Редакция таңдауы
«Ғасыр келісімі» ғасырлық қақтығысты шеше ала ма?
Еврейлер мен христиандардың Иерусалим (шумер тіліндегі «жер/йер» және семит тіліндегі «сәлем/шалом», яғни бейбітшілік сөздерінің бірігуінен «бейбітшілік жері» деген мағынаны береді), мұсылмандардың Құдыс (Арабша «қасиетті» деген мағынаны білдіреді) деп атайтын қаласы АҚШ президенті Дональд Трамптың 2020 жылдың 28 қаңтарында «Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарын» жариялауымен халықаралық саясаттың күн тәртібіне қайта келді. Жоспарға сай Иерусалим Израильдің астанасы болады және израилдіктердің палестиналықтардан тартып алған жерлері және онда салған қоныстары заңды деп есептеледі. Басқаша айтқанда, «Ғасыр келісімі» деп аталған бұл жоспар өткен ғасырда басталған Израильдің Палестинаны жұту үдерісінің жаңа бір кезеңі болып табылады.
17 Ақпан, 2020
Сақтандыру сегменті бәсекеге дайын ба?
Сақтандыру нарығы біздің халықтың тұрмыс-тіршілігіне әлі күнге дейін дендеп ене қойған жоқ. Бұл саладағы компаниялардың инвестициялық портфелі де әртараптандырылмаған. Отандық сарапшылар осы фактор компаниялардың инвестициялық тартымдылығына кері әсер етеді дегенді көптен айтып жүрген болатын. Енді осы пікірді сақтандырушы компаниялардың өкілдері де ашық айта бастады.
17 Ақпан, 2020
Еліміздің ет өндірісі ішкі нарықты толық қамтып қана қоймай, сырт елдің сұранысына жауап беруі тиіс. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қаржылай қолдаудың барлық тетігі жұмыс істеп тұр. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өткен жылдан бастап саланы демеуге қажет 100 млрд теңге қаржы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында игеріле бастады.
17 Ақпан, 2020
Р.Хаас: Қ.Тоқаев сындарлы әрі салмақты пікір білдірді
Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің президенті Ричард Хаас Президиенттің 56-шы Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясындағы баяндамасы туралы ой білдірді.
16 Ақпан, 2020
Ерлан Қарин: Әлемдік сарапшылардың Орталық Азиядағы процестерге қызығушылығы артып келеді
Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысының 56-шы Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясына қатысуы жайында ой бөлісті.
16 Ақпан, 2020
Интернет желісіндегі ақау – Президент назарында
Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
16 Ақпан, 2020
«Барыстың» арқасында «Локомотив» плей-оффқа шықты
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда өткізген жергілікті «Барыс» ресейлік «Сочи» клубын 3:2 есебімен ұтты. Соның арқасында Ярославльдің «Локомотиві» плей-оффқа жолдама алды.
16 Ақпан, 2020
Қарағанды облысында шахтадағы өрт сөндірілді
Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен алты сағат арпалысқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
16 Ақпан, 2020
Қ.Тоқаев: Қазақстанда Парламенттің күші арта түсетініне сенемін
Германия Федеративті Республикасының Мюнхен қаласында өтіп жатқан 56-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты.
16 Ақпан, 2020
Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын елордалық «Барыс» «Сочи» клубын қабылдады. «Барыс Арена» стадионында өткен тартысты бәсекеде жерлестеріміз қарсыластан басым түсті. Ойын 3-2 есебімен аяқталды.
15 Ақпан, 2020
Улы газ бен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттама ратификацияланды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
15 Ақпан, 2020
«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы хаттамаға өзгерістер енгізілді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
15 Ақпан, 2020
Қордай қақтығысынан 185 адам зардап шеккен
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында жұмыс сапарымен болып, аудандағы төтенше жағдай салдарын жою бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Жиынға жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
15 Ақпан, 2020
Алматыда «Құнанбай» кітабының таныстырылымы өтті
Алматыдағы «Мұхтар Әуезов музей-үйінде» Академик Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Әйгілі Құнанбайдың тарихи болмысын айшықтаған іргелі еңбек Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасынан «ЖЗЛ» сериясымен жарық көріп отыр. Жақында осы толымды зерттеу еңбектің тұсауы елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада кесілген болатын.
15 Ақпан, 2020
Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысып жатыр
Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында адамзат қауіпсіздігі мәселелері талқыланатын саяси маңызды шаралардың бірі – Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 56-рет салтанат құрды. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
14 Ақпан, 2020
Үлкен Алматы көлі халықаралық ТОП-5 туристік бағыттар қатарына енді
Біріккен араб Әмірлігінің Gulf News күнделікті газеті әлемдегі ТОП-20 туристік бағдарды анықтады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Ақпан, 2020
Қамбар Ахмет – «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің бас директоры
Әріптесіміз, белгілі журналист, «Egemen Qazaqstan» газетінде бас редактордың орынбасары, кейіннен «Ortalyq Qazaqstan» газетінің басшысы қызметін абыроймен атқарған Қамбар Ахмет «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды.
14 Ақпан, 2020
Өмірзақ Шөкеев: Облыс қайта құрылғалы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономика мен бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы өңірді дамыту басты міндет екенін атап өтті. Қорытынды жиынға 700-ге жуық облыс тұрғындары келді. Кездесу барысында өткен жылғы жетістіктер мен 2020 жылы алға қойылған айқын жоспарлары баяндалды.
14 Ақпан, 2020
Шайбалы хоккей: «Барыстың» алда бес ойыны қалды
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген «Барыс» плей-оффқа уақытынан бұрын жолдама алғанымен, тұрақты біріншілік барысында оларды әлі бірнеше ойын өткізеді.
14 Ақпан, 2020
Қордайда үйінді астынан өртеніп кеткен адам денесі табылды
Қордай ауданында орын алған қақтығыс салдарынан қаза тапқан адамдардың бүгінде саны 11-ге жетті. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова Масанчи ауылындағы сауда орталығын тазарту барысында үйінділердің арасынан жанып кеткен адамның денесі табылғанын, бүгінде мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
14 Ақпан, 2020