Редакция таңдауы
Бердібек Сапарбаев Қордай оқиғасы жөніндегі үкіметтік комиссияны басқара береді
Бердібек Мәшбекұлы Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияны одан әрі басқара береді. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.
11 Ақпан, 2020
Асқар Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімін таныстырды
Үкімет басшысы Асқар Мамин Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір әкімі қызметіне ұсынған Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасына бірауыздан келісім берілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
11 Ақпан, 2020
Қордайдағы оқиға бәрімізді алаңдатқаны рас. Бейбіт күнде мұнша адамның қаза табуы қайғылы жағдай. Ынтымағы жарасқан, тату ел едік. Табан астында мұндай дау туғанын түсіне алмай дал болдық. Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.
11 Ақпан, 2020
Жамбыл облысы Қордай ауданында болған кешегі жайт өзекті өртейді. Сол келеңсіздікте қаза болған жандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мен барлық қазақстандықты сабырлы болуға шақырамын.
11 Ақпан, 2020
Ел тыныштығы аса маңызды құндылық
Раббымыз қасиетті Құранда бір адам хабар әкелсе, оның байыбына бармай амал етпеуді бұйырады. Біз осыдан мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес екенін түсінеміз. Жалған ақпаратқа алданып, сезімге беріліп, біреуге қиянат жасап қою үлкен күнә екенін естен шығармаған жөн.
11 Ақпан, 2020
Жамбылда жағдай бақылауда, мәселелер реттелуде
Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған қақтығысқа байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында «Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы салдарынан арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ», деп жазған болатын.
11 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтанда «Ашық әкімдік» форматындағы азаматтарды қабылдау өтті
«Ашық әкімдік» форматындағы ашық есік күні «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов, әкім орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады.
11 Ақпан, 2020
Арман Көшкінбаев: Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу – ізгі қоғамның парызы
– Арман, «Сәлем» жобасы қалай құрылды?
11 Ақпан, 2020
Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды
2020 жылғы 6 ақпанда Бөрлі ауданының әкімдігінде ҚПО, Бөрілі ауданының мәслихаты мен әкімдігі арасында Ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
11 Ақпан, 2020
Ғылым мен инновацияға – инвестиция
Сауд Арабиясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен ғылыми-технологиялық алқап құру жобасын жүзеге асыруға қатысады. Бұл жайында университет ректоры академик Ғалым Мұтановтың Сауд Арабиясы ғылым және инновация министрінің орынбасары Нассер Мұхаммед әл-Акилмен кездесуінде келісім жасалды.
11 Ақпан, 2020
Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы айтылған пікірлері мен тұжырымдары орынды. Тарихи тамырластығы тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Әзербайжан мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығына жан-жақты қамқорлық көрсетіп келеді.
11 Ақпан, 2020
Қабылданған шаралар тиімділігін көрсетуде
Гендерлік теңдік – жынысы бойынша кемсітуге тыйым салу туралы Ереже Қазақстан Конституциясында бекітілген. Қоғамның заманауи даму талаптарына сай гендерлік бағытта «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен және тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктер туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» арнайы заңдар қабылданып, іске асырылуда.
11 Ақпан, 2020
Жер үлесін аукцион арқылы сату тоқтатылды
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы Айыртау ауданындағы «Жарқын СК» ЖШС қатысушылары болып табылатын 883 шартты жер үлесін ұстаушылар (үлескерлер) құқықтарының бұзылу фактісі анықталғанын хабарлады.
11 Ақпан, 2020
Бұл – адалдық пен әділдік үшін күрес
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі ретінде мемлекет пен қоғамның дамуына зор кедергі келтіріп отырған жемқорлыққа қарсы жүйелі де ымырасыз күрес жүргізу қажеттігін атап көрсеткені жайдан-жай емес. Президент мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұдырықтай жұмыла білуі керектігін 2019 жылғы 2 қыркүйек күнгі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ» деп тағы да пысықтап, нақтылап, атап көрсеткен болатын. Сондықтан да бұл мәселе, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, еліміздің әр азаматының ел алдындағы, тәуелсіздік алдындағы парызы деп білгеніміз жөн.
11 Ақпан, 2020
Маңғыстауда көгілдір отын мәселесі «тұтана» бере ме?
Маңғыстауда газ мәселесі тұтанғанына аз болған жоқ – біресе, газ жетпей көліктер таңды таңға ұрып стансалар алдына кезекке тұрса, енді бірде газдың бағасы құбылып, тұрғындардың ығырын шығарды.
11 Ақпан, 2020
Артур ван Дизен: Цифрландыру ісінде бағытымыз бір
Таяуда Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Артур ван Дизен ЮНИСЕФ пен ел Үкіметінің инновациялар мен цифрландыруды енгізу бойынша бірлескен жұмыстары туралы айтып берді. ЮНИСЕФ пен Қазақстан Үкіметінің ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі – балалардың құқықтарын қорғау ісіне инновацияларды енгізу.
11 Ақпан, 2020
«Қалтадағы ХҚО» қағидасының игілігін пайдаланып отырмыз ба?
Уақыт әкелген игіліктің бірі – ақпараттық технологиялар. Оны күнделікті тіршілігімізде сауаттылықпен кәдеге жарату – қолдағы түрлі гаджеттерді толығымен ақтаған болар еді. Әлі де болса көпшіліктің әрі-бері сандалмай, шаруасын үйде отырып-ақ тындыруды толығымен үдеріске айналдыру көкейкестілігін жойған жоқ. Олай болса, «Цифрлы Қазақстан» бастамасына қатысты мегаполисте қандай ілкімді істер бар?
11 Ақпан, 2020
1957 жылы Құрманғазы оркестрінің ізінше Ахмет Жұбановтың ықпалымен, қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың тапсырмасымен Атырауда Д.Нұрпейісова атындағы облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі құрылды. Бүгінде республикадағы ірі мәдениет ошағының бірі саналатын ұлы күйші-композитор Дина атындағы ұлт аспаптар ұжымының осы деңгейге жетуінде оның бастауында тұрған тұлғалардың еңбегі зор.
11 Ақпан, 2020
Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
10 Ақпан, 2020
Ішкі істер министрі Президентке Қордайдағы ахуалға қатысты есеп берді
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралар жайында есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
10 Ақпан, 2020