Редакция таңдауы
Мінеки, біраздан бері қоғамның қызу талқысына түскен «Педагог мәртебесі туралы» заң қолданысқа енгізілді. Құжаттың ресми жарияланғанына 2 аптадан аса уақыт өтсе де көпшілік қауымнан, әсіресе ұсыныстар беру мен ойын ортаға салуда мұғалімдер тарапынан бұған дейін болған белсенділік байқалмайды. Неге?
13 Қаңтар, 2020
Бублик бабында екен: Тейлор Фритцті тізе бүктірді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Аделаида (Аустралия) ATP турнирін сәтті бастады деп хабарлайды egemen.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
12 Қаңтар, 2020
Алматы облысында төменгі жалақы алатын 205 500 адамның айлығы көбейді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысындағы кәсіпорындардың 100 000 жұмысшысы мен бюджеттік ұйымдардың 102 000 қызметкері және атқарушы салада еңбек ететін 3 500 адамның жалақысы өскен.
10 Қаңтар, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді қабылдады
Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
10 Қаңтар, 2020
Стипендияға 10 педагог ие болды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «ІІ Global Teaching Qazsaq» халықаралық форумына Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан және Түркия елдерінен келген білім саласының білікті мамандары қатысты.
10 Қаңтар, 2020
Шәкіртақының көбеюі студенттерді шаттандырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай жаңа жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көбейді.
10 Қаңтар, 2020
«Egemen Qazaqstan» газетінен еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты аса бір көлемді, терең мақаласын оқып шықтым. Оқып шықтым да Абай турасындағы ой тереңіне үңілдім.
10 Қаңтар, 2020
Әлемдегі қай халық та өзінен шыққан ұлы тұлғаларды ардақтайды, құрметтейді, әспеттейді, олардың ерен еңбегін ескеріп, есімін елді мекендерге, қалаларға беріп, еңселі ескерткіштерін орнатып жатады. Біз де солай етеміз. Жаны жырға жақын, әнге әуес, күйге құмар қазақ әсіресе сөз бен сазға келгенде қадірлісінен, қасиеттісінен құрметін аяп қалмайды.
10 Қаңтар, 2020
Аттракциондар қауіпсіздігі қатаң қадағаланса игі
Соңғы уақытта елімізде аттракциондарға байланысты тосын оқиғалардың жиілеп кеткені жасырын емес. Бұл адамдардың салғырттығы ма, әлде қауіпсіздік мәселесінің қалтарыста қалып бара жатқанын көрсете ме? Осындай жағдайдың бірі жаңа жылдың алғашқы күндерінде Алматыда болып, «Көктөбе» саябағына серіппелі әткеншекке ойнаймын деп келген жасөспірім абайсызда мертігіп қалды.
10 Қаңтар, 2020
Қасқа жолдағы Қарабалық кемпингі ауылдағыларға жұмыс беріп отыр
Қазір Қарабалық ауданын тек Қазақстан емес, одан тысқары жерлер де біліп қалды десек, артық кете қоймаспыз. Осыдан бақандай бес жыл бұрын бой көтерген кемпинг сонау Алатаудан басталып, Арқаны басып өтіп, Ресейдің ішкі жағына дейін созылатын Алматы – Екатеринбург тас жолымен жүретін жолаушылардың есіне алдымен Қарабалықты түсіреді.
10 Қаңтар, 2020
Тағдыр тауқыметін балалар неге тартуы тиіс?
Отбасы құндылығының төмендеуі, жасөспірімдер тәрбиесіндегі олқылық, ажырасудың көбеюі, тастанды баланың тағдыры қоғамдық деңгейде көпшілік талқысына салынуы керек сияқты. Өйткені бұл мәселені бір ғана әлеуметтік топтың проблемасы деп қарастыру жақсылыққа апармасы анық. Енді осы мәселелерді жергілікті жердің мысалында таратып көрсек.
10 Қаңтар, 2020
Дмитрий Поляков: Тоғызқұмалақ ойнаңдар!
Қостанайда әдемі бір шара өтті. Тоғызқұмалақтан еліміздегі тұңғыш спорт шебері, Қазақстанның 9 мәрте чемпионы Дмитрий Поляковтың 90 жасқа толуына орай облыстық ашық турнирге республикалық жарыстарда оның өзімен бірге ойнаған, бәсекелес, әріптес ардагер тоғызқұмалақшылар шақырылыпты.
10 Қаңтар, 2020
Желтоқсан айының соңғы күндері Жаңаөзен қаласының бір топ тұрғыны өздерінің талап-тілектерін жоғарыға жолдап, желілерге жүгініп, дүрлігіс тудырды. Мәселенің мән-жайы баспанаға қатысты екен. Жаңаөзен қаласында апатты деп танылған қос үй – «Шаңырақ» шағын ауданындағы 43-ші және Абай-59-шы үйлердің тұрғындары бір жыл бұрын өз меншіктеріндегі үйлерін әкімдік құзырына аударып, апатты үйлерді босатып шыққан болатын. Бүгінде Жаңаөзен қаласының әр шағын ауданында әкімдік берген үйлерге қоныстанған олар бұл үйлердің жекешеленбейтінін енді біліп, айран-асыр қалып отыр.
10 Қаңтар, 2020
Елбасы Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
09 Қаңтар, 2020
Әділ Ахметов: Абайдың тағылымдарын бірінші орынға қою керек
Бір ғасыр бұрын халқымызға жөн сілтеген Абайдай тұлғаның тағылымы бүгінгі күнде де маңызын жоймады. Білім мен ғылымға шақырған оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы айқын көрініс табады. Осы орайда Мемлекет басшысы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасының елімізге тигізер пайдасы зор деп есептейді. Президент Абайдың ой-тұжырымдарын негізге ала отырып мемлекетімізді дамыту керек екенін айтады.
09 Қаңтар, 2020
Бүркітбай Аяған: Абайды әлемге таныту үшін аударма ісіне мән беру керек
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ғелманұлы Аяған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына қатысты пікір білдірді.
09 Қаңтар, 2020
Ербол Тілешов: Абайды философ, ұлы ойшыл деңгейінде тануымыз керек
Бұл туралы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласына қатысты пікірінде айтты.
09 Қаңтар, 2020
Президент «Egemen Qazaqstan»-да жарияланған мақаласымен бөлісті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен Twitter парақшасында бөлісті.
09 Қаңтар, 2020
Абай туындылары барлық бояуын сақтай отырып аударылуы тиіс - Президент
Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында нағыз ұлт ақындарын өзге тілдерге аудару – оңай шаруа емес екендігіне назар аударды.
09 Қаңтар, 2020