Редакция таңдауы
Роман Скляр Тило Клиннермен кездесті
Елшімен кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері, неміс инвесторларымен инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс тобының қызметі, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қаңтар, 2020
Үкімет басшысы ірі автожол жобаларын биыл аяқтауды тапсырды
Премьер-Министр А. Мамин 2020 жылы ірі автожол жобаларын іске асыруды аяқтауды тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
17 Қаңтар, 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры тағайындалды
Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
17 Қаңтар, 2020
Алдағы аптада астананың ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» мамандары елорданың демалыс күндері мен алдағы аптадағы ауа айының болжамын жариялады.
17 Қаңтар, 2020
Ақмола облысында жастарға Абайдың «толық адам» концепциясы түсіндірілді
Ұлы Абайдың тойы – ел тойы. Облыс орталығында Nur Оtan партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері алғашқы отырысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына арнап өткізді.
17 Қаңтар, 2020
Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Қаңтар, 2020
Алматы облысы аумағында энергия құны тағы да қымбаттады
Алматы қаласы мен облысының аумағына электр энергиясын тарататын «АлматыЭнергоСбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 қаңтардан бастап қуат құнының қымбаттағанын хабарлады.
17 Қаңтар, 2020
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды.
17 Қаңтар, 2020
Транзиттік тасымалдаудан 450 млрд теңге табыс тапты
Қазақстанның транзиттік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалану бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың қорытындысында Қазақстан арқылы тасымалданған транзиттік жүк көлемі 19,4 млн тоннаға жетті.
17 Қаңтар, 2020
Шаһар құрылысына үлес қосқым келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы бастамасын алғаш естігенде осы жобаға қатысып, бағымды сынап көремін деп талаптандым. Қазір бұл сынақтың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, еліміздің білімді, білікті, жігерлі 300 жас азаматының қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Кадр резервіне үмітті болған 13 мыңнан аса жастың бәрі жалындап тұр. Олардың арасынан ең мықтылары суырылып шықты. Сондықтан барынша ашық және әділ өткен іріктеудің нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласының жұмысы айтарлықтай ілгерілейтініне сенемін.
17 Қаңтар, 2020
Еліміз тәуелсіздігінің әрбір кезеңдерінде биіктерден көрініп, экономикалық қуатының, әлеуметтік сапасының, саяси тұрақтылығының артуын қамтамасыз ету бағытында дамып келеді. Бұл орайда руханият саласына да айрықша мән берілуі қалтарыста қалған емес. Соның ішінде Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама жалпы қоғамдық серпін беріп отырғаны баршамызға аян.
17 Қаңтар, 2020
Сенат Трампқа импичмент жариялай ма?
Өкілдер палатасы АҚШ президенті Дональд Трампқа жарияланған импичмент құжатын ресми түрде Сенатқа тапсырды. Енді жоғарғы палата өкілдері Ақ үй басшысының тағдырын майшаммен қарамақ.
17 Қаңтар, 2020
Бірыңғай қуаттағыш шығаруды міндеттемек
Еуропарламент бүкіл ұялы телефон өндірушілерді бірыңғай қуаттағыш шығаруға міндеттемек. Бұған бүкіл смартфондар, планшеттер мен электронды кітап оқитын құрылғының бәрі кіреді. Қазіргі таңда әр компания түрлі қуаттағыш шығаратыны белгілі.
17 Қаңтар, 2020
Оқушылар – Олимпиада жүлдегерлері
Облыстық «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, 8-14 қаңтар аралығында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен ХVI халықаралық Жәутіков олимпиадасына әлемнің 21 елінен 599 қатысушы келіп, Павлодар облыстық командасы 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медальға ие болды.
17 Қаңтар, 2020
Ұстаздың қоғамдағы беделіне бәріміз жауаптымыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» Заң күшіне енді. Осы орайда аталған құжатты дайындауға белсенді атсалысқан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл МҰҚАШЕВАМЕН әңгімелескен едік.
17 Қаңтар, 2020
Егер еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жалпы инвестициялық жағдайына келетін болсақ, өткен жылдың тамыз айындағы мәлімет бойынша Қазақстанға әлемнің 120-дан астам елінен 330 млрд АҚШ долларының тікелей шетелдік инвестициясы тартылды.
17 Қаңтар, 2020
Елбасы Ибрагим Жаңғоразовтың жақындарына көңіл айтты
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Қаңтар, 2020
Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Кездесу барысында сот жүйесіндегі реформаларды іске асыру аясында қабылданған іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Қаңтар, 2020
А. Мамин мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен мал шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Қаңтар, 2020