Редакция таңдауы
Ережесіз жекпе-жек: UFC Қазақстанға келе жатыр
Ережесіз жекпе-жек әлемдегі ең белді ұйым – UFC-дің кезекті турнирлердің бірі биылғы жылдың жазда Қазақстанда өтуі мүмкін екені жайында біз бұған дейін де жазғанбыз.
03 Наурыз, 2020
Ерлан Әукенов: ID-карталардың мүмкіндіктері кеңейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр Ерлан Әукеновтің төрағалығымен Қазақстанның барлық өңірлерінде әлеуметтік ID-карталарды енгізу мәселесі бойынша облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерімен селекторлық кеңес өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Наурыз, 2020
Әуе қорғанысы бригадасы әуе кеңістігін қорғауға қаншалықты қабілетті?
ӘШҚ әскерінің ардагерімен сұхбат. Бондаренко Владимир Петрович 1998-2005 ж. аралығында Тәрбие және әлеуметтік құқық жұмыстары бойынша ӘҚК Бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған, генерал-майор. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Наурыз, 2020
Алматыда жас педиатр дәрігерлердің халықаралық жиыны басталды
Алматыда «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» тақырыбымен докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.
03 Наурыз, 2020
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
03 Наурыз, 2020
Қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары талқыланды. Сондай-ақ сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды.
03 Наурыз, 2020
Электронды еңбек биржасының мәліметтері бойынша, елімізде күзетші, қазандық операторы, патрульдеу инспекторы, медбикелер мен тәрбиеші мамандары тапшы. Есесіне заңгер, жалдамалы маман, экономист, малшы, қаржыгерлер екі қолға бір күрек таппай жүр.
03 Наурыз, 2020
«ҚазТрансОйл» – әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытудың флагманы
«ҚазТрансОйл» АҚ мен компания жұмыскерлері арасында Ұжымдық шартқа қол қойылды. 27 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов және компанияның барлық жұмыскерінің мүддесін білдіретін 5 жергілікті кәсіподақ өкілдері алдағы үш жылға Ұжымдық шартқа қол қойды. Қол қою барысында қатысушылар Ұжымдық шарттың заңды маңызы мен құқықтық сипатын растады, оны қолданылу мерзімі ішінде орындауға міндеттенді.
03 Наурыз, 2020
Көкшетаудың күн шығыс бетінде талай жақсы мен жайсаңға ақ бесік болған Айсары ауылы бар. Айсарының қасиетті топырағы, тіпті, дала дидарын аймалаған самал жел де бағзы замандағы Айсары қыздың таңғы шықтай мөлдіреген пәк махаббатын жырлайды. Айсары-Шорман аңызы кейінгіге өнеге, жас толқынға жақсы мысал.
03 Наурыз, 2020
Болат байкенің әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» атты повесінің негізінде түсірген осы аттас фильмінің соңғы сахнасын қайталап көруге жүрегім дауаламайтын еді. Үлкендердің лас әрекеттері мен қатыгездігінен шошынып қашқан жеті жасар құйттай баланың аппақ жанымен тек ақ кеме ғана үндесе алар еді. Өзі өмір сүріп отырған орта – кішкене ғана қорықшылар үйі, айнала әсем табиғат оны қаншалықты еліктіріп сүйіндіргенімен, сол жерді мекендеген әр пенденің бақастығы, пендешілігі күштінің әлсізді жаншып, жасытқысы келіп тұратын әрекеттері – ол ортаны да лайлап жібергендей көретін. Содан жабыққан сәтте іргедегі көл үстінен өзінің ақ кемесін іздейтін. Ол ақ кемеде өзі жақсы көретін тамаша жан, ағеділ жан – әкесі матрос болып қызмет ететініне құдайдай сенетін... Ақ кеме іргеге тұмсық тіреп тоқтаған күні ақ көкесімен табысып, мына әбігер дүниені гүл жайнатуға асық-тын. Тіпті, қатты сағынғанда өзі-ақ балыққа айналып, демде жетіп барсам деп ойлайтын еді...
03 Наурыз, 2020
Сібірлеп атып келе жатқан боз таңдай мақпал лебі «Тілеуқабақ» әніне сарындас келетін бір мөлдір сезім діріл қаққан тұмадай тұнық ән осы – «Я, пірім» әні. Оның «Япурай» деген атпен айтылуы жиырмасыншы жылдардың аяқ жағында болған.
03 Наурыз, 2020
Банк секторының жағдайы қалай?
Таяуда тәуелсіз сарапшылардың елдегі банк секторының актив сапасын бағалау жұмыстары аяқталды. Нәтижесі мынадай: банк секторының таза пайдасы жыл санап өсіп келеді. Алайда AQR қорытындысы бойынша саланы сауықтару шаралары да қажет.
03 Наурыз, 2020
Елімізде заңды түрде тіркеліп, ресми жұмыс істеп келген бірден-бір ұйым Қазақстан зергерлер лигасы енді Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс істемек. Біздің тарап бұл ұйымға тең құрылтайшы деңгейінде, ал қалған елдер мүше ретінде еніп отыр. Осы келісімнің нәтижесінде ЕАЭО елдерінде дайындалған зергерлік бұйымдар бірыңғай брендпен сатылады.
03 Наурыз, 2020
Үкімет сауданы дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
02 Наурыз, 2020
Коммерциялық банктердің заңсыз әрекеті
Соңғы үш жылда Қазақстанда кәсіпкерлік саласындағы заңсыз тексерістердің көлемі 970 фактіні құрап, 351 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кәсіпкерлердің IV республикалық форумында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.
02 Наурыз, 2020
«Самұрық-Қазына» бәсекелестік ортаға басымдық береді
Отандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Samruk Business Forum» барысында кеңінен сөз болды. Бизнес өкілдерінің ортақ алаңына айналған жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен отандық компаниялар арасында құны 34,8 млрд теңгені құрайтын келісімге қол қойылды.
02 Наурыз, 2020
Жұмыс өтілі ретінде есептеледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО орталығы павильонында ел өңірлерінен келген волонтер жастар делегацияларымен кездесу кезінде оларды толғандырып жүрген екі мәселенің кілтін қолдарына ұстатты. Айталық бұған дейінгі кезде волонтерлік қызметпен айналысушылар арасында еңбек өтілінің жай-күйі қалай болар екен деген екі-ұшты ойда жүргендер жиі кездесіп қалатын. Сөз жоқ, олардың бұл алаңдаушылығы өте орынды деуге болады.
02 Наурыз, 2020
«Қоғамға қызмет» жобасы – волонтерліктің бастауы
Ақтау қаласындағы іргелі оқу орны Yessenov University білім мен тәрбиені ұштастыра жүргізіп келеді. Аймақтың әлеуметтік-мәдени өмірінің қозғаушы күші ретінде әрекет ететін әлеуметтік жауапты университет қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру жұмыстары мұнда жүйелі жолға қойылған. «Қоғамға қызмет» жобасын осы бағыттағы сүбелі істердің бірі деуге болады.
02 Наурыз, 2020
Тәуелсіз еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына ерекше үлес қосқан, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге аянбай еңбек еткен белгілі түрколог-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Сарыбаев бұл күндері 95 жасқа толар еді... Ғалыммен қоштасуға арналған қаралы митингіде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынұлы: «Қазақстан ғылымы тағы бір көрнекті ғалымынан айырылды. Отандық ғылымды дамытуда өзіндік орны бар, тіл білімінің тарланы дүниеден озды. Келешек ұрпаққа өлшеусіз еңбек қалдырған Шора Шамғалиұлының туған тілге қылған қызметі бәрімізге үлгі болып қала береді...», – деп еді.
02 Наурыз, 2020
Әлем кубогында қола жүлде олжалады
Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Алматыдағы «Oi-Qaragai Lesnaya Skazkа» таулы курортында өткен шаңғы акробатикасынан Әлем кубогы кезеңінде үздіктер қатарынан көрінді.
02 Наурыз, 2020