Редакция таңдауы
Елорда әкімі тасқынға қарсы шаралардың барысын тексерді
Елордада су тасқынына қарсы сақтық шаралары жалғасып жатыр. Арықтарды, нөсер суына арналған кәріз жүйелерін тазарту, өзен арнасын қайта жаңарту және су реттегіш бөгет салу жұмыстары жалғасын табуда. Елорда әкімі Алтай Көлгінов су тасқыны қаупі бар ауданды қорғайтын үйінді бөгет салу жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
01 Наурыз, 2020
Солтүстік полицейлері екі мал ұрлығын ашты
Солтүстік Қазақстан полицейлері 24 ақпаннан бастап «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыстарын жүргізуде. Оған криминалдық полиция бөлінісінің қызметкерлері ведомствосының басқа да қызметтерімен бірлесе отыра, ұрлықтың алдын алу және ашуға бағытталған жұмысты жандандыра түсті.
01 Наурыз, 2020
Түркістанда «Yassawi Smart Tech» байқауы өтуде
Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өңірді цифрландыруға өз үлесін қоса алатын жаңа таланттар мен мамандарды анықтауға мүмкіндік беретін, инновациялық жобаларды қолдауға арналған, «Yassawi Smart Tech» байқауы өтуде.
01 Наурыз, 2020
Қазақстанды цифрландыруға бюджеттен 250 миллиардтан астам теңге қажет
Технологияны игеру, технологияның құлағында ойнау алдағы үш жылда тренд басымдықтардың бірегейі. Осы мәселені шешу үшін тапсырмалар берілді. Бұл бағыт – мемлекет басшысының назарында.
01 Наурыз, 2020
Топтық су құбыры субсидияланатын нысандар қатарына енгізілмеген
Ертіс ауданы әкімдігінің мәліметінше, биыл ауданда тұратын 13 мың тұрғынды орталықтандырылған құбырдан жеткізілетін сумен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жасалуда.
01 Наурыз, 2020
Әулиеатада Алғыс айту күні аталып өтті
Еліміздегі Алғыс айту күніне орай Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шара өтті. Айтулы шараға 5000 адам қамтылды.
29 Ақпан, 2020
Qazaq kuresi ассоциациасы құрылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы, Назарбаев университетте Qazaq kuresi ассоциациясының Конгресі өтті. Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен Конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi ассоциациасы құрылды. Қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Қажымханұлы Мәсімов сайланды.
29 Ақпан, 2020
Шымкентте көктемгі тазалық шарасы өтті
Шымкентте көктемгі тазалық жұмыстарына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық іс-шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілерді қамтыған 46 мыңнан аса адам атсалысты.
29 Ақпан, 2020
Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды - К. Мәсімов
Qazaq kuresi қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов алдағы оқу жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 мектеп бағдарламасына қазақ күресі вариативті негізде енгізілетінін айтты.
29 Ақпан, 2020
Қызылордада «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды
Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
29 Ақпан, 2020
Қызылорда: Былтыр кәсіптік білім алған 948 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес-қауымдастық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
29 Ақпан, 2020
Алматыда лифт мәселесіне арналған жиын өтті
Бүгін Алматыда «Қазақстан лифт саласының трансформациясы. Даму келешегі мен сын-тегеуріндер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
29 Ақпан, 2020
Ассамблея мүшелері әскери бөлімге барды
Алматының іргесіндегі Боралдай елді мекенінде орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі №2022 әскери бөлімінде өзге ұлт өкілдерінің қазақ еліне деген ықылас-алғысын көптің алдында, жариялы түрде білдіруіне мүмкіндік кездесу өтті.
29 Ақпан, 2020
Қызылорда: Шиелі ауданының әкімі тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Шиелі аудандық мәслихаты келісімімен Шиелі ауданының әкімі болып Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы тағайындалды.
29 Ақпан, 2020
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 50 отбасы өтініш берген
Баянауыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, биыл 13 ауылдық аумақта 51 есептік кездесу өтіп, барлығы 65 ұсыныс пен ескерту айтылған.
29 Ақпан, 2020
Түркістан қылмыс ең аз жасалатын облыстардың қатарында
Әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты болдырмау, экстремизммен терроризмге қарсы күрес бүгін қоғамдағы өзекті мәселе. Бұл орайда өткен жылы Түркістан облысында полиция қызметкерлері жүргізген ауқымды жұмыстардыңнәтижесінде экстремистік-террористік сипаттағы 12 қылмыс ашылған. Сондай-ақ діни сипаттағы 16 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
29 Ақпан, 2020
Маңғыстау полициясында мықты спортшылар қызмет етеді
Ел болашағы - балаларымыздың қолында. Қазіргі таңда қоғам біздің балаларымыздың болашағына алаңдаулы. Мүмкін болатын құқық бұзушылықтың алдын алу-полицияның ғана емес, бүкіл жұртшылықтың да міндеті. Жасөспірімдердің арасында теріс қылыққа жақын жасөспірімдерде жоқ емес,тіпті кейбіреулері ювеналдық полиция есебіне де тіркелген, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
29 Ақпан, 2020
Қазақстандықтар ем-дом қажет азаматқа бір күнде 19 млн теңгеден астам қаражат жинады
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Қазақ радиолары» ЖШС ұйымдастыруымен елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында «Мың алғыс» қайырымдылық кеші өтті.
29 Ақпан, 2020
Қаржылық технология – бай банктердің ғана қолы жететін құндылық
Жаппай цифрландыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар пайда болғанға дейін цифрлы технологиялардың артықшылығын түсінген салалардың бірі қаржы саласы. Соның ішінде банк секторын сандық технологияға жетелеген фактор не? Бұл сұрақтың жауабы саланы цифрландыруда белгілі бір деңгейде жол картасы болмақ.
28 Ақпан, 2020
Қарағандылық меценат мұқтаж жанға пәтер сыйлады
Кеншілер астанасында 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылған «Қазақстан – достық пен бейбітшілік бесігі» атты іс-шара аясында қарағандылық меценаттар мұқтаж жандарға сый-сияпат жасады.
28 Ақпан, 2020