Редакция таңдауы
Белгілі ақын Қорғанбек Аманжол дәрігерлерге арнап жырдан шашу шашты (видео)
Өмір, өмір, ардақты да бағалы, Адам шырқап, өмір әнін салады. Қорғау керек, қолдау керек өмірді, Өмір мәні мәңгібақи жоғары... - деп басталатын өлеңінде ақын Қорғанбек Аманжол дәрігерлердің өлшеусіз еңбегін бағалауға шақырады.
04 Сәуір, 2020
Олимпиадаға 24 жасқа дейінгі футболшылар қатыса алады
Олимпия ойындарына қатысатын футболшылардың жасына байланысты шектеу өзгертілді. Енді айтулы додаға 24 жасқа дейінгі ойыншылар қатыса алады.
04 Сәуір, 2020
Қазақтың қабырғалы ақыны Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерін оқи бастағанда арқаның теңіздей толқып, тебіреніп жатқан ақселеулі даласы, сол даладағы көктем нөсері, күркіреген күннен өре жөнелген бөкен лағы, бір сәт қалықтау күйінде қанатын кере тұрып қалған дала қыраны көз алдыңызға келеді. Енді бірде қараңғы түнді жарып шығып, тау ішін күңірентіп Сәкен салған ән алыстан еміс-еміс естілетіндей. Ғалым Жайлыбай жүйтки аққан жылдарға ен салғандай жемісті еңбек етіп жүрген ақын. Оқырмандар ақынның толғақты, толайым поэмаларын асыға күтіп, ақын салған енінен танығандай өз кітап сөрелеріне еншілеп алып отырады. Дүниежүзілік пандемия, әлемдегі, еліміздегі карантин, үрей мен үміт, қауіп пен қатер қалам ұстаған қай жанды да қамсыз, уайымсыз қалдырған жоқ. Соның бір белгісі – шер толқытып шығарған ой уытындай, ащы көз жасындай осы поэма. «Сұрақ белгісі» – адамның өзіне, қоғамға, әлемге, заманға даты, соның бәрінің адамға даты. Мәңгілік сауал, мәңгілік сауға. Ақының сауалы, ақынның сауғасы. Осының бәрінің жауабын кім береді? Кім бере алады? Поэманың редакциялық нұсқасы газетке жарияланар алдында толық нұсқасын сайтымызда ұсынып отырмыз. Редакциядан
04 Сәуір, 2020
Қазақстандық спортшылар сауапты іске мұрындық болды
Қазақстан спортшылары Нұр-Сұлтан қаласының жалғызбасты қарттарына ыстық тамақ жеткізуді қолға алды.
04 Сәуір, 2020
Елбасы аймақ әкімдерімен не туралы сөйлесті - Баспасөз хатшысы мән-жайды түсіндірді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақ басшыларымен не туралы сөйлескені туралы ақпарат таратты.
04 Сәуір, 2020
COVID-19: Елімізде 35 адам індеттен жазылып шықты
Бүгінде коронавирустан 35 адам жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16, Алматы қаласында – 19.
04 Сәуір, 2020
Түркістан облысында бір адам індеттен қайтыс болды
Түркістан облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды.
04 Сәуір, 2020
Шымкент төтенше жағдай аяқталғанға дейін карантинге жабылды
Шымкент бүгіннен бастап елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғанша карантинге жабылды. Осыған қарай қала әкімі Мұрат Әйтенов қалың көпшілікке үндеу жариялады.
04 Сәуір, 2020
Путин мұнайдың арзандауына Сауд Арабиясын кінәлады
Ресей президенті Владимир Путин жаһандық энергетика нарығы жөніндегі жиында ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мұнай өндірудің күнделікті көлемін 10 миллион баррелге дейін азайту керек деп мәлімдеді.
03 Сәуір, 2020
Бір адам коронавирус жұқтырса, айналасындағы жүздеген кісіге қатер төнеді - Б. Уәли
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі ахуал мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыз күні мәлімдемесіндегі міндеттер және осы кездегі әрбір азаматтың міндеті хақында өз пікірін білдірді.
03 Сәуір, 2020
464 науқас: Маңғыстау облысында тағы бір жағдай тіркелді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 3, Маңғыстау облысы – 1.
03 Сәуір, 2020
Егеменнен ертегі. Қасқыр мен аю
Салтанат апаларыңыз бүгін сіздерге «Қасқыр мен аю» ертегісін айтып береді.
03 Сәуір, 2020
Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 2, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 1.
03 Сәуір, 2020
Желіде жалған ақпарат таратқандар жазаланады – Дәурен Абаев
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елде жалған ақпарат таратушылардың көбейгенін айтты.
03 Сәуір, 2020
Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз - министр
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды.
03 Сәуір, 2020
Коронавирус жұқтырған 11 науқастың жағдайы өте қиын - Елжан Біртанов
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов індет жұқтырған науқастардың қазіргі жағдайы жайында айтып берді.
03 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты Қазақстан жұртшылығына арнаған мәлімдемесі – дер кезінде жасалған әрі халыққа деген қамқорлықтың айқын көрінісі. Осы күні бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті күн өткен сайын асқынып барады.
03 Сәуір, 2020
Билік пен бұқара бір-бірін қолдауы керек
Ықылым заманнан бері адамзат баласы нені көрмеді. Адамның қолымен жасалғаны бар, төтеннен келген тылсым қауіп-қатер бар, жетіп-артылады және осының қай-қайсысы да кезегімен айналып соғып отырады.
03 Сәуір, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстан Республикасының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2020 жылға арналған республикалық бюджеті, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 31 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру аясындағы дағдарысқа қарсы шаралардың қосымша топтамасы қаралды.
03 Сәуір, 2020