Редакция таңдауы
Елордада карантин тәртібін бұзған 300 адам жауапқа тартылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Е. Сәденов хабарлады.
31 Наурыз, 2020
COVID-19: Емделген науқастар да вирус таратады
Коронавирустық инфекцияны жұқтырған емделушілер сауыққаннан кейін де вирус тарата алады.
31 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда карантин кезінде ереже бұзғандардың көліктерін айыппұл тұрағына алып кетеді
Нұр-Сұлтанда 31 наурыздан бастап карантин режимін бұзғандардың көліктерін айыппұл тұрағына алып кетеді. Қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды. Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарылып жатыр. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдайды дрон арқылы қадағалап жатыр.
31 Наурыз, 2020
Қазақстанда 325 адам коронавирус жұқтырды
Елімізде бүгін коронавирус жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.
31 Наурыз, 2020
1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда барлық әуе рейстері тоқтатылады
2020 жылғы 1 сәуір сағат 00:00 - ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі тоқтатылатын болады. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылған.
31 Наурыз, 2020
«Ауру кірді – әлек кірді» деген нақылды қазіргі біздің елдегі ғана емес, әлемдегі жағдайға қатысты айтуға болады. Қарап отырсаңыз, ақылға салып, ғаламдық індеттің алдын алғандар да, жоспарлы, жүйелі іс қамдағандар да жетерлік. Сонымен бірге даурыққандар да, дүрмекке қосылып шапқандар да, дүбірді көргендер де, оған ергендер де көп.
31 Наурыз, 2020
Ою-өрнекті орнымен пайдаланған жөн
Бұрынғы кеңестік республикалардың бірқатарында тәуелсіздік жылдарында ұлттық ою-өрнек гротеск сипатына ие болғаны байқалады. Ұлттық тұтастықты іздеу жолында бейнелеу қолданбалы сәулет өнерінде, мемлекеттік нышан белгілерде, өнеркәсіптік дизайнда этно нақыштарды бей-берекет пайдалану белең алды. Егер ежелгі дәуірлерде ою-өрнек киелілік, ғарыштық және философиялық мән-маңызға ие болса, қазір жаппай және кейде тіпті парықсыз пайдаланудың салдарынан татымсыз, талғамсыз көрінетін кезі де аз емес.
31 Наурыз, 2020
Әр адамды өз дәуірінің бел баласы, баған көтерушісі, байрақ ұстаушысы дейміз, алайда ол сол заманның шеңберінде ғана қалу дегенді білдірмесе керек.
31 Наурыз, 2020
COVID-19: Отандық тест-жүйе және вакцина
Отандық ғалымдар коронавируспен қалай күреспек? Бұл сұраққа ғалымдарымыз қазір нақты екі іспен жауап беруге кірісті. Оның бірі – бүгінде біз шетелден алдырып отырған ауруды анықтайтын тест-жүйені өндіріске енгізу болса, екіншісі – вакцина әзірлеу. Дәл осы қос жұмыстың қазіргі қарқыны қандай?
31 Наурыз, 2020
Бұл күндері Алматыда эпидемиялық жағдай күн сайын өзгеріп отыр. Карантинге алынған індет ошақтарынан шектеу шаралары алынып жатқанына қарамастан, олардың қатары қайта толығып жатыр.
31 Наурыз, 2020
Қарағандыда 6 студенттен коронавирус белгісі табылды
Бүгін Қарағандыда алты студенттің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
30 Наурыз, 2020
Коронавирус: Медицина қызметкерлеріне ай сайын миллион теңгеден беріледі
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.
30 Наурыз, 2020
Бүгіннен бастап медициналық қызметкерлерге тиісті сыйақы беріледі - Бақтияр Мәкен
Төтенше жағдай кезінде елордадағы әлеуметтік әлсіз топтарға мемлекеттік тұрғыда қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.
30 Наурыз, 2020
Шектеу шаралары қатаң сақталуы тиіс
Жұма күні Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтіп, карантин шараларын күшейту бойынша бірқатар тапсырма берілді. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирі арқылы күнделікті онлайн-брифинг өткізіп жатқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев күшейтілген карантин шараларын түсіндіріп, пандемияның елімізде таралуына байланысты соңғы жаңалықтармен бөлісті.
30 Наурыз, 2020
Ресейде COVID-19-ға көмектесе алатын үш препарат жасалды
Ресей Ғылым академиясының мамандарының қатысуымен Ресейде Cоvid-19 коронавирус тудыратын инфекцияны емдеу үшін ықтимал қолдануға болатын үш дәрілік препарат әзірленді, деп хабарлады РИА Новости РҒА Медициналық-биологиялық ғылымдар секциясының жетекшісі, вице-президент, академик Владимир Чехонин.
30 Наурыз, 2020
Жас буынның тынымсыз ізденісі ел болашағын жарқын ете түсетіні анық. Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты орта және жоғары білім жүйесінде біраз өзгеріс орын алды.
30 Наурыз, 2020
Арқа даласын жайлаған, Көкшенің бауырында күн кешкен аруақты Ақан батырдан қалған бедерлі бір белгі бар. Ол Зеренді ауданындағы Ақан ауылының жанындағы үзіліп түскен моншақтай мөлдіреп жатқан Ақан көлі. Ауыл да, көл де Алаштан асып туған перзентінің атымен аталған. Бұл бүгінгінің құрметі, бұрынғының өнегесі.
30 Наурыз, 2020
Хроместезия деген ғылыми термин бар. Бұл дегеніңіз үннің, нотаның түсін айыра білетін дара қасиет. Қайталап айтайық, үннің түсін һәм бояуын көру. Бұл күнде біз осы сезімнен жұрдаймыз. Сол жұрдайлығымыз ғой, арамызда жүрген дәстүрлі әннің дарабозы Мейірхан Адамбековтей таланттың таудай қадірін сезген жоқпыз.
30 Наурыз, 2020
Заңғар заңгер. Қарымды қайраткер. Ұлағатты ұстаз
Мемлекеттің орнықты дамуының тегеурінді бір тұғыры – заң саласы, соның ішінде әділет пен заңдылықтың күзетінде тұрған сот жүйесі мен прокуратура екені белгілі. Елімізде осы салалардың қалыптасып, дамуына атсалысқан атпал азаматтар баршылық. Солардың бірегейі мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, құқықтану профессоры, академик Мақсұт Нәрікбаев болатын. Бұл күнде арамызда жоқ болғанымен, ол кісінің жүріп өткен жолы – желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншек жастардан бастап, біраз өмір белестерінен өткен біздерге дейін үлгі-өнеге.
30 Наурыз, 2020
Азамат Қасым – «Егеменнің» елдегі елгезек тілшілерінің бірі. Шұғылалы шығыстан жолдаған шұрайлы мақалалары газетімізде жиі жарияланып тұрады. Кейбір кесек дүниелері тіпті, жоғары жақтың назарына ілігіп, көтерген көкейкесті мәселесі бойынша іле-шала тиісті шешімдер қабылданған кездер де болды.
30 Наурыз, 2020