Редакция таңдауы
Белгілері біліне бермейтіндігімен қауіпті
Әлемде 2 млн-ға жуық адам коронавирус жұқтырды. Адамзатты әбігерге салған індеттен зардап шеккендердің саны да күн сайын артуда. Мамандар COVID-19 вирусының тез таралуын оның жұқпалығымен қатар, бұрын-соңды байқалмағандығымен байланыстырып отыр. Ғылым тілімен айтқанда, адам ағзасында COVID-19 туралы иммундық жады жоқ болғандықтан күресу де қиынға түсіп жатыр. Сондықтан да ауруды ауыздықтаудың бірден-бір жолы карантин екенін дүние жүзі халқы түсінгендей.
16 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1295 науқас тіркелді
Қазақстандағы 2020 жылғы 15 сəуір сағат 22:30-дағы эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, оның ішінде Қарағанды облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 2.
15 Сәуір, 2020
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
Кездесуде Елбасы төтенше жағдай кезінде мемлекеттік шараларды қолдау және мұқтаж адамдарға көмек ұйымдастыру бойынша «Nur Otan» партиясының белсенді жұмысын атап өтті.
15 Сәуір, 2020
Әлемде гаджетке тәуелділік 20%-ға артты
Интернетсіз тіршілікті елестете алмайтын қазіргі заманда төтеннен келген коронавирус індеті гаджетке тәуелділікті одан сайын күшейтіп жіберді. Сарапшылар осы жылдың алғашқы тоқсанында әлем бойынша гаджетке жұмсайтын уақыттың 20%-ға артқанын анықтады.
15 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Сабын көпіршігі мен қыз
Бүгін сіздерге өзбек халқының ертегісін ұсынамыз. Біздің кішкентай оқырмандар әр ертегіден ой түйіп, достарына да айта жүреді деген үміттеміз.
15 Сәуір, 2020
20 сәуірден бастап қай кәсіпорындар қызметін жалғастырады?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Сәуір, 2020
Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы өзін-өзі оқшаулады
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бүгінгі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты баспасөз брифингіні өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.
15 Сәуір, 2020
Бәрі оны қазақтың баласы дейді (видео)
Әлеуметтік желіде «Дүние, шіркін» термесін домбырамен тебірене шырқаған Алексей Лодочниковтің өнері қызу талқыға түсіп жатыр. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен ән салып, терме-толғау айту – кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін киелі өнер. Мұндай жоғары деңгейге қол жеткізу үшін дәстүрлі әншінің қанында ұлттық музыканың тұнық қайнары бүлкілдеп тұруы қажет. Асыл маржан теңіздің түбіне ғана тұнады десек, жан-дүниесі даланың құрақтай сарынымен үндесіп, қазақы қайырымдар мен мақамдарды қалтқысыз игерген орындаушыға халықтың ақжарма лебізінің де дәл солай шын көңілден төгіле өріліп жатқанына куә болдық. Жас әншінің өнерін аз уақытта 20 мыңнан астам адам тамашалап, жанкүйерлері пікір жазып, арман-аңсарын, бақытын қазақ елімен байланыстырған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе кейінгі жас буынның мемлекеттік тілге, қазақтың дәстүрлі ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігіне ризашылық сезімдерін білдірген.
15 Сәуір, 2020
Алматы дәрігерлерінің коронавирус жұқтыру дерегі тексеріледі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Алматы клиникалық орталық ауруханасының дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді.
15 Сәуір, 2020
Қытай коронавирусқа қарсы бірнеше вакцинаны сынақтан өткізе бастады
COVID-19-ға қарсы үш вакцина клиникалық сынақ жасау үшін мақұлданды. Олардың екеуінің белсенділігі төмендетілген.
15 Сәуір, 2020
Елордада карантинге жабылған 23 нысанның 13-і ашылады
Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 9 сәуірден бері елордада 5 мыңға жуық адамға экспресс-тестілеу жүргізілгенін мәлімдеді.
15 Сәуір, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізге инженерлер мен дәрігерлердің ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандарының да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. Осы міндетті іске асыру мақсатында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.
15 Сәуір, 2020
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың еліміздегі елшісі Чжан Сяомен кездесу өтті. Онда қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады?» атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді.
15 Сәуір, 2020
Не ексең, соны орасың немесе қайтарым қағидасы қалай жүзеге аспақ
Әлемді тітіркендірген коронавирус пандемиясы алқапқа шыққалы отырған диқанның да көңілін күпті етіп еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 млрд теңге бөлуді тапсырамын» деген нұсқауы ел санасында сенім ұялатып, серпіліс туғызды.
15 Сәуір, 2020
Бұдан бірнеше жыл бұрын ұстазымыз, механика кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Төлеген Оспанұлы Қонақбаев өзінің оқушы кезінде Ю.А.Гагарин бастаған ғарышкерлермен кездескені, сол жолы оларды суретке түсіргендігі туралы айтқаны бар еді. Тарихи суреттерді тауып, әкеліп көрсетемін дегеніне де біраз болыпты.
15 Сәуір, 2020
Аю атқан мылтықтың дүмі (Этнографиялық этюд)
Зайсан көлінің дәл өкпе тұсына шиедей қадалған шағын ауыл бар. Халқы балық аулап күнелтеді. Совет заманында Екібастұз көмірін Кереку-Семей-Өскемен арқылы таситын пароход жүріп тұрыпты. Қысқасы, жұрты бай һәм еңбекқор.
15 Сәуір, 2020
Есімі елімізге белгілі ақын Серікбай Оспанов биыл 75 жасқа толды. Біз арқалы ақынды мерейлі белесімен құттықтай отырып, оқырман назарына осы эссені ұсынамыз.
15 Сәуір, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
15 Сәуір, 2020
Әлемді дүрбелеңге салған коронавирустың біздің елде де өршуіне байланысты көптеген шара қолға алынуда. Осы қарбаласта шетелде білім алып жүрген отандастарымыздың көпшілігі елге оралды, әлі де оралып жатыр. Алайда Қытайда білім алып жүрген қазақстандық студенттердің бірі Қуаныш Әдидің әзірге жат елде қалуына тура келіпті. Қайбір күні Қуанышпен телефон арқылы тілдесудің сәті түсіп, хал-жағдайын сұрап, әңгімеге тарттық.
15 Сәуір, 2020