Редакция таңдауы
Таңбалар әлеміндегі мәдени жарылыс
Белгілі француз ойшылы Леви-Стросстың «ХХІ ғасыр – гуманитарлық ғылымның ғасыры болады, әйтпесе ол мүлде болмайды» дегені бар. Ал Тарту-Мәскеу семиотикалық мектебінің негізін қалаушы Юрий Лотман болса, «Адамзаттың зияткерлік тарихы – адам жады үшін күрес» дей келе, бұл мәселеге одан да кеңірек қарайды.
08 Қараша, 2019
Нақты экономикаға апаратын жол
Қазақстан 90-шы жылдардың бірінші жартысындағы экономиканың толық құлдырауынан осы жылдардың екінші жартыжылдығынан бастап экономиканың тұрақтануы мен өсіміне бет алған ауыр жолдардан өтті. Осы кезеңдерде шикізат саласына басымдық беріліп, соңғы онжылдықта экономиканың өңдеу секторы қарқын алып, өндірісті әртараптандыру жолға қойылды.
08 Қараша, 2019
Мен ауыл шаруашылығы саласының маманымын, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы саладағы түрлі жауапты лауазымдарда қызметтер атқардым. Елімізде Абайдың 175 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталатынын естіген соң, өз ой пікірлерімді ортаға салғым келді. Мен мұны қазақтың рухани тұрғыда шыңдалуына бағытталған өте маңызды мемлекеттік шара деп білемін.
08 Қараша, 2019
Гильгамеш – Аккад-Шумер эпосының түркі әлемімен байланысы
Театр – бүгінгі адамдардың өмірінің үйреншікті атрибуттарының біріне айналды. Кез келген адам театр кассасына келіп, билет сатып алады. Белгіленген уақытта ойын басталып, көрермен өзі қалаған қойылымды тамашалап қайтады. Ертең де солай. Бүрсүгіні де. Ол үшін театр өмірдің бөлінбес бір бөлігі. Қоғам болғасын, мемлекет болғасын оның театры болуы тиіс. Адамдар бұған әбден үйренген.
08 Қараша, 2019
Субсидия төлеу ісі созылмаса екен
Бүгінде мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдауға ең алдыңғы кезекте өңірдегі мал өсірумен айналысатын агроқұрылымдар зәру. Осы мақсатта берілетін субсидиялық қаражаттың уақытында төленбеуі облыстағы бірқатар шаруа қожалықтарының дамуына кедергі келтіріп отыр.
08 Қараша, 2019
Үндістанның солтүстігінде ауаның ластану деңгейі экстремалды сипат алып, бұл бүкіл Азия қалаларындағы ауа сапасына назар аудартты. Бұл туралы ВВС жазады.
07 Қараша, 2019
«Сарбаз» газеті 90 жылдығын атап өтіп жатыр
Бүгін еліміздің басты әскери басылымы «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетіне 90 жыл толды. Дәл осы күнді қазіргі редакция ұжымы басылымның негізін қалаған, басылымда материалдары жарық көрген қаламы қарымды журналистерді еске алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Қараша, 2019
Түркі әлемінің мәдени астанасына айналады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбековтың "Елбасы және түлеген Түркістан» атты мақаласын бір деммен оқып шықтым. Мұнда тарихи қаланы түрлендірудің маңыздылығы мен Елбасының тарихи шешімінің мәні егжей-тегжейлі түсіндірілген.
07 Қараша, 2019
Қостанайда жазушы-журналист Байтұрсын Ілиястың 80 жылдығы аталып өтті
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде жазушы, ақын, журналист Байтұрсын Ілиястың туғанына 80 жыл толғаны аталып өтті. Оған Байтұрсын ағаның замандастары, қаламдастары, шәкірттері мен студенттер қатысты.
07 Қараша, 2019
Жаңа әліпбиге қатысты тіл мамандарының ортақ тұжырымы талқыланды
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру тапсырмасын орындау мақсатында Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның Қазақ тілін латын графикасына көшіру жөніндегі жұмыс тобы, Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Назарбаев Университеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, т.б. республиканың басқа жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының тіл мамандары «Қазақ тілінің жаңа әліпбиі: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық дөңгелек үстелде ғалымдар баяндама жасап, жаңа әліпби мәселесін жан-жақты талқылап, ортақ шешімге келді.
07 Қараша, 2019
«Егемен Қазақстан»: 50 жыл бұрын 50 жылдыққа келгендер
«Социалистік Қазақстан» газетінде әр жылдарда жұмыс істеген қызметкерлердің үлкен бір тобы газеттің тұңғыш номерінің жарыққа шығуына 50 жыл толу мерекесі қарсаңында редакцияда бас қосып, қызғылықты естеліктерін ортаға салды.
07 Қараша, 2019
Twitter саяси жарнамаға тыйым салды
Twitter-дің бас директоры Джек Дорси 30 қазан күні 2019 жылдың қараша айының соңында платформада саяси жарнамаға тыйым салынатынын мәлімдеді. Яғни, енді әлеуметтік желі қолданушылары кампаниялардың жарнамасы мен белгілі бір саяси проблемаларды көрмейтін болады. Осы орайда «Twitter саяси жарнамадан бас тартты, бұл әлеуметтік желінің саясатқа әсеріне қалай әсер етеді?» деп жазады vox.com.
07 Қараша, 2019
Ақтауда 9632 адам үй кезегінде тұр
Олардың арасында ІІ Дүниежүзілік соғыс мүгедектері мен қатысушылары саны 1 болса, 569 – жетім бала, ал 3 477 – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар. Сондай-ақ 21-і жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар болса, 5 564-і мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және т.б.
07 Қараша, 2019
Медицина саласын цифрландыру мүмкіндіктері
Кез келген дамыған мемлекет тек бизнес, өндіріс саласымен ғана емес, сонымен қатар медицина саласының даму деңгейімен өлшенеді. Қазақстан дамыған мемлекеттердің қатарына кіруді мақсат еткеннен бері медицина саласында жыл сайын көптеген өзгерістерді байқауға болады.
07 Қараша, 2019
Қазақстанда роботтехника енді дамып келе жатқан жас саланың бірі. Бұл саланың қалыптасу тарихы да қызық. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында роботтехника саласы қарқынды дамып, тіпті бұл тақырып әдеби шығармаларда да көріне бастады. Ағылшын жазушысы Мэри Шеллидің «Франкенштейн», Чех жазушысы Карл Чапектің «R.U.R.» сынды туындылары соның айғағы. Сахналарда фантастикалық туындылар қойылды. Осылайша бірте-бірте «робот» термині әдебиеттен ғылым мен техникаға ауыса бастады.
07 Қараша, 2019
Түріктің атақты сатирик жазушысы Әзиз Несиннің шығармалары қазақ қоғамына жазушының көзі тірі кезінде ақ етене болды. Әзиз бейді біздің қаламгерлер бастапқыда орыс тілінен аударған болса, соңғы жылдары тікелей түрік тілінен аударушылар да бар.
07 Қараша, 2019
Әр күніміз әлеуметтік желіге байлаулы заманда балалардың бойында кітап оқуға деген құштарлықты тудыру қиынның қиыны. Қазір бесіктен белі шыға сала сәбидің қолына ұялы телефонды бере салуды әдетке айналдырғанымызды несіне жасырайық. Жас аналар үйдің тірлігімен айналысып, баланы алдансын деп қолына гаджетті де қыстыра салады.
07 Қараша, 2019
Балқар халқының ұлы ақыны – Кязим Мечиев
...1999 жылдың күзінде Талдықорған қаласына солтүстік Кавказдағы Кабардин-Балкар республикасынан арнайы делегация ұшып келіп, екі ел арасындағы келісім бойынша Қаратал ауданындағы ескі зираттардың бірінен Балкар халқының ұлы ақыны Кязим Мечиевтің сүйегін қазып алып, қараша айының бірі күні, таңғы сағат алтыда өз елдеріне қарай ұшып кетті.
07 Қараша, 2019
Қазақстандықтар қандай көлікті таңдайды?
Автокөліктің қуаты қозғалтқыш көлеміне тәуелді екені белгілі. Қозғалтқышының қуаты жоғары болса, темір тұлпар да желісті, жүрдек болмақ. Сәйкесінше көлемді қозғалтқыштардың жағатын отынының көлемі де көбірек және салық мөлшерлемесі де жоғары, ең бастысы, бұл көлік құнына да тікелей әсер етеді.
07 Қараша, 2019
Жыршы-термешілер байқауы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.
07 Қараша, 2019