
Коронавирустан көз жұмған науқас 2-типті қант диабетімен есепте тұрған
COVID-19 сәуір айының 23-і күні Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан табылды. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды.
08 Мамыр, 2020
Коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды
Павлодар облысында коронавирус індетінен бір адам көз жұмды.
08 Мамыр, 2020
Италияның даңқты футболшысы, әлемдегі ең үздік қорғаушылардың бірі саналатын Франко Барези бүгін мерейлі 60 жасқа толып отыр.
08 Мамыр, 2020
Шахматттан ФИДЕ-нің «Ұлттар кубогы» деп аталатын командалық онлайн-турнир жалғасуда.
08 Мамыр, 2020
Өмірзақ Шөкеев: Үш ауыл толықтай жаңадан соғылатын қалашыққа көшіріледі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың халқымен кездесіп, оларға мемлекеттік комиссия шешімін жеткізді. Уақытша ашылған орталықтарда азаматтардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, мұң-мұқтажын тыңдады.
07 Мамыр, 2020
Алматыға Оңтүстік Кореядан кезекті гуманитарлық көмек келді
Алматы әкімдігіне гуманитарлық көмек аясында оңтүстік кореялық компаниялар тарапынан жеке қорғаныс құралдары жеткізілді.
07 Мамыр, 2020
Қорғаныс министрлігі әскери ансамблінің әртістері онлайн өнер көрсетеді
7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн-концерттер өтеді. Мерекелік концерттік бағдарламада ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің әртістері өнер көрсетеді.
07 Мамыр, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыс: ортақ ерлік, ортақ тарих
ІІ дүниежүзілік соғыстың қамтыған географиясы ауқымды, зардабы өте ауыр болды. Аяқталғалы 75 жыл өткен бұл сұрапыл соғысты, оның шеңберінде болған түрлі оқиғаларды бүгінгі уақыт биігінен бағалау үрдісі бой көрсетті. Сондықтан оған қатысты бұрыннан қалыптасқан ұстаным, түсініктерге өзгерістер ене бастады. Соғыс оқиғалары туралы жаңа деректердің шығуы, қатысушы мемлекеттердің сол кезеңдегі мәліметтерді жариялай бастауы, әрине, бұрынғы қалыптасқан түсініктерді өзгертпей қоймайды. Десек те, бұл соғыстың адамзатқа орасан зор шығын әкелгені, жер үшін, ел үшін жан берісіп, жан алысу болғаны, оған қатысушылардың төгілген қаны, ерлігі, маңдай тері жадымыздан өшпек емес... Осы орайда Жеңістің 75 жылдығына орай Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлемдік, отандық сарапшы-ғалымдардың, тарихшылардың қатысуымен онлайн-конференция өткізген еді. Бүгін біз ЕҰУ халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ақбота Жолдасбекованың осы конференциядан жинақтаған материалдар топтамасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
07 Мамыр, 2020
Ауылда тұратын суретшінің оң жамбасына келетін тақырып – Ұлы Жеңіс. Ол туған ауылындағы 64 ардагердің портретін салып шыққан.
07 Мамыр, 2020
Майданда қан кешкен «Халық жауының» балалары
Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ тарихындағы бір қасіретті кезең еді. Олай дейтініміз соғыс жылдарында қаншама қазақ қайғы-қасірет кешті. Бұл соғысқа «халық жауының» балалары да қатысты. Олардың соғысқа сұранғандағы бар мақсаты жазықсыз жапа шегіп, атылып кеткен әкелерін ақтау болатын.
07 Мамыр, 2020
Өзге елдерде нан даярлаудың өзіндік түрлі ұлттық дәстүрі, рецепті, атаулары болатыны белгілі. Сол сияқты өз еліміздегі нан түрлеріне де қазақша атаулар керек-ақ.
07 Мамыр, 2020
Дәуірдің сипаттамасын беруде жеке тұлғаның жүріп өткен жолы мен өмірі ерекше орынға ие. Жеке тұлға өзі өмір сүрген кезеңмен тығыз байланыста болғандықтан, оны дәуірінен бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да дәуір тынысын айғақтайтын тарихи құжаттардың қайнар көзі архивтегі сан қырлы деректер ғылыми айналымға түсіп, көпшілік назарына жиі салынып отыруы тиіс.
07 Мамыр, 2020
Бітімгерлік – бейбітшіл елдің басты миссиясы
Қазақстан тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын мемлекет екенін төрткүл дүниеге әйгілі етіп, көптеген дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу тәсілін ұсынып келеді. Осы бағытта атқарылған жұмыстардың бір парасы – бітімгершілік миссиялары. Ұлы даланың ұландары бүгінде БҰҰ-ның бітімгер әскері құрамында әлемнің бірқатар бөлігінде міндетін абыроймен атқарып жүр.
07 Мамыр, 2020
Уранмен уланған көл мен карьер
Ақтаудағы уранға қатысты нысандар тұрғындар үшін қаншалықты қауіпті? Қызметін тоқтатқан кәсіпорын мен оның қосалқы орындарының халыққа, халық денсаулығына, өңір экологиясына қауіп-қасіреті бар ма? Жергілікті тұрғындар шошына «улы көл» деп ат қойып, айдар таққан Қошқар ата проблемасы бүгінге дейін өзекті. Өкініштісі, Маңғыстауда оның қатары Қошқар ата ғана емес екен...
07 Мамыр, 2020
Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген егіз ұл – Қасым мен Жомарт Орынтай бүгінде Орал қаласында Отан алдындағы парызын атқарып жүр.
07 Мамыр, 2020
Қарулы Күштер қатарындағы қаракөздер
XX-XXI ғасырлар тоғысында әскери қызметші әйел немесе сарбаз әйел сияқты кәсіптің болуы ешкімді таңғалдырмайды. Қазақ қоғамында әйелдер ежелден-ақ ерлермен қатар қиын және ауыр кезеңдерде қолына қару алып ел мен жерді қорғаған. Қазақстандық мыңдаған арудың Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында ерлікпен шайқасқаны, тылда аянбай қайсарлықпен еңбек еткені осының айғағы.
07 Мамыр, 2020
«Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы». Халық даналығы осылай дейді. Әйтпегенде, ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын? Ел-жұрты олар үшін де алаңдайды. Олардың ерлігі мен еткен еңбегіне қарап, ертеңгі жас ұрпақ бой түзейді. Сезінбейді емес, бұл жауапкершілік жүгін әрбір әскери адам сезінеді. Туған топырағын от пен судан, аңдап келген жаудан қорғауды ұстаным етіп, олар да бір кез әскер қатарына қосылған еді. Міне соларға қарап Қазақстан Қарулы Күштерінің бүгінгі қайраты мен айбатын аңғара беріңіз.
07 Мамыр, 2020
Науқастар жаппай тестілеу арқылы анықталды
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп, инфекциялық ауруларды эпидемиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды және вакциналардың сапасы мен саудасы туралы айтып берді.
07 Мамыр, 2020