Редакция таңдауы
1990 жылдың 7 сәуірі. Осы күні Баянауыл ауылының орталық алаңында Наурыз мерекесі екінші рет тойланыпты. Әр совхоздан үздік шыққан өнер ұжымдары келіп ойын көрсетіпті.
21 Наурыз, 2020
Кетпестей Алатаудай бақыт қонсын!
Түбіне тіршіліктің тағдыр ие, Тәңірдің құзырында бар дүние. Шындығын қара тастың балқытады, Келгенде наурыз айы сән күйіне. Арылып ой тұманнан, сана бұлттан. Құдіретті Наурыз келіп, Жазылды ескі жара жан ауыртқан.
21 Наурыз, 2020
Бас басылымда – байырғы мейрам
Наурыз – ер түрк бабаларының ежелден қалыптасқан жаңа жыл мен жаңа күнінің бастауы. Көшпелілердің көне мейрамы қанымызға жақын, жанымызға туыс, қазақы қалпымыз бен асқақ рухымызды қауыштыратын қайырлы той. Бұл – жосын мыңжылдықтардың мұрасын арқалап, бұрыннан бүгінге, бүгіннен болашаққа жан-жақты байып, кемелдене көш түзей беретін ерекше мейрам.
21 Наурыз, 2020
Там-тұмдап тін тартсаңыз толағай тарихтан бұл, түркілік сарын есер төгіліп ғайыптан нұр. Сан түрлі құпияның сапырып қазандығын, көктемкөз бір балауса жан-сырын жазар бүгін. Жазады ол дүниені басы әлі жазылмаған, ақындай болашақтан аңдаусыз сөз ұрлаған. Қалған сол сағынышын артында қолын бұлғап, қанаты көкті тілген құстардың жолын жалғап. Бұлттардың жанарынан бұйығы жас төгіліп, қайтадан қауыз жарар қырмызы іштегі үміт. Жігіттей он сегіздің жаңа ашқан ақ парағын, бұл көктем айырмасы екен ғой ақ-қараның.
21 Наурыз, 2020
Бабаларымыздың тасқа қашап жазған сөздерінің бірі «Тізеліні бүктірдік, бастыны жүгіндірдік» еді. Осы жалғыз ауыз сөзден көк түріктердің рухының биіктігі көрінеді. Сол көк түріктер біздің бабаларымыз емес пе? Әрине одан бергі мың жылдан аса уақытта кәрі тарихтың беті шым-шытырық, иыр-қиыр жазуларға толды.
21 Наурыз, 2020
Елордада коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
20 наурыздағы 22.00-дегі жағдай бойынша тағы 3 науқас тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
20 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірленуде
Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеп жатыр. Бұл туралы коронавирусқа қатысты ресми хабар тарататын Coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.
20 Наурыз, 2020
Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев коронавируспен күреске 1 млрд теңге бөлді
Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы бөлінетін болады. Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
20 Наурыз, 2020
Коронатерапия немесе павлодарлық кітапханашылар карантиндік уақытты тиімді өткізуді ұсынады
Орын алған жағдайға байланысты бүгінде қоғамдық жерлерге, әсіресе - ойын-сауық орталықтарына баруға тыйым салынуда. Көктемнің мамыражай күнінде үйде омалып отыру әрине қиын. Адамдар далада көбірек жүріп, бой жазып, киноға немесе басқа да қоғамдық орындарға барғысы келетіні түсінікті. Бірақ бұл жұқпалы ауру кезінде адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сақ болған жөн.
20 Наурыз, 2020
Коронавирус: Алматыда анықталған 3 адам кім?
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда вирус жұқтырғандардың кімдер екенін айтты.
20 Наурыз, 2020
Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны 4-ке жетті
Бүгін Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа елде 359 адам індет жұқтырғанын мәлімдеді.
20 Наурыз, 2020
Қырғызстанда індет жұқтырған тағы 3 адам тіркелді
Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 6-ға жетті. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді.
20 Наурыз, 2020
Бақылау өткізу-бекетінен өту үшін азаматтар жеке куәлігін алып жүруге міндетті - А. Рысбаев
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Айдос Рысбаев бақылау өткізу-бекетінде полиция қызметкерлеріне көрсету үшін қала тұрғындары мен қонақтарына өздерімен бірге міндетті түрде жеке куәлік пен басқа да құжаттарын алып жүруін ескертті.
20 Наурыз, 2020
Елордадағы бақылау өткізу-бекетінде бірінші карантин күні қалай өтті?
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығының орынбасары Айдос Рысбаев бақылау өткізу-бекетінде жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің жұмысын түсіндірді.
20 Наурыз, 2020
Жезқазғандағы санитарлық бекет жұмысынан фоторепортаж
Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, облыстағы Жезқазған, Теміртау және Балқаш қалаларына кіреберіс жолдарда, сондай-ақ, Нұра ауданында санитарлық бекеттер ұйымдастырылғанын мұның алдындағы ақпараттың бірінде айтқан болатынбыз.
20 Наурыз, 2020
Алдағы күндері күніне 1 млн данаға дейін маска шығарылады - Ералы Тоғжанов
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы күндері Қазақстанда күніне 1 млн данаға дейін маска шығарылатынын айтты.
20 Наурыз, 2020
«Онлайнға шығу оңай емес»: Интернеті жоқ ауылдағы студенттер сабаққа қатыса алмай жүр
Жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесіне көшкелі, ауылға оралған біраз студент кесте бойынша бекітілген күнделікті онлайн сабақтарға қатыса алмай жүр. Бұған кейбір елді мекендерде интернеттің жоқтығы себеп. Мәселен, Қарабалық ауданына қарасты Өрнек ауылына Алматы, Павлодар, Қостанай, Нұр-Сұлтан қалаларында оқитын 6 студент оралған. Мұндағы алты балаға Moodle жүйесі арқылы онлайн дәріс тыңдап, тапсырмаларды уақтылы орындау, оны қайта жіберу қиынға соғып отыр.
20 Наурыз, 2020
Қазақстанда coronavirus2020.kz сайты іске қосылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында коронавирусқа қатысты ресми хабар тарататын сайт іске қосылғанын хабарлады.
20 Наурыз, 2020
Біз бұған дейін де Алматыда адамдары толайым оқшауланған «Сұңқар» тұрғынүй кешені қазір қатаң бақылауда тұрғанын хабарлаған едік. Соңғы мәліметтерге сәйкес, аталмыш тұрғынүйдің қасындағы көпқабатты үйлер де қоршауға алынған.
20 Наурыз, 2020
Індет жұқтырғандардың кімдер екені анықталды
Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус індетін жұқтырған 5 адамның кімдер екенін айтып берді.
20 Наурыз, 2020