Редакция таңдауы
Президенттік институт – мемлекеттілік тірегі
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің табысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік институттың қалыптасуының бастамасы болды.
24 Сәуір, 2020
Бұл – халыққа айтарлықтай көмек
Әлемдегі коронавирус індетінің таралуына орай елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарға тиісті көмек көрсетілетінін айтқан болатын.
24 Сәуір, 2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 38 адам тіркелді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 38 адам тіркелді, оның ішінде Алматы облысында -1, Ақтөбе облысында - 12, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Жамбыл облысында - 10, Қызылорда облысында - 2, Павлодар облысында - 8
23 Сәуір, 2020
Жұмабай Шаштайұлы. Аспанқора (повесть)
«Бірде Рымғали Нұрғалиевқа «Аспанқора» деген шығармамды алып барғанымда, «тағы осындай он дүние жазсаң, тарихта қаласың» дегені бар. Осы повесть туралы Мұхтар Мағауин кейін «Үлкен жазушының елесі келе жатыр» деп жазды. Бірақ, қазіргі күні сол үмітті ақтай алмаған секілді боламын да тұрамын». Ж.Шаштайұлының сұхбатынан
23 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Тапқыр Савва
Бұл жолы балаларға Саха халқының ертегісі «Тапқыр Савва» туралы айтып береміз. Тамашалау үшін YouTube арнамызға жазылыңыз!
23 Сәуір, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Жол инфрақұрылымының сапасын арттыру» мәселесіне арналған баспасөз маслихаты өтті.
23 Сәуір, 2020
Медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу үшін 35,7 млрд теңге бөлінген
Медициналық қызметкерлерге үстемақы тәуекел топтарына байланысты төленеді: 212,5 мың теңгеден (5 ТЖМ) 850 мың теңгеге дейін (20 ТЖМ). Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов хабарлады.
23 Сәуір, 2020
Түркия Ұлттық мәжілісіне - 100 жыл
Бауырлас Түркия жұрты биыл ел парламентінің жүз жылдық мерейтойын тойлайды. Мұстафа Кемал Ататүріктің бастамасымен құрылған «Ұлы ұлттық мәжіліс» Анадолыны мекендеген түріктердің жарқын жетістіктерінің кепілі.
23 Сәуір, 2020
Қажымұқан балуанның әжесінің қабірі
Ол зират Астана іргесіндегі Төңкеріс ауылының қорымында жатыр. Қажымұқан балуанның өмір тарихы алып күшінің арқасында әлем спорт тарихына енді. Қазақ халқы осы тумасы арқылы әлі талай ғасыр мақтана алады. Уақыт – ұлы таразы. Екшейді, елейді, ақиқатты ақтайды, өнегеліні өрге сүйрейді. Тек таңдаулы тұлғаларға ғана тарих өз қойнауынан орын береді. Осындай таңдаулының бірі - Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
23 Сәуір, 2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 56 адам тіркелді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 56 адам тіркелді, оның ішінде Алматы қаласында - 3, Қостанай облысында - 1, Жамбыл облысында - 2, Батыс Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында - 7, Павлодар облысында - 5, Нұр-Сұлтан қаласында - 17, Манғыстау облысында - 1, Ақтөбе облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 3.
23 Сәуір, 2020
Шыңғыс қағанның «түменбасы» – Ержан Мақпышұлы
«Егемен Қазақстан» газеті сайтына 21 сәуір күні көп сериялы «Шыңғыс хан» телефильмінде «өкіл әке» Меңліктің рөлін сомдаған қазақ бауырымыз, талантты әртіс Дәлелхан Қадырұлымен жүргізілген сұхбат жарияланған болатын. Осы сұхбат барысында аталған телесериалдағы басты рөлдердің бірі – Наяха ноянның образын сомдаған дарынды актер Ержан Мақпышұлы туралы да сөз қозғаған едік. Енді міне Ержан бауырымызбен бұрынырақ екеуара өрбіткен әңгіме барысын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
23 Сәуір, 2020
Емтихан өткізу ретін әр оқу орны өзі шешеді
Төтенше жағдай жарияланғалы білім жүйесіне де өзгеріс енгізілді. Оқушылар теледидардан сабақ тыңдап, әлеуметтік желі арқылы үй тапсырмасын орындайды. Студенттер де оқуын қашықтан жалғастырып жатыр. Осы орайда қашықтан оқуға көшкен студенттердің жағдайы туралы Қазақстан студенттер альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаевтан сұраған болатынбыз.
23 Сәуір, 2020
COVID-19: созылмалы және маусымдық ауруы бар науқастарға қауіпті
Әлемде COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты биыл жаһан бұрын-соңды болмаған бетперделі көктемді бастан өткеріп отыр. Шартараптағы барлық елдерді шеңгелінде ұстаған осынау вирустың құрбандары да өсіп барады. Сондықтан дәрігерлер коронавирустық инфекция кезінде аллергиясы, қант диабеті бар жандарға сақ болуды ескертеді. Індет жүрек-қан тамырлары кеселдерін тез асқындырады. Неліктен? Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының бірқатар маманы осының мәнісіне тоқталып, кеңес берді.
23 Сәуір, 2020
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда бүгінде әлем бойынша 850 млн адам бүйрек ауруларының зардабын тартуда. Ал әрбір оныншы ересек адамда өмірінің соңғы сәтіне дейін «серік» болатын созылмалы бүйрек ауруы (СБА) бар екен.
23 Сәуір, 2020
Мұнай дағдарысынан қандай сабақ алған жөн?
Әлем экономикасын ХХ ғасырда түбегейлі өзгертіп, адамзат тарихының соңғы 100 жылында тұғырлы орынды меншіктеген, энергияның қайнар көзіне айналған мұнай осыған дейін стратегиялық ресурс санатында болғаны даусыз. Әйгілі Дэниел Ергин айтқандай: «қазіргі таңда мұнай – тек экономикаға арналған бетте ғана емес, сонымен қатар газет-журналдардың бірінші бетінде де талқыланатын бірден-бір өнім. Мұнай бұрынғысынша жеке адамдар үшін де, фирмалар үшін де және барлық елдер үшін де игілік көзі болып қала береді».
23 Сәуір, 2020
«Кедей сөзі» – «Бостандық туы» немесе Мағжан Жұмабаевтың жүз жыл бұрын жазғандары
1919 жылғы 10 шілдеде Ресей федеративтік республикасының үкіметі өлкені әскери-азаматтық тұрғыда басқаруды жүзеге асыра отырып, болашақ Қазақ республикасын құруға дайындық жасайтын Қазақ революциялық комитетін құрды. Қазревком билігінің қарамағына Астрахан губерниясындағы қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары берілді.
23 Сәуір, 2020
Мұнайлы экономика көп кемшілігімізді байқатпады
Енді ауылдағы ағайынның әңгімесі мұнайдан басталатыны үйреншікті құбылысқа айналып барады. Қалада да, ауылда да мұнайдың бағасын ғаламтор арқылы бақылап отыр. Бүгінгі таң шикі мұнайының құны 0 доллардан да төмендеп кеткенін хабарлаудан бастады. Сарапшылар мұның уақытша құбылыс екенін айтып, жұртты сабырға шақырып жатыр.
23 Сәуір, 2020
Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар қатары көбейіп келеді
Үкімет эпидемиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр.
23 Сәуір, 2020
1885 жылдың жазында Семейге америкалық журналист Джордж Кеннан келіпті. Бұл туралы мен оның «Сибирь и ссылка» деп аталатын екі томдық кітабынан оқып білдім. Ол Ресей түрмелері мен айдауда жүрген адамдардың тіршілігін зерттеу мақсатында Сібірге саяхат жасаған. Губернатор америкалыққа түрмені көрсетіп болған соң қаладағы кітапханаға соғуды ұсынады. Семейдегі кітапхана бұдан екі жыл бұрын ғана революционерлердің атсалысуымен ашылған екен.
23 Сәуір, 2020
Тобыл өңірінің темір жүрегі саналатын Рудный қаласында орын тепкен «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі төрт жылдан бері халықаралық стандарттағы сапалы дезинфекция және антисептик құралдарын шығарып келеді. Ел ішінде төтенше жағдай жарияланғалы компания өніміне сұраныс арта түскен. Сондықтан кәсіпорын өндіріс көлемін екі есе арттырып отыр.
23 Сәуір, 2020